Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Центрден тепкіш компрессордың сипаттамасы



бет49/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102
Центрден тепкіш компрессордың сипаттамасы
Центрден тепкіш компрессордың сипаттамасы (9.10-сурет) үш сызықтан тұрады: қысым Q -р, қуат Q -N және п.ә.к. Q-ТQ. Бұлар компрессор өнімділігіндегі қысымның, қуаттың және п.ә.к. тәуелділігін сипттайды. Және ординат остерінде кіру мен шығу қысымдары теңеледі.



9.10-сурет. Центрден тепкіш компрессорлық машинаның сипаттамасы
Q-р қисық сызығы координаталардың басынан өтпейді, себебі компрессор жалғыз істеген уақытта қысым тудырады. Q-N қисық сызығы да координаталар басынан өтпейді, өйткені компрессор жалғыз жұмыс істегенде, үйкелісті жеңу үшін қысым тудыруға қандай да бір қуатты қолданады. Бірақ Q-η қисық сызығы координаталар басынан өтеді, өйткені компрессор жалғыз жұмыс істегенде жүйеге сығылған ауаны жібермейді. Соңғы жағдай мына п.ә.к. формуласымен анықталады:


.

Компрессор жалғыз жұмыс істегенде Q = 0, осы мәнді п.ә.к. формуласына қойып η = 0 деп аламыз.


Центрден тепкіш компрессордың жұмыс істеуінің басында ауаның шығыны артқан сайын п.ә.к. η артады, себебі қысым р біраз ғана кемиді. Бірақ та қысым қандай да бір мәнге жеткен кезде өнімділіктің Q артуына қарамастан өте жылдам кеми бастайды. Q-р өнімділігі кемиді. Сондықтан Q-η қисық сызығы өнімділік арттқан кезде максималды мәнге дейін ηвmax көтеріліп, содан кейін қайтадан төмендейді.
П.Ә.К.-тің максималды мәні компрессор жұмысының үнемділігін анықтайды.
Компрессордың өнімділігі насостың немесе желдеткіштікі сияқты максималды п.ә.к.-ке сәйкес келеді және үйлесімді деп аталады (9.10-сурет, В нүктесі), ал машина жұмысының сәйкес режимі оптималды деп аталады. Компрессор тандап алынған кезде ол оптималды немесе соған жақын режимде жұмыс істей алуы керек.
η<0,9ηmax п.ә.к.-імен жұмыс істейтін компрессорларды қолдану ұсынылмайды.


Компрессордың қуаты
Центрден тепкіш компрессорлардың жұмыс істеу барысында газ көбінесе сығу нәтижесінде және гидравликалық дискілік шығындар есебінен қызады.
Сөйтіп, центрден тепкіш компрессордағы сығылған газ ағысына үйкеліс нәтижесінен қосымша жылу беріледі. Компрессорлардағы сығу адиабатадан тыс процесте жүреді. Центрден тепкіш компрессорлардағы қуаттың шығының адиабаттық процестің формуласымен анықтауға болады.



Мұндағы ηад адиабаттық п.ә.к.–адиабаттық сығу жұмысының компрессордың біліктегі жұмысына қатынасы;


-р1 и р2-бастапқы және соңғы қысым;
V1-бастапқы көлем 1 кг газдың р1 қысымында;
К-адиабата көрсеткіші.
Формуланың көрсетуі бойынша сығу көрсеткіші артқан уақытта қуат жылдам артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет