Дәрі Физикалық шамаларды өлшеу әдістерінде қарастырылатын мәселелер. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеуді жіктеу. Өлшеу түрлері мен әдістері. Физикалық қасиет, шама және шкалалар



бет2/5
Дата30.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#111967
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 1-1

Өлшеу түріне қарай:
Тікелей өлшеу – ізделінді физикалық шаманың мәнін тікелей тыс шамалардың қатысынсыз алынатын өлшеу.
Жанама өлшеу – бұл ізделінді физикалық шаманыңмәнін басқа физикалық шамаларды өлшеу арқылы алынатын өлшеу.
Жиынтық өлшеу – бір уақытта жүргізілетін ізделінді өлшем шамасы теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын бірнеше өлшеу шамаларын өлшеу (Мысалы үшбүрышты жалганган кедергілерді өлшеу кезінде колданылады).
Бірлескен өлшеу – бұл бір уақытта жүргізілетін бір немесе бірнеше, біртектес емес шамалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын өлшеу
(Мысалы, R = Ro(1 + аТ) тәуелділікті аныктау үшін)
Өлшеу жағдайлары бойынша:

  1. контактты әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болады (дене температурасын термометрмен өлшеу);

  2. контактсыз әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болмайды (объектке дейінгі қашықтықты радиолокатормен өлшеу, температураны пирометрмен өлшеу).



Өлшеу әдістері бойынша:

  1. Тікелей бағалау әдісі — бұл өлшеу әдісінде шаманың мәнін тікелей әсер ететін өлшеу құралының көрсетуі бойынша (қысым өлшеу - серіппелі қысымды өлшеуіш арқылы, масса ‒циферблатты таразы арқылы, электр тогын- амперметр арқылы) анықтайды. Бұл әдіс бойынша өлшеу жылдам жүргізіледі, бірақ дәлдігі шектеулі.

  2. Салыстыру әдіс – өлшенетін шаманы өлшеммен берілетін (ұдайы қайталанатын) мөлшермен салыстырады. (мысалы тұрақты токтың кернеуін қалыпты элементтің электр қозғалтқыш күшімен компенсатор арқылы өлшеу. Аса дәлдікпен өлшеу үшін осы әдіс қолданылады. Оның түрлері мына әдістер болып табылады:

- Өлшеммен салыстыру әдісі — бұл әдісте өлшенген шаманы өлшем арқылы өзгертілген шамамен салыстыру арқылы (массаны теңестіру гірлерімен тұтқыш таразы арқылы өлшеу) анықтайды.
- Нөлдік өлшеу әдісі — екі шаманы салыстырудың нәтижелі әсері нөлге дейін келтіріледі. (электр кедергісін көпірді толық тепетеңдікпен өлшеу, салмақты рычагты таразымен өлшеу)
- Орын басу әдісі — аспаппен белгісіз шама мен өлшемнің өлшенетін шамамен біртекті шығыс сигналын кезектеп өлшеуден тұрады. (өлшенген массаны және өлшеу салмағын бірдей салмақ табақшасында баламалы орналастыру арқылы, яғни бір иықты таразы арқылы өлшеу)
- Сәйкестендіру әдісі ‒өлшенетін шама мен өлшем арқылы алынатын шама арасындағы айырымды шкала тетіктерінің немесе периодты сигналдарының үйлесімін пайдалана отырып анықтайды. (бұл принцип штангенциркульдың нониусын құрудың негізінде қойылған. Осы әдіс бойынша уақыт сигналдарын қабылдау кезінде судың интерференцияны, страбоскоп эффектіні пайдалану кезінде қолданылады.
- Өлшеудің дифференциалды әдісі — өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың айырымы арқылы анықталады (мысалы бөлшектің ұзындығын эталондық өлшеммен компораторда салыстыру арқылы өлшеу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет