10 сынып
|
Бөлім 5: Форманы түрлендіру
|
|
Ұсынылатын алдыңғы білімдер
|
|
Оқушылар геометриялық денелердің формаларының қалыптасу қағидалары мен негізгі заңдылықтарын, әртүрлі жазықтық (көпқырлы және қисық беттер) түрлерін, көріністердегі жаймасы мен жазылмайтын жазықтықтардың ерекшеліктерін біледі. Қарапайым геометриялық денелердің жайма сызбаларын орындайды. Заттың формасын қалыптастыруға шешімдер ұсынады.
|
|
Тілдік мақсат
|
|
Оқушылар үшін тиісті академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсатқа төменде мысал келтірілген.
|
|
Пән бойынша оқыту мақсаты
|
Пән бойынша оқыту мақсаты
|
Пән бойынша оқыту мақсаты
|
Пән бойынша оқыту мақсаты
|
|
Заттың кеңістіктегі орнын ауыстыру арқылы формасын түрлендіруді орындау.
|
Оқушылар:
Заттың кеңістіктегі орнын ауыстыру арқылы формасын түрлендірудің шешеімін түсіндіру; біледі.
Форманы жетілдіру әдістерін ұсыну.
|
Форманы түрлендіру;
Құрамдастыру;
Кеңістіктегі орны;
Қайтақұру;
Кеңістіктегі өзара байланыс.
|
Заттың формасын түрлендіру үшін...
алып тастау жолдары арқылы форманы өзгерту үшін...
Осы тетіктің бөлшегін ауыстыруды ... ұсынамын.
Берілген форманы түрлендіру ... мүмкіндік береді.
|
Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін, сондай-ақ академиялық тілді оқытуға жататын тілдік оқыту мақсаттары жөніндегі қосымша нұсқаулар үшін жоғарыда «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.
|
Қысқаша шолу
|
Бұл бөлімде оқушылар бөліктерді жою және қысып шығару әдістері арқылы заттың формасын түрлендіруді, заттың кеңістіктегі орның және бөліктерінің өзара қатынасын ауыстыру арқылы формасын түрлендіруді орындайтын болады. Сызба құралдарымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасын сақтау.
|