Қырмызыгүл гүлдері – цветки ноготков – Flores Calendulae Дәрілік қырмызыгүл –Ноготки лекарственные Calendula officinalis L. Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae Сипаттамасы. Биіктігі 2-70 см тік тармақты сабағы бар бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақ жапырақтары сағақты, ұзын қандауыр тәрізді. Гүл себеттері ірі, енінің шамасы 50 мм, шеткі тілше гүлдері сары, ішкі түтікшелі гүлдері қызғылт түсті, қос жынысты өсімдік.
Таралуы. Қазақстанда мәдени өсіріледі. Күн сәулесі түсетін дымқыл жерлерде жақсы өседі.
Дәрілік шикізаты. Гүлдерін (Flores Calendulae)толық гүлдеп тұрған кезінде яғни, тілше гүлдерінің көлденең орналасқан кезінде жиналады. Гүл себеттерін гүл сағағының түбінен жұлады. Жиналған шикізатын тез арада көлеңкелі ашық ауада немесе кептіргіштерде 450 С кептіреді.Бүтін кептірілген гүл себетінің шеңбері 0,5-4 см, гүл табаны жалпақ, гүл орамы бір қатар жіңішке қияқты үшкір күлте жапырақтардан тұрады. Шеткі тілше гүлдерінің жоғары тілше гүлдері 12 қатардан орналасқан.
Химиялық құрамы. Гүл себеттерінде каротиноидтар – каротн, ликопин, вилоксантин, рубиксантин, цитроксантин, флавоксантин, неоликапиндер, ал шеткі гүлдерінде 3 шамасында каротиноидтар бар.
Өсімдіктің ашық түсті формалары каротиноидтарға ерекше бай болады. Қырмызыгүлдің емдік қасиеті каротиннің қызғылт сары пигментіне – А тобының дәрумен ізашарларына (правитаминдеріне) байланысты. Гүл себеттірінің түсі қызғылт-сары болып келетін қырмызыгүлдің құрамындағы каротин мөлшері ашық-сары түстіге қарағанда екі есе көп болады.
Қолданылуы. Препараттарының қабынуға қарсы, жараны жазатын бактерицидті, қанды тазартатын қаиеті бар. Медицинада қырмызыгүл препараттарының өт айдайтын, қан тоқтататын гинекологиялық және жүрек қағатын дерттерде қолданылады.
Ақшайыр шөбі – трав сушеницы топяной – Herba Gnaphalii uliginosi Батпақты ақшайыр – сушеница топяная - Gnaphalium uliginosum L.