1.1 Ақпаратты визуализациялаудағы кескіндердің ролі
|
10.1.1.1.
Адам өмірінде және әр түрлі салада (ғылымда, техникада және өнерде) ақпаратты визуалды түрде берудегі кескіндердің ролінің маңызын біліетіндігін және түсінетіндігін көрсету
|
Кескіннің тарихы мен мағынасы.
(Т) Оқушылар топта отырып, жартасқа салынған суреттерді, иероглифтер, заттың сызбаларын, киімнің үлгісін, кардиограмма фрагментін, графика, диаграмма, пиктограмм (пиктографиялық жазулар) және т.б. қарастыруды ұсыныңыз.
Сұрақтар қойыңыз:
Бұл суретте қандай ақпараттар берілген?
Графикалық көріністе қандай мағлұматтар берілген?
Кескіндерді визуализациялауда және ақпараттарды беруде адам өміріне және әртүрлі қызмет саласыда қандай рөл атқарады?
Оқушылар алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, кескіндерге байланысты топта отырып талқылау жұмыстарын жүргізеді.
Визуалды кескін көп мөлшерде ақпарат тарататынына оқушылардың көзін жеткізу. Кескінді оқу үшін белгілі бір білім мен дағды қажет.
(Ұ) Графиканың даму жолдарын оқушылармен бірге қарастырыңыз. Графикалық кескіннің дизайн- графика, ғылыми, техникалық, көркемдік, іскерлік болып бөлінетінін түсіндіріңіз. Бұл жұмыстың түрін кластер түрінде қарастыруға болады.
(Т) оқушыларға алдыңда берілген кескінді топта талдау және көркемдік, техникалық, ғылыми мен басқа түрге жіктеуді ұсыныңыз.
(Т) Оқушылар белгілі бір кескіннің ерекшеліктерін топпенен постер түрінде талқылайды.
|
Сабақтың алдыңда оқушылардың графика мен жобалау туралы қаншалықты таныс екендігі туралы деңгейлерін анықтау.
Жартасқа салынған суреттер, пиктограмм (пиктографиялық жазулар) иероглифтер, заттың сызбалары, киімнің үлгісі, кардиограмма фрагменті, графика, диаграмма және т.б. сызбаларға іріктеу жүргізу ұсынылады.
Графикалық жобалау туралы білу және түсінгендерін дамыту мақсатында мұғалім оқушылардың сабақ кезіңде қолданылтын пәндік терминологияны, жаңа ақпараттарды және қажетті сызбаларды орындауға арналған жұмыс дәптерінің болғандығын қадағалау ұсынылады.
Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 1 сағат ұсынылады.
|
Жартасқа салынған суреттер, иероглифтер, заттың сызбалары, киімнің үлгісі, кардиограмма фрагменті, графика, диаграмма және т.б. Дәптер, қаламсап, қара өалам жинағы.
Интернет-дерек көзі:
http://worldrockart.ru/
http://cxem.net/beginner/beginner98.php
http://nagel-heart.ru/izuchaem-ms-office/zachem-nujnyi-krugovyie-diagrammyihttp://worldrockart.ru/
http://cxem.net/beginner/beginner98.php
http://nagel-heart.ru/izuchaem-ms-office/zachem-nujnyi-krugovyie-diagrammyi
|