Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері



бет25/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Дәрілік шикізаты. Өсімдіктің тамырсабақтары тамырларымен (Rhizomata cum radicibus Polemonii)плантацияларда екінші жылы күзде жиналған дұрыс, себебі бұл кеде шикізат өнімінің шығымы жоғары болады. Сабақтары кесіп тастап, топырағын жуып, ірі тамырсабақтарын көлденең кесіп, ауада немесе кептіргіштерде кептіреді.
Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөлігінде дәрлік тритерпенді сапониндер табылған. Әсіресе, өсімдіктің тамырлары мен тамырсабақтары олрға өте бай, мұнда 20%-ға дейін сапониндер табылған.Сапониндерден басқа көкшегүлдің жер асты бөліктерінде смолалы заттар (1%), липидтер, органикалық қышқылдар, крахмал кездеседі.
Қолданылуы. Қайнатпасын қақырық түсіргіш зат ретінде созылмалы бронх дерттерінде пайдаланады. Бұдан басқа тыныштандыратын қабілеті бар. Батпақты ақшайыр шөбімен бірге асқазанмен ұлтабардың жарасын емдеуге ұсынылған.
Қырықбуын шөбі – трава хвоща –Herba Equiseti
Дала қырықбуыны – Хвощ половой – Equisetum arevense L
Қырықбуындар тұқымдасы – семейство хвощевйе - Equisetaceae
Сипаттамасы. Қырықбуын туысына жататын, биіктігі 10-40 см-ге дейін тереңдеп өсетін қара түсті болады. Өсімдіктің көктемдік және жаздық сабақтары қоңыр немесе қызғылт түсті, өн бойында көптеген бунақтары бар. Сабақтың бунақтар аралық қосылған жерлерінде 7 – 8 қоңыр түсті тістері бар. Бұл тістер жоғары қарай қынап секілді сабақты қоршай орналасқан. Сабақтың ең ұшында споралы масағы бар. Споралар пісіп жерге шашылғаннан кейін, олардың орнында биіктіге жарты метрдей, тұқым бермейтін, жасыл-қоңыр түсті жаздық сабақ болады. Бұл сабақта да көптеген бунақтар бар. Өсімдіктің осы бунақтар арқылы жасалған жермен айнала жапырақ орнына жүретін бұтақшалары жан-жаққа күлте бастанып тарап өседі. Споралары сәуір-мамыр айларында піседі. 
Таралуы. Далалық қырықбуын саздың шеттерінде, өзендердің жағалауларында, ылғалды шабындықта, құмды жерледе, орманды аймақтарда.. Дәрілік шикізаты. Шикізаттың шөбін (Herba Equiseti) жазда пышақпен кесіп алады қалың жерлерін орақпен орып жинайды. Төменгі қатты бөліктерін қалдырып отырады, кептірер алдында шикізаттан басқа өсімдіктердің қоспаларын алып тастайды, сонымен бірге қырықбуынның басқа бөліктерінен е тазалап отырады. Шикізатты шатырда, жақсы желдетілген бөлмелерде кептіреді. Бұл үшін оларды қалыңдығы 5-7 см – дей етіп жаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет