Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет37/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
Сорғылардың қолданылу салалары.
Халық шаруашылығында ең көп, жиі қолданылатын сығымдағыштар -қалақты машиналар. Газ ағызатын қалақты машиналардың берісі 1000000м3/сағ., сұйықтарды ағызатын қалақты машиналардың берісі 100 000 м3/сағ., тегеуріні 2500 м. су бағанасына дейін жетеді.
Жылу энергетикасындағы қазандық қондырғыларды қоректендіруде, конденсаторларға салқындатушы су, жылуландыру жүйесіне желілік су беруде және конденсаттарды ағызуда ортадан тепкіш сорғылар өте кең қолданылады. Қазандық қондырғылардың түтін сорғыштары мен үрлеуші желдеткіштері ретінде жоғары берісті ортадан тепкіш желдеткіштер қолданылады. Соңғы уақытта қазандықтардың өнімділігінің артуына.

1.3-сурет. Эрлифттің жұмыс қағидасы

Байланысты өстік сорып-үрлеуші қондырғылар пайдаланыла бастады. Бу өнімі аз қазандықтарда және қазандық суға қосатын ерітінділердің дәл мөлшерлерін беру үшін көлемді поршенді сорғылар, ал турбиналар мен үлкен сорғылардыњ, қысымдағыштардыњ майлау және реттеу жүйелерінде роторлы сорғылар қолданылады. Ағындық сорғылар бу турбинасы конденсаторын ауадан тазарту үшін және абоненттерді жылулату нүктелеріндегі тура және кері суларды араластырғыштар ретінде қолданылады. Поршенді қысымдағыштар қазандық қондырғылардың қыздыру беттерін үрлеп тазарту үшін, сондай-ақ әр түрлі мақсаттарда қажет жоғары қысымды ауа алу үшін қолданылады. Газ турбиналы қондырғыларда және көп берісті газды сығу үшін өстік қысымдағыштар қолданылады. Соңғы кезде өнеркәсіптік жылу энергетикасындағы жоғары берістерді іске асыруда өстік сорғылар да қолданыла бастады. Жылу электр станциясында қазбалау скважинасынан суды көтеру үшін немесе резервті сумен жабдықтау үшін кейде эрлифттер пайдаланылады.


Ортадан тепкіш сорғылардың құбырлар жүйесінде қатарласа және тізбектеле жұмыс істеуі.
Сорғылық қондырғылар (СҚ) көбіне айнымалы шығым графигі бойынша жұмыс істейді. Егер жүйеде шығым жинайтын сыйымдылық (шығым қоры) болмаса, сорғылық қондырғы кез келген уақытта керекті шығымды жүйеге беріп тұруы тиіс, демек шығым Qmin/Qmax диапазонында өзгеруі қажет. Ал сорғылық қондырғы бір ғана сорғыдан тұрса, онда ол сорғы өте кең аралықта (Qmin/Qmax) реттеулі тиіс. Бірақ мұндай терең реттелу барысында сорғының ПӘК-і шектен тыс азайып кетуі мүмкін. Екіншіден, мұндай қондырғыда сенімділік тұрғысынан қарағанда тағы бір дәл сондай сорғы болуы тиіс -бұл резерв шамасы 100% деген сөз.
Сорғылық қондырғыда екі сорғы болса, қондырғының тиімділігі артып, резерв шамасы 50% болады. Сондықтан СҚ әдетте екі немесе одан да артық қатарлас немесе тізбектеле қосылған сорғылардан тұрады.
H Біріне бірі жақын орналасып қатарласа қосылған екі бірдей сорғының жұмысын қарастырайық.
Салыстыру жазықтығы ретінде төмендегі 1-1 деңгейін алып және жылдамдық тегеурінін ескермесек, С нүктесіндегі толық тегеурін мынаған тең болады
.
“а” және “б” сорғыларының С нүктесіне келтірілген тегеуріндерін табайық.
“а” сорғысының тегеуріні сұйықты zс биіктігіне көтеруге, С нүктесінде пьезометрлік тегеурінін жасауға және АС аралығындағы гидравликалық кедергіні һАС жеңіп шығуға жұмсалады

Немесе ескерсек

Сол сияқты “б” сорғысының С нүктесіне келтірілген тегеуріні


.
Есебімізді жеңілдету үшін сорғылар жақын орналасқандықтан АС және ВС құбырларының кедергісін ескермеуге болады -һАС = һВС = 0. Демек, С нүктесіндегі тегеурін сорғылардың тегеурініне тең



Енді СД аралығындағы сұйық қозғалысын қарастырайық. С және Д деңгейлері үшін Бернулли теңдеуі (жылдамдық тегеурінін ескермейік)


немесе

демек СД құбырындағы тегеуріннің шығымнан тәуелділігін салу үшін тұрақты zД шамасына сол құбырдың гидравликалық кедергісін қосу керек. Бұл айтқанымыздың бәрі суретінде көрсетілген.
Сорғылар бірдей және Нсаб болғандықтан олардың сипаттамалары бірдей үстіне бірі түсіп (Наб), С нүктесінде де өзгермейді. Ал СД құбырының сипаттамасы НСДС болып көрсетілген СД құбырының екі бірдей а, б сорғыларымен істегендегі жұмыс нүктесін табу үшін олардың сипаттамаларын горизонталь бойынша қосамыз - Наб. (Наб) мен НСД қиылысу нүктесі “б” сорғылар қатарласа қосылып істегендегі жұмыс нүктесін анықтайды.
Сорғылардың қатарласа қосылуын әдетте гидравликалық кедергісі аз, ұзын құбырлардағы шығымды (Q) ұлғайту үшін қолданылады, ол сорғылар бір машина залының ішінде біріне бірі жақын орналастырылады. Ал, егер құбырдың (бізде СД құбыры) гидравликалық кедергісі үлкен, сипаттамасы тік көтерілетін болса (Нсд)`, шығымның артуы аз ғана (Q`) болады (2.12-сурет). Мұндай тік сипаттамалы құбырлар желісінде тегеурінді арттыру үшін сорғыларды тізбектей қосқан тиімді.














Мысалы, бутурбиналы қондырғының қоректік суын регенеративті қыздыру барысында конденсат төменгі және жоғары қысымды ыздырғыштары бар кедергісі көп желі арқылы өтеді және температурасы да арта түседі. Қазіргі қондырғыларда қоректік су температурасы бастапқы қысым с0=23,5 МПа болған жағдайда tқс=260 274 0С-қа дейін болады, демек қоректік су қайнап кетпес үшін регенеративтік қыздыру желісін жоғары қысымда ұстау қажет. Ал барлық қыздырғыштарды жоғары қысым астында ұстау тиімсіз, сондықтан олардың бір бөлігіне төменгі қысымда емену сорғымен (а), екінші бөлігіне жоғары қысыммен тізбектеле қосылған екінші сорғымен (б) емену су еменуі (2.13-сурет).


“а” және “б” сорғылары әр түрлі (НаНб) және тізбектеле жалғасқан болсын. Бұл жағдайда сорғылардың шығымы емен, ал жалпы тегеурін сорғылардың емен шығымдағы (Q1) тегеуріндерінің қосындысына тең. Тізбектеле қосылған сорғылардың жалпы сипаттамасының (а+б) құбырлар желісі сипаттамасымен қиылысуы жұмыстық нүктесін (б) анықтайды (2.14 – сурет).
Егер құбырлар желісінде (Нсд)′ істеп тұрған сорғыға екінші сорғыны тізбектей қоссақ, ол тегеурінмен қатар шығымды да арттырады. Себебі екінші сорғы статикалық биіктікте (z’) ағынның энергиясын арттырып, ол энергия емену заңы бойынша кинетикалық энергияны, емен, шығымды да арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет