Деректер мен зерттеулер



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата05.04.2017
өлшемі27,4 Mb.
#11071
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

182
Флорасы  мен  фаунасы  бар  осы  күнгі 
ландшафты  мұзсыз  аймақтар  геолог,  географ 
мамандардың деректері бойынша плейстоцен-
де  қалыптасты  (Природное  районирование 
Северного Казахстана, 1970, 252 б.; Костенко, 
Башанов, 1960, 76 б.).  Голоцен  дəуірінің  ба-
рысында  климат  тұрақты  болмағаны  белгілі. 
Ол  өз  кезегінде  мұздық  кезеңінен  кейінгі 
уақытының физико-географикалық жағдайына 
əсер  етті  (Кассин, 1947, 198 б.;  Волков, 1971, 
73  б.).  Сонымен  қатар  ортаның  өзгеруіне 
антропогендік фактор əсер етті (Будыко, 1971, 
237  б.).  Тас  ғасырдың  соңында  табиғат  пен 
адамның арасында күрделі қарым-қатынас ор-
натылды,  ол  қоғамның  өндірістік  күштерінің 
қарқынды  дамуында  негізделген.  Бұл  уақыт 
адамның  қоршаған  ортаға  бейімделудің 
дəстүрлі  үрдісімен  ғана  сипатталмайды,  со-
нымен  қатар  ертедегі  ұжымның  өмір  сүру 
бейнесінде,  олардың  шаруашылық  жəне 
өндірістік қызметінде көрінді. ХІХ ғ. аяғында 
Блитпен, кейін Сернандермен голоцен уақыты 
үшін  палеоклиматикалық  шəкілі  дайындалған 
болатын.  Кейбір  шетелдік  жəне  кеңестік 
ғалымдар  осы  жүйеге  қарсы  шықса  да,  оны 
көпшілігі мақұлдаған (Нейштадт, 1969, 5-12 б.; 
Хотинский, 1977, 105 б.).  Осы  уақытта  біздің 
еліміздің  аумағы  үшін  палеоклиматикалық 
зерттемелер қатары ұсынылды. Археологиялық 
əдебиетінде М.И. Нейштадтың (Нейштадт, Гу-
делис, 1961, 5-44 б.), И.П. Герасимованың (Гера-
симов, 1961, 224-231 б.), А.В. Шнитникованың 
(Шнитников, 1949, 65-78 б.; Шнитников, 1957, 
221  б.),  Н.А.  Хотинскийің  (Хотинский, 1968, 
112  б.)  жұмыстары  аса  танылды.  Бүкіл  автор-
лар  климаттың  басқа  табиғи  факторларының 
өзгеруіне  ерекше  əсерін  көрсетеді.  Климат 
ескерткіштердің  топографиясына,  ертедегі 
тұрғындардың шаруашылық қызметіне де əсер 
етті. 
Ескерткіштердің 
топография 
мен 
палеогеографиялық  жағдайының  арасындағы 
байланысына О.Н. Бадер жəне басқа ғалымдар 
да көрсетті (Бадер, 1950, 140-150 б.). 
Археологияның 20 жылдан  кейін  пале-
огеография деректерін жəне қоршаған ортаны 
қайта  құру  жəне  белгілі  бір  археологиялық 
мəдениеттің  тіршілігін  анықтау  үшін:  О.Н. 
Бадер  (Бадер, 1974, 226 б.),  Д.А.  Крайнев 
(Крайнов,  Хотинский, 1974, 42-68 б.),  П.М. 
Долуханов  (Долуханов, 1979, 54 б.),  А.X.  Ха-
ликов (Халиков, 1969, 232 б.) жəне басқалары 
–  РСФСР  Еуропалық  бөлігі  үшін;  Г.Н.  Матю-
шин (Матюшин, 1976, 123 б.), В.М. Раушенбах 
(Раушенбах, 1966, 16-28 б.),  Л.Я.  Крижевская 
(Крижевская, 1968, 10 б.;  Крижевская, 1978, 
49  б.) – Орал  үшін;  В.Ф.  Старков  (Старков, 
1970, 3-11 б.; Старков, 1980, 90-92 б.) – Заурал 
үшін;  М.Ф.  Косарев  (Косарев, 1971, 39-51 б.; 
Косарев, 1973, 63-65 б.) – Батыс  Сібір  үшін; 
А.В. Виноградов (Виноградов, Мамедов, 1975, 
123 б.) – Орта Азия жəне т.б. үшін өзінің дала 
зерттеулерін кеңінен қолданылады. 
