Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет32/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Ферменттер  əсерінің  механизмі.  Ферменттер  катализатор  болғандықтан  өздігінен, 

бірақ  өте  баяу  жылдамдықпен  жүретін  химиялық  процестерді  тездетеді.  Барлық  басқа 

катализаторлар  сияқты  реакция  энергиясының  төмендеуінің  арқасында  химиялық  реакция 

жылдамдығын  жоғарлатады.  Химиялық  процестер  кезінде  жұмсалатын  қосылыс  бірқатар 

аралық жағдайлардан өтеді жəне бос энергия айтарлықтай төмендейді. 

Ферментативтік катализ механизмінде басты ролді фермент-субстрат кешені атқарады, 

ферменттің  үштік  құрылымы  өзгереді,  ол  фермент  бен  субстрат  молекулаларының 

кеңістіктегі үйлесімділігінің жақсаруына септігін тигізеді. 




26 

 

 



Сурет 7. Ферменттер əсерінің механизімі 

 

Ферментативтік  реакцияның  бірінші  сатысында  фермент  жəне  субстрат  ковалентті 



немесе басқадай байланыспен байланысқан қосылыс түзіледі. Екінші сатыда субстрат өзімен 

байланысқан  фермент  əсерінен  белсенді  күйге  көшіп,  өзгерістерге  ұшырайды,  химиялық 

реакцияға түсуге ыңғайлы қалыпқа көшеді. Үшінші сатыда химиялық реакция жүреді. Соңғы 

сатыда пайда болған реакция өнімі фермент-өнім кешенінен босап шығады. 

Егер  ферментті  Е,  субстратты  S,  белсенді  субстратты  S

*

,  реакция  өнімін  Р  деп 



белгілесек, онда процесс ізбе-ізділігін былай көрсетуге болады: 

E+S ↔ ES ↔ ES

↔ EP ↔ E + P 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет