Білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері
Дәріс – Ежелгі Гректерде пайда болып, орта ғасырларда Ежелгі Римде одан әрі дами бастады. Алғаш латын тілдерінде жүргізілді. Пән мұғалімі кітаптар оқыды, мәтінге өз тарапынан көзқарас білдірді. Ортағасырлық университетттерде таңертең қарапайым түрде дәрістер оқылды, ал кешке – қысқаша түрде қайталанып отырды. Дәрістен шыққаннан кейін студенттер бірлесе отырып дәрістің мазмұнын еске түсіріп талдаулар жасайды.
Дәріс (латын тілінен «lectіоң - оқу ) жоғары оқу орындарында дәстүрлі және басқаратын оқытудың түрі.
Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым болып табылады. Дәріс беруші аудитория (студенттер) алдында түзетусіз “таза” сөйлеуі қажет. Жазу столында жіберген қателікті оңай сызып тастай алсақ, дәрісті оқу барысында қате жіберу мүмкін емес. Бұның бәрі дәріс берушіден лекцияға дайындалу кезінде тіл және баяндау стилімен көп жұмыс істеуді талап етеді.
Мазмұндаманың қарапайымдылығы мен жеңілдігі жоғары мектептегі дәрістің басты жетістігі болып табылады. Анық емес және бұрмаланған мазмұндаманың екі себебі бар: 1) дәріс берушінің мазмұн, мәтінді терең түсінбеуі; 2) тыңдаушыларға қарапайым түрде жеткізе білмеуі.
Дәрістің қарапайымдылығы мен түсініктілігі мазмұндаманың қысқа болуымен тығыз байланысты. Ғылым тілі қысқа. Академиялық дәрісте көп нәрсе айтуға болады, бірақ көп сөйлеуге болмайды. Дәріс берушінің ұзақ мағынасыз сөзі тыңдаушыны жалықтырады және шаршатады. Дәрісті оқу шаблонды болмауы қажет. Дәрістің формасы бірқатар жағдайларға және ең бастысы материал мазмұны мен тақырыбының сипатына байланысты болады. Дәрістегі шаблон дәрісшінің оқылатын дәрісті дайын кітаптағы фраза түрінде беруге де болады.