Педагогикада білім беру мазмұны - жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырған және жүйелі түрде білім алуы, ақыл-ойы мен сезімін дамыту.
Я.А.Коменский оқытуды технологияландыруды жақтады. Ол оқытудың «механикалық болуын, оқытудың қанағаттандыратын нәтижелеріне әкелетін жол іздеуге тырысты. Я.Л. Коменский «Дидактикалық машинаға: бірінші- нақты қалыптасқан мақсат; екінші- мақсатқа жету үшін нақты бейімделген амал; үшінші- амалдарды қалай қолдануды түсіндіретін нақты ережелерді табу керек деп жазды. Коменский дәуірінен бері оқытуды технологияландыру туралы ойлар толықтырылып, нақтыландырылды. Оқыту технологиясына жаппай енуді зерттеушілер 60- жылдардың басына қарай бастады.Шетелдің педагогикалық технология бойынша танымал авторларына ДЖ. Кэрролл, Б.Блум, Д.Брунер, Г.Геис т.б. жатады. Оқыту технологиясының жолдары Ресейлік авторлардың П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызин, Ю.А.Бабанский, М.В.Клариннің т.б. ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
Қазіргі кезде оқытудың бихиоверситік теориясы алға шығуда. Сонымен қатар оқытудың прагматикалық теориясының өкілдеріне: У.Джеймсом, Д.Дьюи жатқызамыз. Ал, оқытудың прагматикалық емес теорияларын жақтаушылар қатарында: А. Маслоу, Т.Роджерс, Н. Тейлент және т.б. бар. Ф.Бэконн ұсынған. Л.В. Занков программалық материалды меңгерудің дұрыс екенін айтты. Дамыта оқыту технологиясын Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов және олардың көптеген шәкірттері дамытуға үлесін қосты. Д.В. Эльконин білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқытып, оқытуға жүйелі әрекеттестік бағыттың негізін қалады. Дамыта оқыту технологиясының дидактикалық идеяларға әр түрлі сабақтағы әрекеттік ситуациядағы оқушылардың рефлекциясын жеделдету идеясы да енді.
Ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік технологиясы П.Я. Гальперин, Д.В. Эльконин, Н.Ф. Талызин теориясының негізінде жасалған. Осы теорияның авторлары білім, шеберлік пен дағды адамның әрекетінсіз меңгерілмейтіндігін, сақталмайтындығын түсіндірді. Практикалық әрекет нәтижесінде адамда мақсат, жоспар әрекетті, орындау тәсілдері туралы негіз қалыптасады. Сондықтан әрекетті қатесіз орындау үшін адам болып жатқан әрекеттің қандай аспектісіне көңіл аудару керек, нәтижесінде не болатындығын білуі қажет деп санаған. Бұл жағдай ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясының негізін құрайды.