Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Қазіргі идеологияның негізгі түрлері



Pdf көрінісі
бет59/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері. Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне 
либерализм (латынның либералис – еркін деген сөзінен) жатады. Либералдық идеялар XVII-
XVIII ғасырларда ағылшын және француз ойшылдары ұсынған (Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Л. 
Монтескье, Д. Дидро, Вольтер) қағидаттардан бастау алады. Либерализмнің басқа да негізін 
салушылар: А. Смит (1723-1790), И. Кант (1724-1804), Т. Джефферсон (1743-1826), А. 
Токвиль (1805-1859), Дж. Милль (1806-1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық 
қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде 
экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. 
Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы 
білдірді. 
Бүгінгі танда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің 
идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері 
жалпыадамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары (идеалы) 
қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, 
оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда бодпы. 
Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары 
мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет 
мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға 
негізделеді: адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, көсіпкерліктің еркіндігі, 
экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана кызметті 
– меншікті қорғау, «түнгі сақшылық» қызметін атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді 
және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. 
Демократияның либералдық түсінігі – адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, 
меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет 
қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны 
жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу 
және т.б. идеялармен байытты. 


XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік 
теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық 
адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан либерализм 
өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат 
алды. Онда еркін нарықтык тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде 
экономикалық және әлеуметтік салаға (салық, бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі 
негізделді. Мемлекет «түнгі сақшы» деген идеяның орнына «жалпыға бірдей игілік мемлекеті» 
деген идея келді. Сонымен қатар басқарушылар мен бағынушылар арасындағы рөлдің қатаң 
бөлінуі барлық саяси күштердің мәмілеге келу тезисімен алмастырылды. Қоғамдағы барлық 
жіктердің мүдделерін қорғайтын “плюралистік демократия” идеясы, олардың саяси өмірге 
араласуы, шешімдерді демократиялық жолмен ашық қабылдау, т.т. алға тартылды. Мұның бәрі 
либерализм саясатының мәніне және Батыс демократиясының идеологиялық негізіне айналды.
Жаңарған либерализмнің негізгі өкілдеріне Ф. Фон Хайек, М. Фридман, Дж. Кейнс, Дж. 
Гэлбрейт және т.б. жатады. Оның идеологиясына көптеген партиялар сүйенеді. Мысалы, 
Жапонияда 1955 жылдан бері билік басында сол елдің ең үлкен партиясы – либералдық-
демократтар партиясы отыр. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және т.б. елдердің 
саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. Мұның бәрі жаңарған либерализм 
идеологиясы әлемдік халықтардың саяси өмірінде елеулі рөл атқарып отырғанын байқатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет