3.2.2.1
|
қарапайым графикалық редактордық құралдарын қолдану
|
Графикалық редактордағы пішімдер
(Ұ, К, Қ) Сабақтың басын табиғаттағы ою-өрнектерді көрсетуден бастаңыз. Мысалы, көбелек қанатын, терезедегі қырау, саусақтардың ізі, т.б.. Оқушыларға осы суреттерді қарастыруын ұсыныңыз. Ою өрнектердің қандай геометриялық пішіндерден тұратының талқылауға салыңыз. Өмірлік тәжірибелерінен геометриялық пішіндерге ұқсайтын өрнектерді сұраңыз.
(Ұ, Қ) Оқушылардан осындай өрнектерді графикалық редактордың құрал-саймандарын қолданып қалай салуға болатынын сұраңыз. Жетектеуші сұрақтар арқылы графикалық редактордың құрал саймандарын қолданып өрнектерді салу үшін пішіндерді қолдану қажетекеніне келіңіз.
(Ө, Э) Оқушылардан графикалық редактор құралдарын қолдана отырып өрнектерді салуларын сұраңыз. Сондай-ақ графикалық редактордың барлық құрал-жабдықдарын қолдануын ұсыныңыз.
(Ж, Қ) Бірін-бірі бағалауды ұйымдастырыңыз. Оқушылар алдағы уақытта бір-біріне кері байланыс беруді қамтамасыз етулері қажет.
Оқушыларға жұмыстарын сақтауын сұраңыз.
|
Өрнектері бар суреттер дайындау
Жауап алу үшін жетектеуші сұрақтар дайынданыз.
Геометриялық пішіндерден тұратын өрнек дайындау. Бұл тапсырманы топта ұсынған тиімді болады.
Мұғалім бағалау кезеңінде жұмысты сақтауына аса көңіл аударады.
Бұл сабақ математика пәнімен байланысты (пішін).
Тапсырмалар ұсынған кезде дифференциация жүргізу. .
|
|