Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет29/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Негізгі əдебиеттер:1 [5-9,27],2,5 

Қосымша əдебиеттер: 9,10,11 [15-20] 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Нуклеин қышқылдарына сипаттама беріңіз жəне олардың ағзадағы қызметі. 

2.  Қандай азоттық негіздер жəне моносахаридтер ДНК мен РНК-ның құрамына кіреді? 

3.  Нуклеозидтер жəне нуклеотидтер дегеніміз не? ДНК-нан фрагмент көрсетіңіз. 

4.  ДНК молекуласының түзілуіндегі комплементарлық принцип. 

5.  Пуриндік жəне пиримидиндік негіздердің синтезделу жолы. 

 

Дəріс 7. Көмірсулар. Полисахаридтер мен олигосахаридтердің ыдырау жолдары. 

Көмірсулардың биологиялық ролі. Көмірсулардың биосинтезі. 

 

Көмірсулар. Полисахаридтер мен олигосахаридтердің ыдырау жолдары. Зат алмасу 

процесінде  көмірсулық  алмасу  маңызды  орын  алады.  Көмірсулардың  ыдырауы  кезінде 

энергия  бөлінеді,  олар  АТФ  байланыстарында  жинақталады  жəне  ағзадағы  биохимиялық 

процестердің жүруіне жұмсалады. 

Көмірсулардың  зат  алмасу  процесіндегі  екінші  маңызды  қызметі  –  олар  ағзадағы 

липидтердің,  ақуыздардың,  нуклеин  қышқылдарының  биосинтезіне  қажет  органикалық 

қосылыстардың көзі болып табылады. 

Құрамындағы  молекулаларына  қарай  көмірсуларды  негізгі  үш  топқа  бөледі: 

моносахаридтер, олигосахаридтер жəне полисахаридтер. 

Полисахаридтер  мен  олигосахаридтер  гидролиз  жəне  фосфоролиз  реакциялары 

нəтижесінде жай қосылыстарға (моносахаридтерге) ыдырайды. 

Крамал  гидролизі  спецификалық  фермент  –  амилазаның  əсерінен  жылдамдайды. 

Ферменттің  күйіне  сай  крахмал  молекуласы  глюкоза,  мальтоза  немесе  олигосахаридке 

айналады. Гидролиз нəтижесінде баяу ыдырау процесінде аралық өнім ретінде декстриндер 

түзіледі: 

HO[C


6

H

10



O

5

]xH  H



2

O   nHO[C

6

H

10



O

5

]y  H



2

O  mC


12

H

22



O

11    


H

2

O   2mC



6

H

12



O

крахмал 



→ 

декстрин 

→ 

мальтоза 



→ 

глюкоза 



23 

 

Крахмал  мен  гликогенге  ұқсас  басқада  табиғи  полисахаридтер  гидролизденеді: 



целлюлаза  ферментінің  қатысуымен  –  целлюлоза,  хитиназа  –  хитин,  гепариназа  –  гепарин 

жəне т.б. 

Полисахаридтер мен олигосахаридтердің ыдырауының екінші бір түрі – фосфоролиз – 

көбіне 


гликогенге 

тəн. 


Фосфоролиз 

реакциялары 

олиго- 

жəне 


полисахарид 

молекулаларындағы гликозидтік байланыстың үзілген жеріндегі моносахарид қалдықтарына 

фосфор қышқылының  қосылуымен түсіндіріледі. 

Фосфоролиз реакциясын фосфорилаз ферменті жылдамдатады, фосфоролиттік үзілуге 

тек 1,4-гликозидтік байланыстар ғана ұшырайды. 

Осылайша, 

олиго- 

жəне 


полисахаридтердің 

ыдырауы 


салдарынан 

еркін 


моносахаридтер  немесе  олардың  фосфорлық  эфирлері  пайда  болады.  Ары  қарай 

моносахаридтер  алмасуында  олардың  тек  фосфорлық  эфирлері  ғана  қатысады.  Еркін 

монозалар  фосфорланып  реакцияға  қабілетті  қоспаға  –  фосфорлық  эфирге  айналады. 

Глюкозаның фосфорлануы мынадай нұсқада өтеді: 

Глюкоза+АТФ глюкокиназа Глюкоза-6-фосфат+АДФ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет