Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет19/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

2 сұрақ. Билікті әркім әртүрлі түсінеді. Билік ұғымы түсінігіне келсек бір адамның бір 
немесе бірнеше адамға әмірін, яғни билігін жүргізуі. Билік ирархия түрінде болады, төменнен 
жоғары. Ал билік деген ұғым екі топқа бөлінеді: Саяси билік және саяси емес билік. Саяси 
билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер 
жатады. Сонымен қатар, саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес. Себебі саяси 
биліктің түрлері өте көп. Мыс., монархияның билігі (патша, император, кароль, шах, сұлтан), 
бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с. Саяси биліктің 
тағы бір түрі – сайланған билік, яғни халық билігі. Осыған байланысты саяси биліктің саяси 


биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді) сайлаушы билік, демократиялық билік және 
заңды емес (легитимді емес), лигитимсіз сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік 
қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді. Адам 
және оның құқықтары бірінші орында. Қазақстан Президенттік басқарудағы зайырлы, 
демократиялы, басты назарда адам және оның өмірі, оның құқықтары мен бостандығын 
ескеретін құқықты және әлеуметтік біртұтас мемлекет. Қазақстандағы Мемлекеттік билік 
бірыңай болып табылады және оның құрамына (екінші билік) Парламентпен жүзеге асатын 
(үшінші билік) заң шығарушы билік. Орталық орган мен жергілікті органдардан , мемлекеттік 
сот қарамағында қызмет ететін сот билігінен тұратын Үкіметтің атқарушы билігі кіреді. 
Мемлекет билігінің негізгі тұғыры халық болып табылады. 
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік саяси салада ғана айқындалады. Саяси билік – 
биліктің ең басты түріне жатады. Саяси биліктің өз қызметтері болады. Оған жататындар: 
қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен 
қоғам, таптар мен топтар, бірлестіктер, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен 
аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әртүрлі 
деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; үкімет органдары, саяси емес процестерде 
басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды басқару және түптеп келгенде, белгілі бір 
қоғамға сәйкес баскарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты ашық және 
жабық қоғамды құру; қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді 
ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б. 
Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар жатады делік. Алайда олар бәрі 
бірдей ортақ билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, 
партиялардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Осыдан келіп билік 
басындағыларға сенім білдіру мәселесі туындайды.   
Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, 
пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде олар биліктің ресурстары деп аталады. Биліктің 
ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады: 
- экономикалық (материалдық қажеттіліктер) 
- әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар) 
- күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)
- ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар) 
- демографиалық (адам- ең негізгі әләуметтік құрал).
Осы рессурстардың ішінде қазіргі уақытта Э.Тоффлердің пікірінше білім мен ақпараттық 
құралдар билік ресурстарының әлемде ерекше маңызға ие бола бастады.
Саяси биліктің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден - ол адамдардың үлкен тобының 
мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады да, қоғам сол топ 
мүддесі тұрғысынан басқарылады. Екіншіден - қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ 
өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер 
арқылы жүргізіледі. Үшіншіден - саяси биліктің арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше 
кәсіби топтардың болуы. 
Саяси биліктің қасиеттерінің бірі - оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш 
ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет- үстемдікті 
шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу.
Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік билік 
саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері: 1) Ол белгілі бір территориясында ерекше 
аппарат арқылы жүргізілетін билік. 2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппаратына сүйенеді. 
3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады. 
Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. 
Бұл идеяны қалыптастырушы 17 ғ. ағылшын ойшылы Джон Локк (1632 - 1704)және әрі қарай 
толық дамытқан 18 ғ. француз ойшылы Ш-Л. Монтескье (1689 - 1753) болып табылады. Ол 
саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына 
бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, Сот билігі.


Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен 
айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті 
бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты 
ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және 
сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау 
жасайды. 
Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге асырса және оның 
жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға айналады, ауысады. Сондықтан 
қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында болуы мүмкін емес 
және де халық билікті өзі жүргізе алмайды.
Билік жүргізу белгілі бір адамға, топқа, ұжымға, органға беріледі. 18 ғ. көрнекті француз 
ойшылы Жан Жак Руссо халық суверинитеті идеясын көтеріп, биліктің тұрлерін ажыратқан. 
Ол - үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу тиісті деп тұжырымдады. Заң 
шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта демократияның дамуы болып 
табылады. Үш билік үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Бірақ 
биліктің бөлуін бір-біріне мүлдем тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп 
түсінбеу қажет. Бір қоғамда әрине биліктің тұтастығы және тұрақтылығы қажет. 
3. Билік – көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік табиғи 
айырмашылықтарға, субъективті-объективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. 
Оның мақсаты – қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны – үстемдік пен 
бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және 
отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі 
нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік қалауын 
топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз 
етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-
қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып табылады. 
Субъектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың 
барлығы «билік ресурстарын» құрайды. Мысалы, қоғамдық өндіріс пен тұтынуға қажетті 
материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б. – биліктің экономиялық 
ресурсы, ал әлеуметтік, әскери, т.б. ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат 
баласы демографиялық ресурс ретінде бағаланады. Саяси биліктің өз ерекшеліктері бар. 
Біріншіден, адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам 
экономикасындағы рӛлі басым болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады. 
Екіншіден, қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет, 
қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі. Үшіншіден, саяси биліктің 
арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтар болады. Саяси билік қасиеттерінің 
бірі – оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет – 
биліктің иерархиялық сипат алуы. Үшінші қасиет – үстемдікті шоғырландыруға және 
монополизациялауға ұмтылу. Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге 
асады. Мемлекеттік билік – саяси биліктің бір түрі. Мемлекеттік билік белгілі бір 
территорияда ерекше аппарат арқылы жүргізіледі, өзінің күштеу аппаратына сүйенеді және 
монополиялық сипат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет