(Ө, К) Оқушылардың графикалық редактордағы пішімдерге ұқсас құралдарды табуын ұсыныңыз.
(Ө, Қ) Оқушыларға әртүрлі пішімдерді пайдалана отырып, ерекше ғимараттың суретін сала алатындай мүмкіндік жасаңыз.
Тапсырманы орындау барысында кез келген кескін, қарапайым геометриялық пішімдерден тұратыны жайында оқушылардың есіне салыңыз. Қажет болған жағдайда оқушыларға сызықты аяғына дейін салуына рұқсат беріңіз. Жұмысқа арналған құралды қалай таңдауға болатынын көрсетіңіз.
Пішімді қалай жасауға болады? Оқушыларға пішімдерды жылжытуға болатынын ескертіңіз.
Тапсырманы орындар алдында оқушылармен бірге бағалау критериясы жайында талқылап алыңыз. Тапсырманы орындауға қиын болған оқушыларға бастаған суреттерің аяқтауды ұсыныңыз. Аяқтауға міндетті ғимарат кескіні бар файлды алдын-ала дайындаңыз. Оқушылардың компьютерде суретті сақтауын сұраңыз. Файл аты мен сақталған орнына көңіл аудартыңыз. Қажет болған жағдайда қолдау көрсетіңіз.
(Т) Оқушыларға «Ерекшелікті тап» деген тапсырманы ұсыныңыз.
Жетпейтін элементтер суретін салу үшін қандай құралдарды пайдалануға болатыны жайында талқылауды ұйымдастырыңыз.
(Ө) Оқушылардан алдыңғы тапсырмадағы файлды ашып сурете жетіспейтін элементтерді толықтыруын сұраңыз.
(Ж, К) Суретті бояу кезінде бояу сұлба сыртына шығып кеткен жағдайды ұсыныңыз. Неге олай болғандығы жайында талқылаңыз. Бұл жағдайды орнына келтіру үшін оқушылардаң бірнеше шешімдер ұсынуын сұраңыз.
(Ө, Қ) Оқушыларға «Әшекейлеуші» практикалық тапсырмасын ұсыныңыз. Оқушылар ашық түсті сұлбамен суретті бояуы қажет.
Бір-бірінен кейбір элементтерімен ерекшеленетін 2 кескінді алдын-ала дайындаңыз. Бұл кескіндердің бояусыз болғаны дұрыс. Ары қарай оқушылар кескінді өздері бояу қажет.
Суреті бар файлдарды алдын-ала дайындаңыз. Оқушыларға құралдардың күйін келтіру мүмкіндігін көрсетіңіз.
(сызықтар қалыңдығы, қылқалам түрлерін өзгерту). Компьютер алдында жұмыс жасау барысында оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауына көңіл бөліңіз.
«Масштаб» құралын пайдалану мен әрекетті болдырмау мүмкіндігін көрсетіңіз. Суретті файлдарды дайындау кезінде, кейбір суреттегі контурдың жабылып қалмауын қадағалаңыз. Бояу кезінде суретті толық бояуды ұмытпаңыз. Осы тапсырманы орындауда оқушылар соңғы әрекетті болдырмау және кескін масштабын үлкейтуді үйренеді.
Суретті өңдеу (Ұ) Оқушыларға бірнеше тапсырмалар тізімі суреттер ұсыныңыз. Суретте берілген тапсырмалардың атын атауды ұсыныңыз. Ең биік, әрі ескі ғимаратты анықтау. Оқушылардан бұны қайдан білгенін талдауды сұраңыз. Суретке жазбалар жасау қажеттілігі туралы талқылауды ұйымдастырыңыз.
(Ж) Оқушыларға «Үй жоспары» тапсырмасын орындауын ұсыныңыз. Әр жазбаға арналған орынды анықтауды сұраңыз. Қажетті орынға жазбаны орналастыру тәсілі жайындағы талқылауды ұйымдастырыңыз.