Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет36/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102
Поршеннің штогы кривошипті -шатунды механизм көмегімен қозғалысқа түседі, сондықтан сорғы поршені бірқалыпсыз қозғалады. Поршеннің үзіліспен үдемелеіп жəне баяулап қозғалысы салдарынан сұйықтың бірқалыпсыз берілуі, центрден тепкіш сорғылармен салыстырғанда поршеньді сорғылардың ең үлкен кемшілігі болып саналады.
Сорғының поршені болаттан немесе шойыннан жасалған цилиндр түрінде болады. Осындай түрдегі поршеньді білікті немесе плунжерлі деп атайды. 15-20 атм қысым кезінде дискалы (дөңгелекті) деп аталатын поршень жиі қолданылады. Дискалы поршеньді нығыздау (саңылаусыздандыру) серпімді металл сақиналармен немесе алмалы -салмалы былғары манжеттермен жүзеге асырылады. Плунжер сорғы цилиндрінде еркін қозғалып тұрады, ал сальникте нығыздалады.
Сорғының қақпақтары жоғары қарай судың қысым күшімен көтеріледі, ал өзінің тіректі орнына ауырлық күшінің жəне серіппенің əсерінен төмен түсіп отырады.
Поршеньді сорғы центрден тепкіш сорғыдан айырмашылығы сұйықты оған алдын -ала құймай -ақ суды сорып ала береді. Су құюсыз сорғыны іске қосу үшін бірнеше бос жүрістер жасау керек. Поршеннің қажетсіз тозуын болдырмау үшін поршеньді сорғыны іске қосар алдында центрден тепкіш сорғыдағы сияқты су құйып отыру қажет, сондықтан сорушы құбырдың төменгі жағында кері қақпақ орнатылады. Поршеньді сорғының орташа өнімділігі немесе берілімі тек поршеньмен итеріліп шығарылған сұйықтың көлемімен анықталады жəне жеңіп шығатын қысымға байланысты болмайды. Поршеньді сорғының берілімін реттеу біліктің айналым санын өзгерту немесе сорылған сұйықтың бір бөлігін кері қарай сорушы құбырға қайтадан беру арқылы жүзеге асырылады. Айдамалаушы құбырға ысырма орнатылады, бұл сорғы тоқтап қалған кезде сорғыны құбырдан ажырату үшін қажет. Поршеньді сорғыда сұйық берілімін ысырмамен реттеуге болмайды. Поршеньді сорғының жұмысы кезінде құбырды ысырмамен (кранмен) жабуға мүлде рұқсат етілмейді, себебі бұл оны сындырып жіберуі мүмкін. Өнімділіктің қысымды жеңу жұмысына тəуелсіздігі поршеньді сорғылардың артықшылықтарының бірі болып саналады. Бұл ерекшелік тұтқырлығы температура өзгерген кезде өзгеретін тұтқыр сұйықтарды айдау кезінде (мысалы мұнайларда) немесе берілім тұрақтылығы сақталу шарты кезінде қысымның ауытқулары жағдайында қажет болады.
Поршеньді сорғының артықшылығы, сол сияқты үлкен қысым кезінде (гидравликалық пресстердегі сорғылар жəне басқалары ) немесе суды, мұнайды терең бұрғылау скважиналардан үлкен биіктікке көтеру кезінде сұйықтың аз мөлшерін беру мүмкіндігі.
Арналуы, жұмыс істеу жағдайлары жəне жетек тəсіліне байланысты поршеньді сорғыдардың əртүрлі типтері жасалады. Жетек түрі бойынша поршеньді сорғылар қолдық, жетекті (кривошипті -шатунды беріліс арқылы), тіке əсерлі булы болып бөлінеді. Булы жетекті сорғыда поршень булы машинаның кривошипсіз поршенімен жалпы штокта орнатылады.
Цилиндрлердің орналасуы бойынша сорғылар горизонтальды жəне вертикальды болып бөлінеді.
Поршень конструкциясы бойынша дискалы поршені бар, білікті немесе плунжерлі поршеньді сорғылар болып бөлінеді.
Ең өзгешелісі поршеньді сорғылардың əсер ету тəсілі бойынша бөлінуі.
Қарапайым əсерлі сорғы деп поршеннің екі жүрісі кезінде, яғни біліктің бір айналымы кезінде бір рет соратын, бір рет айдайтын поршеньді сорғыны айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет