187
(сынықтар) бөлінеді. Төменде негізді қосымша
өңдеу дəрежесі ескеріледі – төменгі, жоғарғы,
екеуі. Келесі сатыда арқадан немесе іштен
салынған орны ескеріледі. Тігінен келесідей
белгілер берілген: симметриялы, асимметри-
ялы, анықталмаған (сынықтар). Қажет болса,
кестеге басқа да одан да толық көрсеткіштерді
қосуға болады (3 таблица).
Материалды бастапқы сыныптау бой-
ынша барлық атқарылған жұмыс ықшамды
кестелер шеңберінде көптеген белгілерін еске-
руге мүмкіндік береді, оны материал сипатына
байланысты иерархияның жалпы құрылымын
бұзбастан толықтыруға болады. Біздер барлық
кестелерге енгізілген дайындамалардың əуелгі
формаларын анықтауға көп көңіл бөлдік.
Өңдеудің келесі кезеңінде жоғарыда
толтырылған кестелердің сандық көрсеткіштері
негізінде салыстыруға жəне корреляция
жасауға болады. Əртүрлі белгілерді салысты-
рып қарауға жəне теңестіруге, араларындағы
байланысты анықтауға нақты мүмкіндік бар.
Əсіресе, анықталған кешендердің өзіндік
технологиясы мен типологиясын анықтау
үшін белгілі бір хронологиялық, сонымен
қоса, мəдени кешендерді ерекшелеген кезде
типологиялық сыныптаманың деректері өте
маңызды.
Тұтастай
алғанда,
ескерткіштердің,
олардың кезеңділігі мен хронологиясын
мəдениетке жататынын анықтау кезінде, со-
нымен қоса, археологиялық обьектілердің
функционалдік
ерекшеліктері
жөніндегі
сұрақты шешу кезінде біз белгілердің тіркесім
қосындысын пайдаландық: ескерткіштер топо-
графиясы, географиялық жəне өндірістік пла-
ниграфия сипаты; шақпақтасты құралдар мен
керамика жасау технологиясы; шақпақтасты
жəне тас құралдарының типологиясы; құрал-
жабдықтар түрін бөлуде морфологиялық
ерекшеліктер; керамиканың формасы жəне
өрнегі.
Атбасар мəдениетінің ескерткіштері.
А
- Явленка; Соколов I; Лебяжье I; Золотая
осень I; Мичуринская I; Бес көл II; Новока-
менка I; Карлуга II; Карлуга III; Карлуга IV;
Карлуга VI; Красногорка II; Боголюбово I; Бо-
голюбово III; Боголюбово IV; Боголюбово VI;
Новоникольское II; Новоникольское V; Рассвет
I; Явленка II; Явленка III; Явленка IV; Явленка
V; Явленка VI; Явленка VII; Энбек I; Ильинка
II; Жаргаин I (Жарқайың); Өрнек I; Бірлік II;
Бірлік IV; Куприяновка I; Булаево I;Медвежка
I; Бірлік I; Бірлік III; Бірлік V; Ивановка I; Со-
лоновка I; Кучкова I.
Явленка ықшамауданының ескерткіштері
Петропавл Есіл маңының аумағын алып жатыр
(сур. 2). Олардың негізгі массасы кең алқапта
(10-15 км дейін) жинақталған. Объектілер
екінші суарым террасада , біріншісінде сирек
немесе су айырық көлдердің жағасында топта-
лады.
Қазба процессінде немесе явленска
ықшам ауданының объектілерін зерттегенде
алынған барлық топография, планиграфия,
стратиграфия жəне типология деректерін
салыстырған кезде ескерткіштердің бірнеше
топтары бөлінеді.
І топ (Явленка ІІ, Мичуринская І, Боголю-
бова И). Индустриясы микролитикалық техни-
камен ерекшеленеді. Шикізат ретінде шақпақ,
яшма, кварцит, тас түрлері пайдаланылды.
Жонғыш техника (бұрышты, шеткі жəне
ортанғы жонғыштар), тескіштер, түйреулер,
бұрандалар, доғал ұшты тіліктер кең дамыған.
Аз мөлшерде жаңқадан жəне тіліктен жасалған
қырғыштар ұсынылды.
ІІ топ (Явленка VI, VIІ, Карлуга ІІІ, Бого-
любово ІІІ). Техналогиясы ішпек құралдардың
жəне
тіліктердің
құрама
бөлшектерінің
біртіндеп ірілеуімен сипатталады (63 ке-
сте). Макроформалар пайда болды – екі жағы
өңделген найзалардың ұштары, ірі пышақтар
мен жаңқадан жасалған қырғыштар, ірі тіліктен
жəне жаңқадан жасалған қапсырмалар, жеке
дара ірі симметриялы трапециялар. Шикізат
біртектілікпен ерекшеленеді – ақшылт-қоңыр
жəне сұр яшмо текті. Фрагментарлы, жұқа
қабатты, құм, дресва аралас, қырлы оттискпен
əшекейленген күйіктас.
ІІІ топ (Явленка ІV, V, Карлуга ІV, Бого-
любово ІІ, Булаево І жəне басқалары). Техно-
логияда ішпек салты біртіндеп жоғалды (сурет
35-29, 30). Құралдар үшін дайындама ретінде
ұзындығы 5,7 см жəне ені 2,5-3 см дейін ба-
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
188
ратын тіліктер тұтас немесе проксималды
бөлшектері жиі пайдалынады. Құралдардың
арасында өңделген тіліктер, тіліктен жəне
жаңқадан
жасалған
қырғыштар
басым.
Жонғыш формалар ІІ топпен сəйкес (қосымша
І). Екі жағы өңделген жапырақты жəне ирең
формалы садақтардың ұштары кең таралады.
Күйіктас сонымен қатар фрагменталы, «адым-
дау» элементі түрінде немесе горизонталды
сызықтар түрінде қырлы мөртаңбаның оттиск-
пен.
ІV топ (Явленка ІІІ, Мичуринское І
(кеш комплекс), Новоникольское V, Боголю-
бово І жəне басқ.). Жинақтаманың көрінісін
жаңқадан жасалған құралдар (қырғыштар,
қапсырмалар, садақтардың ұштары) құрайды.
Тіліктен жасалған бұйымдар айшықтама
нұсқамасымен, жеке дара қапсырмалармен,
түйреулермен ұсынылды. Ұштардың түрлері -
черешті, негізі ойықпен, түзу немесе доғал сап-
тамалы.
Қазып алынған ескерткіштер мен зерт-
телген тармақтардың қатары бізбен тұрақтар
мен олжа орындары деп анықталды. Ше-
берханалар мен қоныстар əзірше осында
анықталмады. Алайда салыстырмалы күшті
(80 см дейін) мəдени қабаты Боголюбово, Кар-
луга с. жанында тармақтардың қатарында го-
лоценда экономикалық жағдайы Есілдің кең
өлкесі ежелгі ұжымның қонысына жайлы бол-
ды, оны археологиялық объектілердің топта-
луы көрсетеді.
Б-Виноградовка:
Тындық IV; Берлиновка I; Берлиновка II;
Берлиновка III; Берлиновка IV; Берлиновка V;
Берлиновка VI; Берлиновка VII; Берлиновка
VIII; Берлиновка XI; Виноградовка I; Вино-
градовка II; Виноградовка III; Виноградовка
IV; Виноградовка V; Виноградовка VII; Вино-
градовка VIII; Виноградовка IX; Виноградов-
ка XIV; Виноградовка X; Васильковка; Ли-
неевское I; Алексеевка I; Садовая I; Кенеткөл
I; Кенеткөл II; Кенеткөл III; Кенеткөл VI;
Кенеткөл VIII; Кенеткөл IX; Троицкое; Вино-
градовка VI; Қызыл Жар; Линеевское II.
Қарастырылып
отырған
объектілер
Көкшетау облысының Шағалы өз. орналасқан
(сур. 53). Ескерткіштің үлкен бөлігі Көкшетау
қ. солтүстігіндегі Шағалының төменгі ағысына
ұштастырылған.
Стратиграфияға
жəне
типологияға
қарағанда, Виноградовка ықшам ауданында
ескерткіштердің бірнеше хронологиялық топ-
ты бөліп айтуға болады.
І топ (Виноградовка ІІ, төменгі қабат,
Виноградовка ХІІ). Мəдени қабаты сұр-қоңыр
саздақты жəне кеш шөгінділермен жабылған
(Виноградовка ІІ) немесе жеңіл гумусты
қабатша астында жатқан орташа сыздақ (Вино-
градовка ХІІ). Техникалық жəне типологиялық
қатынаста бұл тұрақтардың материалдары
мезолитикалық уақытпен мерзімделеді.
ІІ топ (Виноградовка ІІ, жоғарғы
қабат,
Виноградовка
ХІ).
Технология-
да мезолитикалық салттар сақталуда –
құрама құралдар үшін ішпектерді дайындау.
Дайындамаларға негізінен ені 1-1,5 см дейін,
ұзындығы 2-ге дейін, сирек 3,5 см дейін ба-
ратын медиалды бөліктер қызмет атқарды.
Жиынтықтар өңделген тіліктер, ұштары өткір
емес тіліктермен, бұрышты жоңғышпен, бірен-
саран данада өтпейтін қабырғасымен, шеткі
жəне домалақ қырғыштармен, қапсырмалармен,
шөркелу ойығы бар тіліктермен жəне
басқаларымен ұсынылды.
ІІІ топ (Виноградовка Х, ХІІ жəне
басқ.). Құрал-саймандары түрлі микро жəне
макроформалар
жиынтығымен
сипатта-
лады. Тіліктер ішпек ретінде жəне дербес
қару ретінде пайдаланылады – қырғыштар,
пышақтар, қапсырмалар жəне т.б. жаңқадан
жасалған бұйымдар аса шомбал – қырғыштар,
пышақтар, қапсырмалар. Ұру құралдары көп-
балғалы, балталы құралдар.
ІV топ (Кеңөткел VІІІ, ВиноградовкаVІІІ,
жəне басқ.) (Зайберт, Плешаков, 1978, 242-
250 б.). Тілікті индустрия жойылып келеді,
жаңқадан жасалған қырғыштар, қапсырмалар
көп. Тіліктер өңдеусіз немесе жүйесіз шеткі
кеулеумен. Екі жағы өңделген садақ пен қысқа
сапты найзалардың ұштары кең тараған. Олар
«салбырап тұрған мұртымен», жапырақты фор-
малы, негізінде ойығы бар. Күйіктас қырлы,
ойықты техника көмегімен əшекейленген. Кол-
лекцияда бірлі-жарым қола бұйымдары бар.
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
189
Аққанбұрлық
ықшамауданындағы
ескерткіштер Көкшетау облысының шегіндегі
Аққанбұрлық жəне Есіл өз. бойында топталған.
Бір тұрақ (Новомихайловка) палеолитке,
қалғандары-неолитке жатады.
Үш тұрақ Есіл өз. оң жағасында,
қалғандары (12 тармақ) Аққанбұрлық өз. екі
жағасында орналасқан.
Осында стационарлық зерттеулер əлі
өткізілген жоқ. Алайда, келешекті ескерткіштер
қатары анықталды, олар стратиграфия мен
көтерме жинақтамалардан жақсы комплекс
берді. Бұл Тындық І, ІІ, Аққанбұрлық І-ІV жəне
басқа тұрақтар.
Ескерткіштер Аққанбұрлық пен Есіл өз.
жақын аудандарындағы ойларында топталғаны
қызық.
В-Тельман:
Магдалиновка I; Магдалиновка II; Атба-
сар II; Тимошевка I; Тимошевка II; Тимошевка
III; Тимошевка IV; Родионовка I; Родионов-
ка II; Родионовка III; Калиновка I; Тельман I;
Тельман V; Тельман IV; Тельман VII; Тельман
VIII; Тельман IX; Тельман X; Тельман XI; Тель-
ман XIII; Тельман XIV; Тельман XV; Тельман
XVII; Тельман XVIII; Владимиро-Борисовка
I; Владимиро-Борисовка II; Жабай-Покровка
I; Жабай-Покровка III; Полтавка I; Спасовка
I; Владимировка I; Новый городок; Чайка II;
Новоселовка III; Добровольское I; Красно-
сельское; Красносельское II; Красносельское
III; Красносельское IV; Красносельское V;
Красносельское VI; Красносельское VII; Ка-
ныр I; Каныр II; Каныр III; Каныр IV; Каныр
V; Каныр VI; Каныр VIII; Қарагүл; Острогорка;
Острогорка II; Капитоновка I; Капитоновка II;
Островка I; Островка III; Бақсұк III; Новодо-
нецкое I; Новодонецкое II; Новодонецкое III;
Новодонецкое IV; Журавлевка I; Ярославка III;
Ярославка; Ярославка II; Октябрьское I; По-
кровка I; Петровка I; Петровка II; Новокавказка
I; Новокубанка I; Жаңатұрмыс I; Жаңатұрмыс
II; Жаңатұрмыс III; Садубек I; Петропавловка I;
Үлкен Мойнақ I; Заимка I; Луговое II; Луговое
I; Ақтөбе I; Алғабас I; Таволжанка I; Таволжан-
ка II; Новочеркасское I; Новочеркасское II; Но-
воселовка II; Новодонецкое VIII; Новодонецкое
VI; Новодонецкое IX; Новодонецкое X; Ново-
донецкое VII; Поповка I; Полтавка II; Приго-
родное I; Сарғары IV; Сарғары V; Сарғары III;
Тельмана III; Новый городок II.
Оның астарына Атбасар Есіл маңында
орналасқан объектілердің елеулі санын ауыз-
ша біріктірдік. Есіл-Жабай, Аршалы, Жылан-
ды, Ащылы өз. оң жағасында жəне Колутон
өз. сол жағасындағы тармағында орналасқан
ескерткіштерді қосқанда, негізінен ол Есілдің
кең бөлігі.
Стационарлық
зерттеулер
негізінен
Атбасар қ. 30 км оңтүстік-шығыс бағытта
орналасқан Тельман с. жанында жəне Атбасар
қ. 40 км. солтүстік-батыс бағытта Покровка с.
жанындағы Жабай өз. жүргізілді.
Тельман ықшамауданы қалған ықшам
аудандармен салыстырғанда стационарлық
қазбалармен толық зерттелді. Ескерткіштер,
топографиялық, планиграфия жəне типоло-
гия сипатынан көрінгендей, өзінің функцио-
налды мақсаты жəне хронологиясы бойынша
өзгеше. Қазылған объектілердің типологиялық
жəне статистикалық өңдеу негізінде сондай-ақ
бірнеше ескерткіштердің топтары бөлінді.
І топ (Тельмана VII, VIIIa, IXa, XIVб).
Олардың ішінде алып отырған аудан жəне
Тельман VIIIa құрылысы бойынша соңғы
классқа жатқызуға болады. Бұл тұрақтардың
құралсаймандары теңбе-тең екенін көрсету
керек. Əсіресе ол индустрия саласына
қатысты- жаңқадан жасалған бұйымдармен
үйлестірілген
үшпекті
тілікті
техника
(қырғыштары биік). Шикізаты алуан түрлі.
Нуклеустардың формасы призматикалық, та-
напты, коникалық. Олардың биіктігі кейде 6 см
асады. Бұйымдардың негізге түрлері өткір емес
арқасымен тіліктер, бұрышты микрожонғыш,
шеткі, ортанғы жонғыштар, параллелограмма-
лар, ою, тіліктер жəне басқалары болып табы-
лады.
ІІ топ (Тельмана I, VIII6, X, XIV, Жабай-
Покровка I). Ол топ үшін келесі қасиеттер сипат-
ты: біртекті шикізатты пайдалану – сұр немесе
ақшылт-қоңыр түсті яшмо жынысты. Техноло-
гия үшін ішпек сипатын сақтау, алайда бірінші
топ ескерткіштерінен тіліктерді салыстырғанда
дайындау пропорциялары өзгереді. Кестеден
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
190
көрінгендей ішпектер 1,5х1,5 немесе 1,5х2 см
квадратурасына жақын. Сонымен қатар, ені 3
см дейін жəне ұзындығы 5 см астам ірі прок-
сималды тіліктер бар. Жиынтық форма мен
түрлерінің байлығымен ерекшеленеді: жана-
ма, бұрышты жонғыш, кескіштер, қырғыштар,
трапециялар, тілікті ұштар, ойықтармен
тіліктер жəне басқалары. Əсіресе тіліктен жəне
жаңқадан жасалған шеңберлі шеткі қырғыштар
көп.
Күйіктас көріністі, алайда жеткілікті
мəнерлі. Ол диаметрі 16-20 см, ашық ауыз-
ды жұмыртқа тəріздес формалы. Ыдыс жұқа
қабырғалы (0,4-0,6 см), үстіңгі жағы нашар бір
қалыпсыз күйдірілген, ірі құммен, ұсақтаспен,
өсімдік қалдықтармен араласқан.
ІІІ топ (Тельман XV, Жабай-Покровка
III, Заимка I, Магдалиновка I жəне басқалары).
Технологияда біртіндеп ішпек салты жойылуда
жəне екі жағы өңделген тіліктер мен жаңқалар
таралды. Жиынтық үшін жаңқадан жсалған
пышақтар, екі жағы өңделген тілікті жəне
жаңқалы ұштыр, өңделген найзаның ұштары
сипатты. Жұқа қабырғалы, қырлы «адымдау»
белгісі бар, ирек сызықтармен күйітас.
IV топ (Тельман ІХб, ХІІ, ХІІІ жəне басқ.)
тілікті техника жойылды. Екі жағы өңделген
формалар мен жаңқалар кең ұсынылды –
садақтың, қысқа сапты найзаның, найзалардың,
пышақтардың, қырғыштардың ұштары. Қару
жасалған шикізат сапасыз ірі түйіршікті квар-
циттен жасалған, кейде-яшмо тектіден. Тығыз
черепокпен күйіктас қырлы оттискпен жəне
шұңқырлы майысықтармен безендірілген.
Тельмен ІХб ескерткіші шеберхана бо-
лып табылады, қалғандары – балықшылар-
аңшылардың маусымдық тұрақтар.
V топ (Тельман ХІVб, ХVІІ жəне
басқалары). Шақпақ бұйымдар жапырақты, че-
решок формалы негізінде ойығы бар ұштармен
ұсынылды. Екі жағы сығы сығылып өңделген.
Жаңқадан жасалған қырғыштар мен макрофор-
малар-балталар, қашау қарулары, мотыжка-
лар, пряслицалар, салдуарлар мен өзге құрал-
саймандар кездеседі.
Күйіктас алдағы топтардың ыдыста-
рынан аса жоғары сапасымен ерекшеленеді.
Черепок тығыз, қалыңдығы 0,6-0,9 см, ірі
құм, кейде қышқақ, ұсақ тас араласқан. ою-
өрнегі геометриялық фигура, көлбеулі қырлы
сызықтар мен шұңқырлар түрінде. Қырлыдан
басқа шегіну мен наколды техника кездеседі.
Қорғалжын
ықшамауданының
ескерткіштері Ақмола облысының Қорғалжын
ауданындағы Нура өз. сағасында орналасқан.
Тұрақтар
мен
орналасқан
жері
Нура
жағасына ұштастырылған, олардың биіктігі
3-5 м жетеді, яғни 1-ші суарым терассасы
деңгейінде. Тұрақтардың қатары ежелде аққан
бұлақтардың жанындағы суайырық жазығында
анықталды. Олар негізінен топырақ қабатынан
айырылған жəне табылған заттар жердің
үстінде шоғырланды. Орналасқан жерлер, ау-
даны бойынша əдеттегідей бірнеше ондық тек-
ше метрмен шектеледі. Тұрақтардың аумағы
50 текше м шамасында. Ескерткіштің басым
бөлігі неолит-энеолит күндерімен белгіленеді.
Аса ерте (мезолит-палеолит) кезеңдегі бірнеше
тармақтар бар.
Сипатталған ықшамаудандардан бақа,
ескерткіштердің
жиынтығы
байқалады,
Солтүстік Қазақстанда дара тұрақтардың жəне
тас ғасырының орналасқан жерлер қатары
тіркелді. Орналасқан жерлерінің төртеуі Це-
линоград ауданының Селеті өз оң жағасында
табылды. Тармақтар биіктігі 40-50 м жететін
Селеті өз. сұлама жағасымен ұштасады
(Бестөбе І, Тасқура І жəне басқ.). Тұрақтың
біреуі материал бойынша палеолит-мезолит
күндерімен белгіленуі мүмкін (Тасқура ІІ),
қалғандары- неолитикалық тұрақтар.
Атбасар мəдениеті ескерткіштерінің
хронологиясы,
мəдени-тарихқа
жату
мəселелері, олардың Қазақстан неолитіндегі
орны.
Археологтар үшін кезеңділік пен хро-
нология сұрақтарын шешу өзінше бір белес
болып табылады, ол дереккөздерді өңдеудің
эмпирикалық сатысын аяқтайды жəне сапа-
лы жаңадан түсіндірілген тарихи деңгейін
əйгілейді. (Захарук 1969, 11-20 б.; Захарук,
1977, 35 б.; Клейн, 1978, 98 б.).
Қазақстанның кейінгі тас ғасырын
зерттеудің өз тарихы бар, аса бай болмай-
ақ қойсын, бірақ республикада тас ғасырын
зерттеудің келешегін көрсету үшін жеткілікті
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
191
Археологическая карта Казахстана, 1960, 35
б.; Акишев, 1978, 5-14 б.; Алпысбаев, 1970,
227-240 б.). Бұл жерде кезінде Қазақстанның
неолит тақырыбымен тікелей айналысқан
Л.А.Чалаяның (Чалая, 1970, 79-86 б.; Чалая,
1970, 241-250 б.; Чалая, 1970, 309-327 б.; Ча-
лая, 1971, 24 б.), С.С. Черниковтың (Черни-
ков, 1950, 63-70 б.; Черников, 1970, 60 б.; Чер-
ников, 1972, 59-62 б.), А. А. Формозовтың
(Формозов, 1951, 115-121 б.) мəліметтері
бар. Авторлардың барлығы қола жəне темір
дəуірлерімен салыстырғанда кейінгі тас
ғасырының зерделенуі қанағатсыз жағдайда
екенін атап өтті.
60 жылдары Қазақстанның археологиялық
картасына голоцен уақытындағы тас ғасырының
500 тұрағы салынғанына қарамастан оларды
қазу жұмыстары жүргізілмеген деуге болады.
Егер əдебиетте Қазақстанның неолиті жөнінде
сөз болса, онда бұрынғы ескерткіштер - Усть-
Нарым, Пеньки I, II, Қарағанды XV, Зеленая
Балка, Ағыспа, Сексеуілдік алға тартылды жəне
оның аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды.
С.С. Черников Усть-Нарым, сонымен
қоса, Мало-Красноярка кентінің қонысын жəне
бірнеше пунктерін (Черников, 1956, 43-60 б.;
Черников, 1957, 12-21 б.; Черников, 1956, 99-10
б.) көтеріп жинаған көп жылғы қазу негізінде
бір кезеңді ерекшелейді – кейінгі неолитті,
жəне б.з.дейінгі ІІ мыңжылдықтың ІІІ басы-
нан хронологияны шектейді. Шынында, осы
үзік шамасында оларға тек шамамен одан да
ерте (Мало-Красноярлық) жəне кейінгі (Усть-
Нарымдық) фазалар бөлініп берілді (Черников,
1970, 41 б.).
Кезеңділік пен хронологияны құруға
Оралдың (Раушенбах, 1956, 56 б.; Збруева,
1946, 182-190 б.; Бадер, 1950, 143 б.; Чернецов,
1947, 79-91 б.; Чернецов, 1953, 7-71 б.; Саль-
ников, 1962, 16-58 б.; Крижевская 1968, 132
б.), Сібірдің (Окладников, 1950, 343 б.), Орта
Азияның (Виноградов, 1968, 64-75 б.; Толстов,
1948, 240 б.) аймағымен шектесетін неолиттік
обьектілердің құрал-саймандары мен құрал
түрлерін стратиграфиялық бақылау жəне син-
хрондау негіз болып табылады.
Усть-Нарымның археологиялық ма-
териалы типологиялық біртекті емес жəне
Қазақстанмен шектесетін аймақтардың ме-
золиттен энеолитке дейінгі кешендерінде
көптеген аналогтары табылуда (Чалая, 1971, 13
б.).
Л.А.Чалаяның Солтүстік-Шығыс жəне
Орталық Қазақстанның кезеңділік мəселесі
шамамен осылай шешімін тапқан болатын.
Оның диссертациясының негізгі ережелері
бірнеше рет жарияланған материалдарын-
да мазмұндалған (Чалая, 1973, 188-203 б.).
Автор екі қазылған ескерткіш (қалғандары
жинақтар) мысалында техникалық жəне
топологиялыққа қатысты ажырататын ло-
калды топтардың бірқатарын ерекшеледі.
Өкінішке орай, Қараторғай ст. 5 кенорнынан
басқа барлық дерлік пункттерді Л.А. Чалая
б.з.дейінгі ІІІ мыңжылдыққа жəне кей сөзінде
IV мыңжылдыққа жатқызды (Чалая, 1973, 188-
203 б.).
1960 жылдардың басында М.Н.Клапчук
Қарағанды бассейнінде тас ғасырының ша-
мамен 60 тұрағын ашты жəне оның екеуі
қазылды. Бұлар Қарағанды XV жəне Зеленая
Балка 4 тұрақтары. Қазбалардың нəтижелері
үш мақала болып жарияланды, оны басқа
зерттеушілер археологиялық құрылымдар үшін
кеңінен қолданды (Клапчук, 1965, 212-216
б.; Клапчук, 1969, 108-118 б.; Клапчук, 1970,
153-160 б.). Əсіресе, Қарағанды XV тұрағы
қызықты. Бұл стратиграфиясы бар көпқабатты
ескерткіш, оның негізінде М.Н. Клапчук
Орталық Қазақстанның неолит ескерткіштерін
кезеңдеуді ұсынды. М.Н. Клапчук неолиттің
үш белесін ерекшелейді, олар б.з.дейінгі ІІІ
мыңжылдық шеңберінен шықпады (Клапчук,
1969, 108 б.).
Тас ғасырының голоценді ескерткіштерін
зерделеуде Оңтүстік жəне Батыс Қазақстанда
белгілі бір табыстарға қол жеткізілді. 70
жылдардың басында Х.А. Алпысбаев палеолит
уақытынан кейінгі археологиялық материалда-
ры бар Қаратаудың бірқатар үңгірлерін зерттеді
(Алпысбаев, 1977, 93 б.).
Арал маңы жəне Каспий маңында көп
коллекция берген көптеген пунктер барын
білеміз, бірақ, өкінішке орай, үстіртін ғана
(Мелентьев, 1975, 113 б.; Мелентьев, 1977,
101 б.; Виноградов, 1968, 64-75 б.; Формозов,
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
192
1972, 17-26 б.; Формозов, 1959, 47-59 б.; Фор-
мозов, 1950, 141-147 б.). Ал кезеңділік пен
мəдениетке жататын сұрақтарды шешу кезінде
тек көтерілген материалдарды пайдалану
зерттеушінің субьективті рөлін күшейтеді.
Қазақстанның Батысы жəне Оңтүстік-
Батыс аумағындағы материалдар əдебиетте
кеңінен танымал, оларды зерттеу 20-шы жыл-
дары басталған болатын (Синицын, 1951, 98
б.).
Кезінде осы ауданға көп көңіл бөлген
А.А. Формозов бірқатар жұмыстарын жари-
ялады, оларға кейінгі неолит жəне энеолит
уақытын берді (Формозов, 1959, 47-59 б.; Фор-
мозов, 1949, 49-58 б.; Формозов, 1950, 65-75 б.;
Формозов, 1950, 141-147 б.).
Осы
аумақтан
қазып
алынған
ескерткіштердегі жаңа материалдар соңғы
10-15 жылда тас дəуіріне жататын голоцен
обьектілерінің кезеңділігі мен хронологиясын
түсіндіруде белгілі бір түзетулер енгізуде.
В.П. Логвин Қостанай жəне Торғай об-
лыстарында шақпақтасты құрал-саймандар
мен керамикасы бар өзіндік тұрақтардың
бірқатарын ашып, бір бөлігін зерттеді. Бұл
тұрақтар Қайыңды, Евгеньевка, Амангелді,
Матросово өзендері жəне басқа жерлерінде
орналасқан (Логвин, 1976, 491 б.; Логвин,
1977, 273 б.).
Қазақстан бойынша бізді қызықтырған
сұрақтарға шолу жасай отыра, неолит
ескерткіштерін
стационарлық
зерттеу-
ге
шектеудің
қойылғанына
қарамастан,
зерттеушілер ақпараттың сол деңгейінде
типологиялық
жəне
классификациялық
сұрақтарды тұтастай обьективті шешті.
Солтүстік Қазақстанның жекелеген шағын
аудандарын негізінен стационарлы зерт-
теуде алынған жаңа материалдар, кейде
Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі неолиттің
жекелеген кезеңдері мен уақытын нақтылауға,
ал тұтастай алғанда ерекшелеуге жəне
көнелеуге мүмкіндік береді.
Осы ауданның неолит кезеңділігіне
тоқтамастан бұрын, қазылған тұрақтар мы-
салында алғаш рет мезолит қабатын ерекше-
леуге мүмкіндік туғанын тағы бір атап өткен
жөн. Екінші тарауда көрсетілгендей, əрбір
шағын ауданда мезолит кешендері қатысуда.
Мезолит кезеңділігінің мəселелеріне жете
тоқтамастан бұрын, мезолитте типологиялық
жəне техникалық екі кезеңі күтілуде – ерте
(б.з.дейінгі Х мыңжылдықтан кеш емес) жəне
кейінгі (б.з.дейінгі VII мыңжылдыққа дейін).
Осы мезолит «іргетасында» неолит кезеңділігі
құрылды, оны энеолит кезеңі мен ерте қола
аяқтайды. Осылайша, тас ғасырының орта
жəне кейінгі кезеңділігі алынды жəне тастан
темірге өтудің ауыспалы кезеңі қадағаланды.
Солтүстік Қазақстанның кейінгі тас
ғасыры үшін үш кезең ерекшеленді – ерте,
орта, кеш неолит.
Ерте неолиттің ерекшеленуі абсолютті
уақыты
бар
шектесетін
аумағымен
типологиялық салыстыру сипатында, сериалы
таза кешен алу жəне стратиграфия негізінде
мүмкін болды.
Оған
шағын
аудандар
бойын-
ша хронологиялық негізде ерекшеленген
ескерткіштердің келесі тобы жатады: Явленка
шағын ауданы тұрағының ІІ тобы (Явленка VI,
VII, Карлуга III, Боголюбово III); Виноградов
шағын ауданы ескерткіштерінің ІІ тобы (Вино-
градовка II (жоғарғы қабат), Виноградовка XIV
жəне басқалары); Тельман шағын ауданының ІІ
тобы (Тельман I, X, XIV, VIII6, Жабай-Покров-
ка I).
Бұл ескерткіштер үшін стратиграфиялық
аталып өткендей белгілі бір заңдылық тəн.
Нақты, біріншіден, мəдени қабаттар аз-
дап саздақтың астына немесе құмайтқа
ұштастырылған. Оларды алқаптық сипаттағы
топырақтар жауып тастауда (Виноградов жəне
Тельман шағын аудандары ескерткіштерінің
стратиграфиясын қараңыз), яғни атлантикалық
кезеңнің басына сəйкес келеді.
Шақпақтасты
құрал-саймандардың
келесідей түрлері айқынырақ: кескіштер
(бүйірлік, бұрыштық); трапециялары сим-
метриялы, үстіңгі негіз бойынша ойықтары
бар; сырты шығыңқы тілікшелер; ұңғылар,
қауырсыны өңделген тілікшелерде жебенің
ұштықтары; тілікшедегі қырғыштар – жүздері
айқасқан, түзу, фигуралы, доғал. Дөңгеленіп
ұзартылған жоңқадағы пышақтардың өзіндік
ерекшеліктері бар. Екі жағы өңделген
АТБАСАР МƏДЕНИЕТІ
|