Дәрілік (анальгетиктер, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер және т б.)


Тері тесттерін қолдану қағидалары



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата12.04.2023
өлшемі0,81 Mb.
#81768
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тері тесттерін қолдану қағидалары:
·
анамнезде дәріні көтере алмаушылыққа нұсқаулар болмаған кезіндегі дәрілік 
препараттармен тері тесттері ақпараты жоқ және көрсетілмеген;
·
себептік маңызы бар аллергенді нақтылауға бағытталған барынша егжей-тегжейлі
аллергиялық зерттеуді жіті реакцияны тоқтатқаннан кейін және қасарыс (рефрактерлік) кезеңі 
аяқталғаннан соң өткізеді, диагностикалаудың зертханалық әдістерін пайдаланған дұрысырақ болады;
·
оң фармакологиялық анамнез кезінде дәрілік аллергия диагнозын нақтылау үшін күдікті 
препаратпен провокациялық тесттер: тері, тіласты және толық терапевтік мөлшердегі тесттер
жоспарланған тәртіпте, тек қана көрсетімдер бойынша, реанимация және қарқынды терапия 
блоктарына жақындатылған жағдайларда аллерголог–иммунолог дәрігермен өткізіледі, өйткені 
анафилаксиялық шоктың даму мүмкіндігі жоққа шығарылмаған.
Медициналық кабинеттерді жарақтандыруға қойылатын талаптардың сақталуы:
·
шокқа қарсы жинақтың және анафилаксия дамуы кезінде алғашқы көмек көрсету 
жөніндегі нұсқаулықтың тек емшара бөлмелерінде ғана емес, гистамин бөлінуін ынталандырушы
әсерге ие препараттарды қолданумен диаггностикалық зерттеулер (мысалы, рентгенді-контрастық 
зерттеулер) жүргізілетін кабинеттерде де, стоматологиялық кабинеттерде де міндетті түрде болуы [3].
Фармакотерапия қағидаларын сақтау:
·
полипрагмазиядан сақтану;
·
ДЗ тек көрсетімдер бойынша ғана тағайындау;
·
ДЗ енгізгеннен кейін пациентті кемінде 30 минут бойына бақылау;


АШ қайта дамуының профилактикасы:
Пациентті мыналарға үйрету:
·
пациентке туындаған реакцияны тоқтату жөніндегі ұсынымдарды түсіндіру қажет;
·
дәрілік препараттарға, жарғаққанатты жәндіктердің шағуына және тағам өнімдерін 
анафилаксиясы бар пациентті шокқа қарсы, 1,0 мл ампулалардағы 0,1% адреналин гидрохлоридін
қамтитын жинақпен қамтамасыз ету;
·
себептік маңызы бар немесе айқасқан реакция беретін дәрілік заттарды қолданбау (бұл 
ретте дәрілік заттың әртүрлі фармацевтикалық компаниялармен өндірілетін синонимдерін ескеру);
·
себептік тағам өнімін тұтынбау;
·
жарғаққанатты жәндіктердің шағуынан сақтану және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет