Қазіргі өзіміздің өмір сүріп отырған демократиялық қоғамда еркін, шығармашылық - танымдық тұрғыдан ойлай алатын адамдарды қалыптастыру міндетіне сай білім беру мазмұнында қолданыста бар үш түрлі тұжырымдамалар бар. Мысалы, ғылымдар негізінде педагогикалық бейімделу мектептің оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Яғни, құндылық қасиеттердің жаңа түрлері қалыптастырылады, дамытылады. Білім мазмұны өндіріспен байланыстырылады, демек білім адамға әсер ететін өндірістік фактор ретінде сипатталады.
И.Ф.Харламов білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында білім алушылар меңгеретін білім, дағды, іскерліктері тұтастықта қарастырылады.