Форманы құрылымдау
|
10.4.3.1
Жазылатын және жазылынбайтын беттердің кескіндерінің ерекшеліктерін білу және түсіну
10.4.3.2
Қарапайым геометриялық денелердің жазбасының сызбаларын орындау
|
Геометриялық денелер (заттардың) беттерінің жазбалары.
(Ж) Оқушыларға топтасып немесе жұптасып, заттардың жазбасы бойынша жинақтауды ұсыныңыз.
Оқушылар «жазба» туралы ұғымын қалыптастырады.
Оқушылармен талқылаңыз:
Жазба сызбаларын қандай мақсатта орындайды?
Жазба сызбаларын орындауда қандай ережелер сақталуы керек?
Айналадағы барлық заттардың жазбасын орындауға бола ма? Неге?
(Ө) Оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсыныңыз. Мысалы: айналмалы денелердің жазбасын тұрғызу үшін нұсқаулықтарды пайдалану.
(Ө) шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі бұйымдарға арналған қаптамалардың жазбаларын орындауды ұсыныңыз. (ойыншықтар, кондитерлік бұйымдар және т.б.)
|
Сабақ алдында қарапайым заттар жазбаларының үлгілерін дайындап алыңыз.(текше параллелипед)
Әртүрлі геометриялық денелердің салуларын қарастыруды ұсынамыз. (призма, айналу денесі)
Саралау үшін оқушыларға қиық геометриялық денелердің жазбаларын орындауға тапсырмалар беруге болады (призма, пирамида, конус және т.б.).
Ескерту:
Тақырыпты игеру үшін 2 сағат ұсынылады.
|