Формальды оқытуды жақтаушылар да, алғашқылар сияқты оқытудың субъективтік жағының мәнін жете бағалаған. К.Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып, екі теорияны да сынға алды. Ол, “Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді”- дей отырып, алдымен адамды білім жағынан сусындатып, алған білімдерін игерту қажеттігіне мән берілуі тиіс екендігіне тоқталған. К.Д. Ушинский білім беру мазмұнын таңдау барысында материалдық және формальдық әдістерді бірлікте қарастыру идеясын ұсынған.