Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет61/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта 
кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс (1818-1883) пен Ф. Энгельс (1820-1895). 
Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі 
жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді 
орнататын бірден-бір құрал – социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – 
жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социалистік революция 
нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет – пролетариат 
диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық-экономикалық формациялардың 
жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады. Олар жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті 
орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады. 
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және 
реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В. И. Ленин (1870-1924) басқарды. Ол 
марксизмді демократиялық революцияда пролетариаттың басшылық ету керектігі, партияның 
рөлі, буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, 
социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі 
туралы теориялармен байытты. Реформистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн 
(1850-1932) мен немістін тарихшысы және экономисі К. Каутскийдің (1854-1938) еңбектерінде 
дамытылды. Кейін ол өзінше бөлек идеялық-саяси бағытқа – социал-демократияға айналды. 
XX ғасырдың аяғында марксизм күйзеліске ұшырады, коммунистік идеологияның ықпалы 
күрт төмендеп кетті. Бүгінгі таңда ол Қытай, Корея Халық-Демократиялық Республикасы
Кубада сақталды. 
Жоғарыда көрсетілгендей, социал-демократиялық идеологияның теориялық негізін салған Э. 
Бернштейн. 1899 жылы оның “Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның 
мақсаты” деген еңбегі жарық көрді. Онда ол капитализмнің өзін-өзі дамытуға мүмкіншілігі бар 
екендігін көрсетті. Соның негізінде классикалық марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер енгізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет