3.3.1.1
3.2.1.3
|
нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану
құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою
|
Ақпаратты іздеу
(Ұ,Т) Оқушылардан таныс танымал тұлғалардың есімін және әр қайсысы немен танымал болғанын сұраңыз. Осылайша, бір-бірімен ақпарат алмасқандығы туралы айтыңыз. Ақпаратты тағы да басқа қандай жолдармен алуға болатының сұраңыз. Ғаламтордың анықтамасына көшіңіз.
(Т) Оқушыларға әр түрлі браузерлердің белгішелерін көрсетіңіз және ұсынылған программалар не үшін қолданылатынын сұраңыз. Қандай ақпаратпен жұмыс істей алатынын, оқушылардан түсіндіріп беруін сұраңыз.
(Ұ, К) Қандай браузерлермен жұмыс жасайтының көрсетіңіз. Оны қолдана отырып ақпаратты іздеу әдістерін көрсетіңіз. Берілген тізімнің ішінен сілтемені қалай таңдау керек екендігін талқылаңыз.
Қандай жұмыс атқару керек екендігің түсіндіріңіз.
Мысал ретінде бір танымал тұлға туралы ақпарат іздеу ретін көрсетіңіз. Мәтіннің керек үзіндісін қалай бөліп алуға болатынын көрсетіңіз және оны көшіріп, қойып қиып алыңыз.
(Ж, Қ) Оқушыларға танымал тұлғаның аты-жөні және сұрақтар тізімі жазылған кәртішке ұсыныңыз. Сол сұрақтарға олар жауап іздеу керек. Бұл жұмысты атқару үшін уақыт бөліңіз.
(Ұ) Оқушылардан ақпаратты іздеу кезінде немен танысқаны туралы және қалайша бұл ақпаратты қолдана алатыны туралы айтып беруін сұраңыз.
(Ұ, Ж) Оқушыларға проблемалық мәселе ұсыныңыз: Қазақстанның белгілі адамдарына кәртішке дайындаңыз. Осындай кәртішкінің безендіру мысалдарын көрсетіңіз. Дәл осындай түрде ақпаратты желіден тауып алуға болатындығын талқылаңыз.
|