Семинар – латын тілінен енген (semіnarіum)- білім қалыптастырушы, ойды негіздеуші. Студенттердің таным процесінде жанданады. Ежелгі Грецияда алғаш студенттердің арасында пікірсайыс , оқытушы мәліметімен, қорытындысы түрінде пайда болған, орта ғасырларда университеттерде апта сайын педагог пен магистрлік дәрежеге ие болғандар диспут түрінде жүргізген. XVІІ ғасырларда Батыс Европада қолдана бастады.
Семинарды өткізудің мақсаты – тәртіп бойынша білімді тереңдету. Білім алушыларға өзіндік ізденіс дағдысын қалыптастыру, ақпаратқа анализ жасауға және ғылыми ойлаудың дамуын қалыптастыру. Семинар- шығармашылық пікір сайыстарға қатысуға, дұрыс шешімдер қабылдай білуге, өзіндік көзқарас танытуға мүмкіндік береді.
Семинарды өткізудің негізгі міндеті: дәрісте алған білімді бекіту, өзіндік жұмыстардың тиімділігі мен нәтиже беруін тексеру, алдағы мәселені шешуде өздіндік мүмкіндіктерді көрсете білуге машықтандыру;
Семинар белсенді жүргізу үшін ол басқарушылық, пікірсайыстық сипатқа ие болуы қажет. Пікірсайыстық тақырыбын, өзектілігін педагог алдын – ала ойластырады.
Дәстүрлі семинарлар: пікірталас семинары, рефераттар мен баяндама қорғау т.б. семинарлар болып бөлінеді.
Рефератты-баяндамалық семинарларда студент баяндама қорғайды. Сұрақ жауап семинарында- педагог таңдауымен студенттің сабақ айтуы, содан кейін кері байланыс орнатылады. Аралас семинар түрінде –студенттер реферат қорғаса, басқа студенттер сұраққа жауап береді т.б. соңында баяндамашы қорытынды жасайды.