Ақпаратты визуализациялау құралдары
|
10.1.2.1.
Негізгі сызба құрал- саймандарын білу
10.1.2.2.
Графикалық жұмыстарды орындағанда сызба құрал- саймандарымен жұмыс жасаудың тәжірбиелік дағдыларын көрсету
|
Негізгі сызба құралдары, жұмыс әдістері және жұмыс орнын ұйымдастыру.
(Т) Оқушыларға топпенен сызбаны орындауға қажетті аспаптар мен құралдарды анықтауды ұсыныңыз.
Егер топ қажетті аспаптарды толықтыра жауап бере алмаса, онда толықтыруды сыныпқа ұсыныңыз.
(Т) Оқушыларға басқада сызба аспаптары бар екендігін айтыңыз. Мысалға: рейсшина, лекала, өлшеуіш шеңберсызар, және т.б.
(ОТ)Оқушыларға әртүрлі жұмсақ және қатты қарындаштармен сызықтар жүргізуді тапсырыңыз және өздігімен қарындаштардың таңбалау мәнін анықтатыңыз.
(МК) Жұмыс барысында сызба аспаптары мен қалай тиімді жұмыс жасау керектігін және жұмыс орнын ұйымдастыруды көрсетіңіз.
(Ө) Сызба аспаптарымен тиімді жұмыс жасау әдістерін көрсете отырып, оқушыларға жұмыс дәптерлеріне әртүрлі жаттығу орындауларын ұсыныңыз. Мысалға, келесі тапсырмалар: сызғыш пен үшбұрыш сызғышты пайдалана отырып, бұрыштарсалуды орындау.
|
Тапсырманы орындау барысында оқушылар мұғалім ұсынылған аспаптар мен құралдардың аталуын айтып, ішінен қажеттілерін таңдап алады.
Сызба аспаптарының жиынтығын дайындау ұсынылады: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш және т.б.
Шеңберсызар мен бұрыш сызғышпен, түзу сызғышпен орындалатын тапсыраларды алу ұсынылады.
Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау кезіңде оқушыларға қауіпсіздік техникасын сақтау ұсынылады.
Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 1 сағат ұсынылады.
|
Дәптер, сызба аспаптары: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б.
Жәй қаламдар жиынтығы.
Интернет-дереккөзі:
http://www.granitvtd.ru/index.php?option=com_content&task=view&id=4&Itemid=4
|