Еуразияның  кең  аумағымен  көрсетілген 
түрлі 
аймақтардың 
палеогеографиялық 
деректерді  салыстырған  кезде  жергілікті 
климаттық  жəне  ландшафттық  ерекшеліктермен 
байланысты  белгілі  бір  түрлілік  анықталады.  
Содан басқа климаттың өзгеруінде жалпы бета-
лысы  байқалады.  Бұл  плейстоценнің  соңында 
жалпыпланетарлық  жылыну  факторына  бай-
ланысты.  Атлантикалық  кезеңінің  басында 
ылғалдану,  ал  суббореалды  дəуірде  қайтадан 
қуаңшылық  байқалады.  Кейбір  ылғалдану 
шамамен  б.з.  дейінгі  І  мыңжылдықтың  ба-
сында  басталған  субатлантикалық  кезеңде 
белгіленеді.
Климаттың,  мүмкін  ландшафтардың  да 
өзгеруіне жалпы тенденциясымен ылғалдануды 
нивелирлей  алатын,  немесе  керісінше  оның 
əрекетін  күшейте  алатын  микрожағдайларды 
ескеру 
қажет. 
Палеоклиматтық 
жəне 
палеогеографиялық 
жағдайдың 
өзгеруіне 
археологиялық  негіздеме  үшін  сериялы  ма-
териал  мен  ақпаратты  мұқият  іріктеу  қажет. 
Алайда осы жағдайда да тек тенденция туралы 
ғана  айту  керек.  Мысал  үшін  осы  уақыттағы 
ауыл  шаруашылықтағы  микроклимат  пен 
микроландшафтардың  ерекшеліктерін  пай-
далану  фактілерін  келтіруге  болады.  Егу 
мерзімін,  өнімдерді  жинау,  тыңайтудың 
мөлшерін  анықтаған  кезде  бірнеше  компо-
ненттерен – бедердің  мінезі  (суайырық  не-
месе  алқапты),  орманның  бары,  гидрожелінің 
жақындығы  жəне  басқалардан  құралатын 
өңірдің ерекшелігі ескеріледі (Агроклиматиче-
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ

183
ский справочник по Северо-Казахстанской об-
ласти, 1958, 65 б.).
Тельман  ықшам  ауданындағы  төрт 
жылдық  жұмысы  кезінде  біз  Есіл  өз.  алқабы 
өңінің  өзгеруіне  куə  болдық. 1975-1977 
жж.  ескі  арналардың  айыр  жүйесімен  жəне 
жайылымдармен  ені 10 км  дейінгі  алқапта 
шабындық  пішені  өте  төмен  болды.  Көптеген 
ескі  арналар  мен  ағыстар  екі-үш  аптада, 
əсіресе  шілде  айында  кеуіп  қалды.  Жағада 
бұлақтар  мен  ұсақ  су  қоймалар  ақпай  қойды. 
Жайылмада киік іздерінің жолы болды - ыстық 
даланың  өкілдері.  Шөп  өсімдігінің  арқасында 
жағалаудың  сызықтары  анық  көрінді,  ол 
археологиялық  ескерткіштерді  бекітуді  жəне 
іздестіруді жеңілдетті. 
1978  ж.  көктем  мен  жазда  жағдай 
түпкілікті  өзгерді.  Алқаптың  барлығы  дерлік 
ылғалмен  толды.  Кезінде  кеуіп  қалған  ескі 
арналар  сумен  толды.  Шабындық  пішеннің 
биіктігі, əсіресе ескі арна бойында, кісі бойы-
мен болды. Екі-үш маусым жұмыс істеген, шөп 
басып қалған ескерткіштердің аймақтарын əзер 
дегенде тауып алдық. Қорықшылардың айтуы 
бойынша киіктер 150-200 км қонысын аударды. 
Климаттағы  ерекше  өзгерістерді  байқамадық. 
Ықшам ауданының қоршаған даласын салысты-
ру  бойынша  ылғалдау  дəрежесінде  өзгерістер 
болды.  Неолиттегі  ұқсас  экологиялық  жағдай 
ескерткіштердің  топографиялық  мінезіне,  со-
нымен  қатар  ертедегі  адамның  шаруашылық 
қызметіне  əсер  ете  алды  ма?  Иə,  деп  ойлай-
мыз.  Бұл  факт  терассадағы  тұрақтардың 
түрлі  гипсометриялық  деңгейді  климаттың 
ылғалдану  немесе  аридизация  жағына  жалпы 
өзгеудің  призмасы  арқылы  ғана  қарастырмай, 
жергілікті  экологиялық  маңыздың  басқа 
себептерін,  сонымен  қатар  ескерткіштердің 
өндірістік, 
қызметтік 
сипатын 
ұсынуға 
мəжбүрлейді. 
Өкінішке 
қарай, 
Солтүстік 
Қазақстан  аумағында  голоцен  бойынша 
палеогеографиялық  жұмыстар  аз,  ал  егер 
ондайлар  болса,  археологиялық  деректерді 
қолданғанда  сəтсіздеу  болып  көрінеді.  Мы-
салы,  В.А.  Николаевпен  «Батыс  Сібір 
мен 
Қазақстандағы 
дала 
тарихындағы 
антропогендік  кезең»  мақаласы  жарияланды. 
Онда  автор  адамның  қоршаған  ортаға  əсер 
етудің  түрлі  кезеңдерін  көрсетеді  (Никола-
ев, 1977, 17-23 б.).  Сонымен  қатар  мақалада 
голоценнің  түрлі  дəуірдегі  климаттың  өзгеруі 
беріледі.  Б.з.  дейінгі  ІІІ  мыңжылдықтың 
соңындағы аралдық трансгрессияның тіршілік 
дəлелдемесінің бірі В.А. Николаев Батыс Сібір 
орманды  даладан  Туран  шөлдеріне  дейінгі 
көне жаға сызығы бойымен таралған көптеген 
кельтеминарлық тұрақтарды санайды, жəне де 
оларды  энеолит  күнімен  белгілейді.  Дəлірек 
айтқанда,  автор  өзі  күнін  белгілемей, 50-ші 
жылдардың  күндерін  пайдаланды,  бүгінгі 
күні  олар  қайта  қарастырылды.  Кельтеминар 
мəдениеті қазіргі кезде энеолитпен белгіленбей, 
неолитпен  белгіленеді.  Бүгінгі  күні  бұл 
мəдениеттің  шекарасы  да  дəл  белгіленді,  ол 
хорезм  оазисінің  шегінен  шықпайды.  Кель-
теминар  мəдениетінің  күндері  көне  жағына 
қарай  қайта  қарастырылды.  Бұл  мақаланың 
рационалды  дəні  болып,  В.А.  Николаев  Арал 
трансгрессиясы мен Батыс, Орталық Қазақстан 
мен Орта Азия тұрақтарының тіршілігі едəуір 
ылғалдықпен  байланысты.  Тұрақтардың  көбі 
түрлі  уақытпен  белгіленеді-  бұл  тұрақтардың 
тіршілік  күнімен  байланысты  ылғалданудың 
кезеңі  бойынша  мезолиттен  бастап  неолит-
ке  дейін.  Біріншісі – атлантикалық  кезеңінің 
басында  (б.з.  дейінгі VI-V мыңжылдық) 
жəне  екіншісі-оның  соңында  (б.з.  дейінгі  ІІІ 
мыңжылдық),  ол  палеогеографтың  қазіргі 
деректеріне жатқызылады.
Топырақ 
зерттеушілер 
палеогеогра-
фия  сұрақтарын  шешуге  тікті.  Осылай,  И.В. 
Иванов  жəне  оның  АН  ССРО  Топырақтану 
институтының тобы Солтүстік Қазақстан жəне 
Орал  археологтарымен  бірге  (Г.Б.  Зданович 
пен  басқалары)  ашық  суайырық  кеңістігінде 
орналасқан, қола мен темір дəуіріндегі қорған 
астындағы топырақты зерттеді. Əдіс осы күнгі 
топырақ  пен  жасанды  құрылыстың  үймесінен 
шыққан топырақты салыстырудан негізделген. 
Топырақ  зерттеушілер  үшін  ең  маңыздысы 
–  археологтар  жерлеу  жиынтығы  бойынша 
анықтайтын  жерлеу  топырағының  уақытын 
анықтау  болып  табылады.  Топырақтың  пайда 
болуы  жəне  биохимикалық  өзгеруі  ең  бірінші 
климатқа байланысты (Иванов, 1984, 15 б.). 
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ

184
Голоцендегі  климат  туралы  белгілі 
мəліметтерді  біз  Солтүстік  Қазақстанның 
көптеген көлдерін жəне аудандарын зерттейтін 
гидрологтардан  табамыз.  Өрдің  кезеңділігі 
жəне су қоймасы деңгейінің құлауы, сонымен 
қатар олардың тұздылық деңгейі анықталады. 
Көптеген  ғалымдар  көрсетілген  процесстер-
ге  əсер  ететін,  ғасыр  ішіндегі  климаттың 
құбылмалығын  көрсетеді  (Косарев, 1973, 
63-65 б.).
Деректемелерді  зерттеу  методологи-
ясы  мен  əдістемесі.
  Солтүстік  Қазақстанның 
тас  ғасыры  ескерткіштерін  жаппай  жүйелі 
зерттеуге  кіріскенде,  біз  аймақтың  ландшафт-
ты  ерекшелігін  ескеріп  дала  жұмыстарының 
анықталған  əдістемесін  қолдандық.  Бұл 
жердегі  ерекшелік,  Қазақстанның  ашық 
даласының  басым  көпшілігі  топырақтың 
эрозияға, денудация жəне дефляцияға ұшырау 
сипатына  тəн.  Аккумулятивті  үдерістер  өте 
баяу.  Бұған  қоса,  биік  алқаптарда,  сонымен 
бірге дала өзендерінің, бастауларының  бойына 
орналасқан археологиялық ескерткіштер ашық 
сипат  алуда,  ескерткіштегі  мəдени  қабаттар 
жойылған  немесе  болмашы  ғана  (Медоев, 
1965, 85-88 б.).
Планиграфия  есебінсіз  беткі  қабаттан 
материалдар жинау практикасы соңғы уақытқа 
дейін  жиі  қолданылды.  Кейде  үлкен  алаңнан 
жиналған  тас  ғасырының  коллекцияларын 
зерттеушілер  біртектес  ретінде  қарастырады 
(Чалая, 1970, 79-86 б.;  Логвин, 1977, 270-
275  б.).  Соңына  қарай  келгенде  жинақтамада 
əртүрлі  хронологиялық  дəуірлердің  материал-
дары жиі ұсынылып отырған. 
Қазақстандық Есіл бойындағы тас ғасыры 
толық  зерттелмегендіктен  СҚАЭ  құрылған 
алғашқы  жылдары-ақ  жаппай  барлау  тексеру 
жұмыстарын өткізу міндетін қойды. Барлау от-
рядтары  географиялық  очерктегі  тізбектелген 
барлық  дерлік  өзендердің  жағалауын  шо-
лып  шықты.  Археологиялық  обьектілердің 
жинақталған  аудандарында  топтық  барлауға 
ерекше көңіл бөлінді.
Бастапқыда 
табылған 
обьектілер 
ескерткіштердің  концентрация  дəрежесі  мен 
таралу  аумағын  анықтау  мақсатында  картаға 
тіркелді.  Кейін  көзбен  өлшеу  жоспары  не-
месе  жергілікті  шағын  аудандардың  құралды 
топографиялық  жоспары  түсірілді.  Жоспарға 
ескерткіштердің  масштабтағы  шамасында  ау-
даны түсірілді. Қазуға келешегі бар ескерткіш 
аудандары 2x2 м  квадраттарға  бөлінді,  тек 
осыдан  кейін  беткі  қабаты  жиналып,  содан 
кейін қазу жұмыстары жүргізілді. Жоспардағы 
олжаларды  тіркеу  квадрат  бойында (1x1 м) 
жаппай  жинақталу  кезінде  немесе  абсолюттік 
дəлдікте  бірлі-жарым  бұйымдардың  немесе 
құралдардың сипатты жинақталуы кезінде іске 
асырылды.
Үлкен  аймақты  жаппай  тексеру  жəне 
мəдени қабаттың біршама алаңын аршу арқылы 
археологиялық  обьектілердің  концентрация 
дəрежесі  мен  олардың функционалдік  бағыты 
жөнінде танысып алуға мүмкіндік берді. Шағын 
аудандар ішіндегі ескерткіштердің бірқатарын 
толық  зерттегеннен  кейін  обьектілерді  сипат-
тау  кезінде  дəстүрлі  «тұрақ»  терминін  пайда-
ланып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  «қоныс», 
«шеберхана», «орналасқан  жері»  ұғымдарына 
сүйенуге негіз болды.
Қоныс деп алаңы 500 ш.м. ірі, жеткілікті 
мəдени қабаты бар ескерткішті атаймыз. Оған 
екі  немесе  одан  да  көп  тұрғын  баспаналар 
тіркеледі.  Мəдени  қабаттың  заттай  материал-
дары көп мөлшерде табылған олжалармен та-
ныстырылды.
Шеберхана  дегенде  біз  археологиялық 
обьектілер, мəдени қабаттарды түсінеміз, олар 
жұмыс  алаңқайы  айналасында  шоғырланған 
қалдықтар,  дайындамалар,  жыныс  қалдық 
бөліктерінен  тұрады.  Серияда  балғалар, 
өңдеуіштер,  уатқыштар,  қайрақ  тақталар 
секілді құралдар ұсынылды. Біздің мəліметтер 
бойынша  шеберханалар  екі  түрге  бөлінеді: 
шикізатты  бастапқыдай  жару,  нуклеустар  мен 
макропішіндер дайындау бойынша шеберхана; 
жалпыға  ортақ  құралдар  жасау  бойынша  ше-
берхана.
Тұрақтар – бұлардың  ауданы 500 
ш.м  аспайтын  уақытша  қоныстар.  Тұрғын 
баспаналардың 
іздері 
қалмаған 
немесе 
түсініксіз. Заттар саны 2000-нан аспайды.
Орналасқан  орны – ескерткіш,  мұнда 
мəдени қабат болмайды, оның материал саны аз 
жəне тек қана көтеріп жинақтаумен ұсынылды.
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ

185
Қоныстар  өзен  алқаптарымен  бірінші 
немесе  екінші  ұсталған  терассаларға;  шебер-
ханалар – сулары  бөлек  төбелерге,  сонымен 
қоса  алқаптарға;  тұрақтар – алқаптарға,  сула-
ры бөлінген көлдерге, бастауларға; орналасқан 
орны – барлық  тізбектелген  гипсометикалық 
деңгейлерге ұштасады.
Осылайша,  ұзақ  мерзімді  қоныстар  аса 
қолайлы  берекелі  алқаптарға  жəне  өзіндік 
өндірісті 
жəне 
тұрғын 
орталықтарына 
орналасқан.  Ескерткіштердің  қалған  түрлерін, 
шаруашылық жəне өндірістік  қызмет үдерісінде 
қалдырылған  маусымдық,  уақытша  пунктер 
ретінде қараған дұрыс. Заманауи əдістемелік та-
лаптарды ескеріп орындалған үлкен көлемдегі 
дала жұмыстары бірқабатты жəне көпқабатты 
ескерткіштерді  стратиграфиялық  ерекшелеуге 
мүмкіндік  берді.  Əсіресе, (Тельман I, X, XII, 
XIII, VII) бірқабатты обьектілерінің табылғаны 
өте  маңызды.  Бұл  жерде  анықталған  неолит 
кезеңі үшін өзіндік техникті-типологиялық эта-
лоны алынды, соның арқасында Қазақстанның 
музейлері  мен  зертханаларында  сақтауда 
тұрған  көптеген  аралас  коллекцияларға 
қайтадан түсіндірме беруге көмектесті.
Біздер 
археологиялық 
материалды 
бастапқы  өңдеуіне  көп  көңіл  бөлдік  жəне 
бірінші кезекте тас ғасыры коллекциясындағы 
көп табылған шақпақтасты құрал-сайманға (ме-
золит-неолит).  Негізі  тілікше  бұйымдарынан 
тұратын шақпақтасты құрал-сайманның үлкен 
кешеніне  ие  бола  отырып,  материалды  сипат-
тау  кезінде  ауызша  суреттеп  қоюмен  шектелу 
мүмкін  емес.  Оның  ашық  жарқын,  жеке,  əрі 
эмоцианалді сипаты бар екені белгілі. Бұл рет-
те, суреттеу дереккөздің обьективті жағдайына 
сəйкес  келе  бермейді.  Дереккөзден  ақпаратты 
анықтау үдерісінде белгілі бір тəжірибесі бар, 
ол ауқымы кең мамандар үшін тексерілуге жəне 
қолжетімді болуы тиіс (Каменецкий, Маршак, 
Шер, 1975, 130 б.; Клейн, 1977, 15-24 б.).
Тас  ғасырының  отандық  археология-
сында алғаш рет В.А. Городцов пен Г.А.Бонч-
Осмоловски 
типология-статистика 
əдісін 
əзірледі жəне қолданды (Городцов, 1927, 6 б.; 
Городцов, 1930, 16 б.; Бонч-Осмоловский, 1969, 
186  б.;  Викторова, 1977, 5-14 б.).  Типология-
статистика  əдісінің  егжей-тегжейлі  əзірлемесі 
француздық зерттеуші Ф.Бордқа тиесілі. Оның 
типолисі шетелдік жəне біздің елдегі палеолит 
мамандары  тарапынан  мойындалды.  Алайда 
аталған əдіс кемшіліксіз емес, өйткені бұндай 
«жабық» 
сыныптамалық  əдісті  көптеген 
зерттеушілер бірнеше рет атап көрсетті (Гвоз-
довер, 1974, 36 б.; Любин, 1965, 23 б.).
Соңғы 
уақытта 
типологиялық 
сыныптаманың  басқа  əдісі – «ашық  жүйесі» 
белсенді  əзірленуде  (Медведев, 1975, 25 б.; 
Матюшин, 1975, 12 б.). «Ашық жүйенің негізгі 
басымдығы  осы  жүйеге  сəйкес  суреттел-
ген  кез  келген  əртүрлі  құралдар  жиынтығын 
салыстыруға,  саны  негізінде  өзара  жақындық 
дəрежесін  анықтау  мүмкіндігі  болып  табыла-
ды. Бұл ретте, түрлерін анықтау есептің қатты 
жəне  бақыланатын  негізіне,  жеке  белгілерінің 
түйісу жиілігіне қойылуы мүмкін» (Гвоздовер, 
1974, 36 б.).
Археологиялық  материалды  бастапқы 
өңдеу  үшін  əдебиетте  нақты  сызба-кесте 
пайда  болды  (Матюшин, 1976, 224 б.).  Г.Н. 
Матюшкиннің  «Оңтүстік  Орал  мезолиті» 
кітабында  жарияланған  кестені  негізге  алып, 
біз  Солтүстік  Қазақстанның  материалда-
рын  эксперименттеу  арқылы  ашық  жүйенің 
келешектігін  мысалға  алып  тексердік.  Бізге 
типологиялық  бірдей  критерилерді  пайдала-
нып көрші екі аймақтың археологиялық мате-
риалдарына үңілу өте маңызды боп көрінді.
Г.Н. 
Матюшкин 
сыныптамасының 
кейбір  ережелерін  қарастырамыз,  онымен 
осы  жұмыстың  авторы  келіспейді.  Мысалы, 
«өңделген  тілікшелер»  класы  ішпекті  ретінде 
аталған  сыныптамада  анықталған.  Алайда 
өңделген тілікшелердің барлығы мұндай емес. 
Екінші жақтан, геометриялық микролиттердің 
классикалық ішпектері бар, бірақ кестеде олар-
ды бұлай атамайды. Бұл жерде «ішпек» ұғымын 
типологиялықтан 
гөрі 
технологиялыққа 
жатқызамыз,  жəне  оны  пайдаланбаған  дұрыс 
болады.  Біздің  көзқарас  бойынша, 1-6 жəне 
т.б.кластарды  ауызша  қорытындыламаған 
мақсатқа сай болады, оларды жай ғана «жиегі 
өңделген  тілікшелер,  геометриялық  микро-
литтер,  тілікшедегі  қырғыштар,  үштіктер» 
деп атаса болады. «Соңғы қырғыштар сынып-
тамасы» (49 б.)  кестесінде  тігінен    «құралдар 
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ

186
мен  оның  параметрлер  жұмыстық  бұрышы» 
белгісі  берілді,  біз  оны  өзгертусіз  қолдандық. 
Ал  біздің  көзқарасымызша,  көлденеңі  бой-
ынша  əртүрлі  белгілер  берілген,  олар  əртүрлі 
сыныптамалық  деңгейлерде  иерархиялық  ор-
наласуы тиіс. Егер 1-4 контурлары өңдеулердің 
конвергенция 
бұрышын 
көрсетсе, 
онда 
5-8  контурлары  жүзінің  пішінін  көрсетеді, 
яғни  сайма-сай  емес.  Қырғыштарды  есеп-
теу  кезінде 1-4 көрсеткіштері  іске  аспады. 
5-8  көрсеткіштерінің  кейбір  атауларын  біз 
өзгерттік. Əсіресе, «жүйелі еместі» біз «фигу-
ралы» атаймыз, өйткені «жүйелі» жəне «жүйелі 
емес»  терминдері  өңделген  тілікшелердің 
ұзын жиегі бойынша сипаттау кезінде кеңінен 
қолданылады. «Фигуралы»  термині  жүзінің 
контуры  көпбейнелі  вариациясын  топшылай-
ды. «Бұрышы  өткір»  орнына  «үшкірленген» 
деп  жазамыз,  өйткені  геометриялық  дұрыс 
бұрышы өткір бірде бір экземпляр кездеспеді.
Қорытындысында сол бойынша материа-
лы сыныпталған құрал-саймандарды бастапқы 
өңдеу үшін кестелері келесідей көрініс алды.
«Материалдың 
жалпы 
сипаттама-
сы»  кестесі.  Олар  категориясы,  тобы  жəне 
класс  деңгейлеріне  жауап  береді.  Ерекше-
ленген  бағандар:  нуклеустар  жəне  олардың 
өндірімдері  (қырлы  тілікшелер), (нуклеус, 
тілікше сынықтары). Олар қайта өңделген жəне 
өңделмеген  экземплярға  бөлінеді.  Біріншілері 
қырғыштар,  өңделген  тілікшелер,  кескіштер 
жəне жаңқалар кластарына бөлінеді. Иерархия 
қағидаты  сол  күйінде – қайта  өңделген  жəне 
өңделмеген жаңқалардың бөлінуі. 
«Басқалары» 
кестесі. 
Мұнда 
шақпақтасты  емес  жыныс,  тас,  сүйек, 
балшықтан жасалынған бұйымдар орналасқан. 
Аталған кесте алдағы уақытта материалдарды 
өңдеуде,  толық  сыныптама  алу  үшін,  ұдайы 
бақылау кезінде қажет (1, 2 таблицалар).
«Тілікшелер»  кестесі.  Мұның  негізінде 
тілікшелердің 
градациясы, 
анықталған 
бөлшектері  немесе  сегменттері  жатады – 
бүтін,  проксималді,  медиалді,  дисталді. 
Əрбір  баған  (құралдарды)  қайта  өңделген 
жəне  өңделмеген  экземплярға  бөлінеді.  Өз 
кезегінде, «өңделмеген»  баған  істен  шыққан 
(трасиологиялық  талдау  кезінде)  ізі  бар  жəне 
оларсыз  экземплярды  ескереді.  Істен  шыққан 
іздері  бар  тілікшелер  құралдар  санатына  жа-
тады,  бірақ  функционалді  талдау  негізінде. 
Істен  шыққан  ізі  жоқ  тілікшелер  дайында-
ма  немесе  қалдық  санатына  жатқызылатын 
болады.  Өйткені,  трасологиялық  талдауды 
біз  əлі  өндірген  жоқпыз,  қайта  өңделмеген 
барлық  тілікшелер  «қорытынды»  бағанында 
ескеріледі. Бұл кесте бізге дайындама ретіндегі 
тілікше  жөнінде  сонымен  қоса  құралдардың 
жəне  əрбір  əуелгі  дайындамалардың  дəрежесі 
жөнінде толық ақпарат береді (3 таблица).
«Тілікшелер  мөлшері».  Тілікшелердің 
мөлшерін анықтау кезінде біз Орал, Қазақстан, 
Сібір  тас  ғасыры  бойынша  əдебиетте  көп 
кездесетін  параметрлерді  пайдаландық: 0,5 
см  дейін; 0,6–1 см; 1,1–1,5 см; 1,6–2 см; 2,1 
–2,5  см; 2,6–3 см; 3,1–5 см; 5,1–7 см; 7,1–9 
см; 9 см  асады.  Кестеде  тілікшелердің  ені 
мен  ұзындығы  үшін  олар  бірдей.  Тілікше 
мөлшерінің  параметрлері  көлденеңі  бойынша 
орналасқан,  ал  дайындама  мен  құралдардың 
əуелгі пішіні тігінен ескеріледі.
«Тілікшедегі 
қырғыштар» 
кестесі. 
Жұмыстық  бұрышын  рəсімдеуде  белгісі 
көлденеңі  бойынша  негізге  алынды  (перпен-
дикуляр, тік, орташа, жайпақ, өте жайпақ). Бұл 
белгілердің  əрбірі  келесідей  өңдеу  сипаттағы 
иерархия баспалдағын ескереді – конвергентті, 
дивергентті,  өлкелік.  Тігінен  жүзінің  пішіні 
мен əуелгі дайындамалар негізге алынды. 
«Кескіш» кестесі. Бұнда екі түрдің негізгі 
құрал  белгілері  ескерілді – бұрыштық  жəне 
бүйірлік  (орталығы  қосылған  жоқ,  өйткені 
олар жоқ немесе аз мөлшерде ғана). Көлденеңі 
бойынша  өз  кезегінде  бір  немесе  бірнеше 
(көпжүзді)  жұмыстық  жүзі  бар  кескіштер 
түрі  орналасқан.  Бұдан  бөлек,  ұзындық  жиегі 
бойынша  құралдарды  қосымша  өңдеу  вариа-
циясы  ескеріледі.  Тігінен  дайындамалардың 
əуелгі  пішіндері  орналасқан.  Көлденеңі  бой-
ынша  бүйірдегі  кескіштерді  өңдеудің  шеткі 
пішіні  ескеріледі – майысқан,  тік,  шабылған, 
дөңгеленген (3 таблица).
«Трапеция»  кестесі.  Көлденеңі  бой-
ынша  əуелгі  белгілері  үшін  трапеция  пішіні 
алынды – бүйір  ойығымен,  бүйір  ойығынсыз. 
Олар өз кезегінде биік, төмен, анықталмағанға 
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет