Дербес білім беру ұйымы графика және жобалау


Заттардың (геометриялық денелер) формаларын құрастыру



бет27/37
Дата15.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#68255
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Заттардың (геометриялық денелер) формаларын құрастыру
(Ұ) Оқушыларға «құрастыру» сөзінің мағынасын талдауды ұсыныңыз. Мысалға, қарапайым заттың әртүрлі әдістерін және формаларды өзгерту шешімдерін, заттың мақсатын, заттардың функциональды қолдануына қажетті элементтерді қарастырыңыз.
(Ө) Тәжірбиелік жұмыс орындау. Мысалы:

  • Заттың салмағын жеңілдету мақсатында жаңа элементтерді (тесік немесе ойық) еңгізу жолдарын қолданып, бөлшектердің пропорциясын және негізгі жалпы формасын сақтап, құрылымына өзгерістер жасау.

  • Симметриялы форма (көріністің графикалық құрылымы өзгеруі мүмкін тапсырмалар) беру үшін элементерін немесе кейбір бөлшектер бөлігін ойша өзгерту керек.

  • Берілген заттың функционалды сапасын өзгерту мақсатында элементтермен толықтыру.

  • Заттың функциясы бұзылмайтындай етіп, дизайның жақсарту үшін формасын өзгерту.

(Ө) Оқушыларға қызықты тапсырмалар орындауды ұсыныңыз. Мысалы:

  • Заттың берілген көрінісіне қарап заттың жалпы көрінісінің бірнеше нұсқаларын орындау;

  • Берілген қима арқылы затты анықтау;

  • Ұсынылған сызба арқылы сымды майыстыру.

Оқушылардың құрастыру элементтеріне байланысты шығармашылық қабілеттерін және арнайы шеберліктерін дамыту үшін, өздігімен шешім қабылдауларына бағытталған тапсырмаларды таңдауды ұсыныңыз
Белгілі бір уақыт ішінде жеңілдетілген шешім қабылдауға жасырын түрде ойға салу шарты болуы тиіс

Тапсырма оқушыларға белгісіз техник-технологиялық мәліметтер мазмұнында болмауы тиіс


Мынандай тапсырмалар болуы мүмкін:
Нысанға жаңа элементтер енгізу.
Нысанға жаңа өзгерту енгізу
Элементтің геометриялық өлшемдерінің жаңаша үйлестіру
Белгілі нысанды жаңаша түрде қолдану
Эвристикалық және қызықты тапсырмалар орындау үшін, көпвариантты шешімі бар тапсырма түрін таңдауды ұсынамыз.
Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 2 сағат ұсынылады.

Жұмыс дәптері, сызба жабдықтары.

В. А. Гервер «Творчество на уроках черчения» Москва изд. Владос 1998


И.А.Воротников «Занимательное черчение»
Москва «Просвещение» 1990







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет