Дербес білім беру ұйымы графика және жобалау


Негізгі жазулар мен өлшемдерді қою, сызба қаріптері, сызық түрлері, масштабтар туралы білімдерін көрсете отырып, графикалық кескін орындау



бет10/37
Дата15.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#68255
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
32 Оқу жоспары Графика және жобалау 10 сынып

Негізгі жазулар мен өлшемдерді қою, сызба қаріптері, сызық түрлері, масштабтар туралы білімдерін көрсете отырып, графикалық кескін орындау


Тәжірбиелік жұмыс (сызық түрлері, сызба қаріптері, өлшемдерді түсіру).
(Ұ.Ө) Оқушыларға әртүрлі қаріптердің мысалдарын қарастырып шығуды ұсыныңыз. Мысалы: латын әрпі, рим цифры, иероглиф, арабтың өрме жазуы көне славян алфавиті және т.б. Ашық және жабық сұрақтар арқылы оқушылармен шығу тарихы, жазылу ерекшелігі, қаріптің дамуы туралы талқылаңыз. Бұл жұмыс түрін топпенен өткізуге болады.
Оқушылар конструкторлық құжаттардың орындалу ережесін мүмкіндігінше сақтауға тырысуына қараңыз. (қаріптердің метрлік параметрі)
(Ө) Қарапайым жазу тәсілі мен негізгі ережелерге сүйене отырып, оқушылар жұмыс дәптерлеріне «Б» тәріздес сызба қаріпін орындауды ұсыныңыз.
Тәжірбиелік жұмысты орындап болғаннан кейін сұрақ қойыңыз.

  • стандарт бойынша қандай сызба қаріптерінің өлшемдері белгіленген?

  • жазылған қаріптің ені қандай өлшемге тең?

  • Қандай қаріп көлбеу орындалуға міндетті емес?

  • Негізгі жазуды орындағанда қаріптің биіктігі қандай болады?

(Ұ) Сандық өлшемдер мен сызық өлшемдердің орындалу ережелерімен оқушыларды таныстырыңыз. Стандартпен бекітілген (МЕСТ 2.307-68) (КҚБЖ) сызба өлшемдерінің негізгі ережелерін қарастырыңыз.


(Ө) Өткен сабақта безендірілген А4 пішінді қағаздарына тәжірбиелік жұмыс орындайды. Оқушыларға тәжірибелік жұмысқа геометриялық өрнек ретінде сызықтардың кескінін салуды ұсыныңыз.


(Ұ) Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды оқушылардың естеріне салыңыз.



Сабақтың басында оқушыларға сызбада және техникалық құжаттарда сандық өлшемдер мен әртүрлі жазулар (сызба бетінде, негізгі жазуда) қолданылатының түсіндіріңіз.


Уақытты тиімді және әдемі қаріптер орындау үшін алдын ала дайындалған арнайы миллиметрлі қағаз пайдалану ұсынылады.


Сызбадағы өлшемдер санының аз мөлшерде болуын, бірақ бұйымды дайындауға және дайын бұйымның өлшемдерін бақылауға болатындығына оқушылардың назарын аударыңыз.


Өрнек түрінде сызылған әртүрлі сызықтарды тапсырмаға таңдап алуыңызды ұсынамыз. Мұндай тапсырмалар түрі жіктеуді қарастырады.

Тәжірбиелік жұмыс жасау барысында игерілген тақырып бойынша білімдері мен дағдыларына бақылау жүргізу керек.




Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 3 сағат ұсынылады.





Дәптер, сызба аспаптары: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б.


Жәй қарандаш жиынтығы.
А4 пішіндегі қағаз.
Постерлер, сызба қаріптердің жазу ережесі бар кесте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет