Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет24/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Гильдия және антрепренерлік. 
• 
Антрепренерлік  түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік 
жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, 
мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында 
элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына 
тосқауыл қоймайды. 
Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете 
білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. 
Элитаны қалыптастырудың бүл түрі озінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге 


қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде 
бүл түр кең тараған. 
Саяси элиталарға сұрыптаудың мүндай түрінің кемшілігі — саясатқа сырттай жағымды 
корінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, қрыншақ, авантюрист адамдардың билік 
басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам омірінде 
дау-жанжаддар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі кобейеді. 
• 
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп 
отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған 
кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы 
мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы 
мүмкін. 
Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан 
шығуы керек. Сондықтан билік басына тандаудың бүл түрі жабық болып сана-лады. 
Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні түйық қоғамдық топтан іріктеп 
алатын, кертартпа түр. Оның артықшылығы — саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала 
болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың 
мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бүрынғы социалистік елдерде кеңтараған 
номенклатуралық элита жатады. 
• 
Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі 
авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған. 
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби мамаіщанған басқарушыларсыз өз қызметін 
толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А. Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элита 
санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, "элита коэффициентіне" шығарды. Ол 
жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір 
пайызын қүраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элита-ның коэффициенті 5 пайыздан асса, 
қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым. 
Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай 
басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, 
маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, 
бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, олқылықтарын 
тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды. 
Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөледі. 
Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне ес!к ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, 
тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі. 
Индия саясаттанушысы П. Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі 
деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары 
дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. 
Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде
4 топқа бөледі: 1) билік қүрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы 
элита; 2) мемлекет кызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер 
басшылары) қүрайтын әкімшілік элита; 3) белплі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар 
адамдар (жоғары қызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген 
үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық 
(маргиналдық) жағдайдағы адамдар. 
Қоғамның тол ыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, 
күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды 
түлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра 
түскен абзал. 
Біздің Қазақставдағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере 
қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, комму-
нистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институтгарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) 
қызметке көшті. 1993 жылғы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын 
мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының 


Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. 
Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды. 
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы 
(Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, 
кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элита 
кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет