Дәрілік заттардың кері әсерлерінің негізгі себептері.
Көбінесе, дәрілік заттардың кері әсерлерінің алдын алуға болады. Бірақ соңғы зерттеулер бойынша бұл қателіктер дәрігерлердің дәрі дәрмектердің кері әсерлері мен қай кезде қолдануға болмайтынымен толық таныс еместігінен екені көрініп отыр. Мұның да өз ақтауы бар, қазіргі кезде дәрі дәрмек шығаратын фирмалар өте көбейіп кеткен және көптеген дәрілердің рецептурасы жоқ. Тағы да көптеген себептер бар
Дәрі-дәрмектермен улану
Клиникалық көрінісі: қозу, эйфория. Бастың айналуы, кұлақта шудың естілуі, есту және көру қабілетінің нашарлауы. Тыныс жиілейді. Сандырақтап, есеңгіреп комалық күйге енеді. Кейде тері астында геморрагиялар пайда болып, мұрыннан, асқазан — ішек жолдарынан қан кетуі мүмкін. Ары қарай метгемоглобинемия, токсикалық нефропатия, метоболикалық ацидоз дамиды.
Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің негізгі принциптері.
Ауыр жедел уланулар жиi өмiрге қауiп көрсететiн функциялардың бұзылысына әкеледi, сондықтан элементарлы көмектiң шараларын қолдануға тура келедi. Ұзақ уақыт бойы ессiз жағдайдың болуы және тыныстың тежеленуi бар ауыр улануларда ерте профилактикалық химиотерапияны есепке алу қажет. Көптеген жағдайларда сұйықтық және электролиттердiң мөлшерiн бақылауға алу қажет.
I. Сiңiрiлудi төмендету шаралары
Бұл шаралардың мақсаты-уландырғыш заттың экспозициясын тоқтату.
Келесi жолдармен улағыш заттар ағзаға түскенде, келесi жағдайларды ұстау қажет:
1/ удың парентеральды түсуi. Удың ингаляциясы кезiнде таза ауаны беру қажет . Терiге түскен және сiңiрiлудi жалғастырып жатқан уды сумен шайып тастау.
2/ удың пероральды түсуi. Көп жағдайда улану пероральды жүредi: емдегенде алдыңғы кезекте IҚТ-ғы удың концентрациясын төмендету шаралары жатыр: А) уландырғыш затты асқазаннан аластату; Б) құсықты шақыру