Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет22/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
идеалды түрлерін немістің көрнекті ғалымы М. Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің 
мынадай 3 түрін ажыратқан: 1) әдет-ғұрыптық легитимділік. Ол сонау ерте заманнан бастап 
халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді; 2) харизматикалық легитимділік. Өзінің 
ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен 
адамды басшы ету; 3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимділігі. Саяси билік қазіргі саяси 
құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. 
Саяси биліктің легалдылығы – басқару түрінің заңдық негізі, яғни оның құқықтығының 
барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, 
легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал 
тұрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен 
кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес. Биліктік іс-әрекеттің өзінің 
мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі – легитимділік туралы мәселе. 
«Легитимділік» термині (лат. Legitimus – заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің 
бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын 
анықтайды. Легитимділік дегеніміз – халықтың өз еркімен биліктің шішім қабылдау және 
оларды орындау құқығын мойындау. «Легитимділік» терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. 
Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс 
әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789–1794 ж. революциялар нәтижесінде биліктен 
аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп 
танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси 
дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында 
билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың заңдылық дәрежесі күмән 
тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз 
жаулап алу және басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Қандай билік 
болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды. «Билік легитимділігі» ұғымын француз 
революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым 


қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Легитимділік 
туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені биліктің 
ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір 
аласапыран мен тәртіпсіздікті ала келді, осының салдары ұзаққа созылған қанды соғыстарға 
себеп болғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы 
субъектілерді заңдастырудың әртүрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір 
қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып, жасақтады. Легитимация – ең алдымен, осы 
биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және 
құқықтық тұрғыдан негіздеу. Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне 
ғана емес, сондайақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік 
легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы 
ассоциативті кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, ал оның шешімдері орындалуға 
міндетті деп саналады. Билік өзінің ықпал ету кеңістігін игеру үшін биліктік ықпал ету күшіне 
ие болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды басқару 
өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақтылық дәрежесін; күш пен құралдардың қажетті 
арсеналдарын пайдалана білу кабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. 
қаншалықты игергендігіне тәуелді. Биліктік ықпал ету кеңістігі бір мезгілде ассоциацияның 
соңғы ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы индивид, бағынушы болып табылатын 
құрылымданған және ассоциативті кеңістік болып табылады. Демократиялық қоғамда бұл 
азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда 
билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет. Билік 
легитимациясы – азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, билікті мойындайтын қоғамдық 
келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимация – 
биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы. Оппозициялық күштер 
билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану жолында әрекет етеді. Оппозиция 
билік қабылдаған заңдардың легитимділігін, билік өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізетін 
биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың Конституцияға сәйкестігін, олардың 
қажеттілігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушылар ұсынған аргументтердің 
дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да – билік пен оппозиция 
арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай 
күрестің кандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек. Мемлекеттік 
құқықтың тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне Конституция жатады. Мысалы: 1995 
жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа 
конституциясы саяси билікке нақтылы легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын 
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең 
қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан 
Республикасы – призиденттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік 
биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция 
мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінеді, олардың 
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне 
сәйкес жүзеге асырылады. Республика президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары 
лауазымды тұлғасы болып табылады. Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз 
әрекетін легитимдендіру үшін әртүрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар 
өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз 
өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар 
шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның 
әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді.
1. Қоғам биліксіз өмір сүре ала ма?
2. Билік түсінігіне анықтама бер.
3. Биліктің түрлерін жікте.
Әдебиеттер. 
1. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік. Оқу құралы. А., 2014 
2. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007. 


3. Жамбылов Д. Саясаттану.- Алматы., 2009. 
4. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006. 
5. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000. 
6. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994. 
7. Абдыкалыков У.К., Симтиков Ж.Қ. Саясаттану. Оқулық. А., 2018. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет