Дәрілік (анальгетиктер, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер және т б.)



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата12.04.2023
өлшемі0,81 Mb.
#81768
1   2   3   4   5   6   7   8   9
абдоминалды нұсқалары:
ішпердені тітіркендіру белгілерінің болуы


Ағымына қарай :
·
жіті қатерсіз: клиникалық симптоматиканың шапшаң басталуы, шок тиісті
қарқынды терапияның ықпалымен толық тоқтатылады.
·
жіті қатерлі:
АҚ жылдам төмендеп кететін (диастолалық — 0 мм рт. ст. көрсеткішіне дейін) жіті
басталумен, есінің (сананың) бұзылуымен және бронх спазмы құбылыстары бар тыныс алу
жеткіліксіздігі симптомдарының өрістеуімен сипатталады;
аталмыш нысаны қарқынды терапияға жеткілікті резистентті болып табылады және 
өкпенің ауыр ісінуінің, АҚ берік құлдырауының және терең коматоздық жай-күйдің 
дамуымен өрістейді;
АШ неғұрлым жылдам дамыса, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін ауыр АШ дамуының 
мүмкіндігі соғұрлым жоғары (сондықтан адекватты терапия жүргізіліп отырған кездің 
өзінде АШ-тың бұл ағымына жағымсыз нәтиженің болуы тән.
·
ұзаққа созылған ағымы:
бастапқы белгілері кәдімгі клиникалық симптомдармен шапшаң дамиды, шокқа қарсы 
белсенді терапия уақытша және ішінара әсер береді;
кейін клиникалық симптоматика онша жіті болмайды, бірақ емдік шараларға 
резистенттілігімен ерекшеленеді.
·
қайталанатын ағымы:
симптомдарды алғашқы тоқтатқаннан кейін қайталанған жай-күйдің туындауы тән, 
салдарлы соматикалық бұзылыстар жиі туындайды.
·
абортивтік ағымы:
шок тез өтеді және қандай да бір дәріні қолданбай-ақ жеңіл тоқтатылады.


Ауырлық дәрежесіне қарай :
I дәрежесі:
·
гемодинамиканың аздап бұзылуы (САҚ және ДАҚ қалыпты
мөлшерден 20-40
мм рт.ст. төмен);
·
аурудың алдын ала хабаршылардан басталуы (бөртулер, 
тамақтық жыбырлауы және т.б.);
·
есін біледі (санасы сақталған);
·
жүректің қызметі сақталған;
·
шокқа қарсы терапияға жеңіл көнеді;
·
жеңіл дәрежедегі АШ ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше
сағатқа дейін.
II дәрежесі:
·
САҚ 90-60 мм рт.ст. шегінде, ДАҚ 40 мм рт.ст мөлшеріне 
дейін;
·
есін жоғалтудың болмауы;
·
алқыну;
·
асфиксия (көмейдің ісінуінің салдарынан);
·
тахикардия, тахиаритмия;
·
шокқа қарсы терапияға жақсы көнеді.


III дәрежесі:
·
САҚ 60-40 мм рт.ст. шегінде, ДАҚ 0 мм рт.ст шамасында;
·
цианоз;
·
біртіндеп есін жоғалту;
·
құрысу синдромы;
·
тамырдың дұрыс емес, жіп тәріздес соғуы;
·
шокқа қарсы терапияның әсері аз.
IV дәрежесі:
·
клиникасы шапшаң дамиды;
·
бірден есін жоғалту;
·
АҚ айқындалмайды;
·
шокқа қарсы терапияның әсері болмайды;
·
5-40 минуттың ішінде өлімге әкелетін нәтиже болады.
Мыналардың:
·
демиелинизациялаушы үдерістің;
·
аллергиялық миокардиттің;
·
гепатиттің;
·
невриттің кейінгі асқынулары дамуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет