Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет58/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, 
әлеуметгік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-
ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты 
саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып-білуіне,  
хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына 
баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардын белгілі бір сезімін тудырып, 
көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси 
сана мен саяси психология бір деңгейде. Сондықган олар бір-біріне әсер етіп, байланысып, 
жымдасып жатады. 
Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей, әр түрлі іс-әрекеттерге соған сәйкес сезімін 
оятып, қоғамдык қозғалыстарда маңызды рөл атқарады. Сондықтан саяси бағытты жоспарлап, 
оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін 
адамдардың көңіл-күйін зерттеп, олардың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай 
білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау-дамай, шиеленістер, адамдар, ұлттар 
арасында қырғиқабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік 
соғысты ашарда неміс халқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардын 
ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың 
психологиялық ерекшеліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады. 


Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің 
идея – бейне және логос – білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз 
ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, 
олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін 
келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың, үлкен әлеуметтік 
топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын 
идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. 
Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып 
келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты 
болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы 
қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің 
жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін 
білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – 
саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды. 
Саяси идеологияның қызмет атқару деңгейлері: 
– Теориялық (концептуалдық) деңгей – түбірлі құндылықтар мен идеалдарды айқындайтын саяси 
әрекеттің философиялық-дүниетанымдық негізі. 
– Бағдарламалық-саяси деңгейде философиялық принциптер мен абстрактілі идеялар билік 
органдары мен азаматтарға ықпал ететін шешімдерді қабылдаудағы идеялық базаны құрай 
отырып, саяси күштердің іс-әрекетінің бағдарламасы мен стратегиясы түрінде көрініс табады. 
– Өзектілендірілген деңгей тұрғындардың белгілі бір нақты идеологияны қабылдау деңгейін 
және оларды нақты жүзеге асыру дәрежесін көрсетеді.
Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған 
мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға 
тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы 
ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде 
білінеді. 
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді аткарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей 
қызметтерінен білінеді: 
1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді. 
2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т. с. с. негізгі 
түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді. 
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-
мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, 
әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады. 
4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік 
шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге 
шақырады. 
5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына 
өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір 
көзкарас тудырады. 
Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол – адамдарды рухани біріктіріп, 
топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне 
бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. 
Саяси қызметке қатысушылардың іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді. 
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға 
мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің 
нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси 
идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай 
қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну – әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып 
тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология – сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар 
адамдар мен топтардын іс-әрекеттеріне мән мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан 
үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады. 


Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, 
манифестерінде, жарғыларында, сондай-ақ түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. 
Сондықтан А. Грамши идеология халықтың ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет 
етеді деген. 
Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеологтар-
саясатшылар, фәлсафашьшар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар, т. 
т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіңдіріледі. 
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, 
консервативтік радикалдық, реакциялык, шовинистік, ұлтшылдық және т. с. с. болып бөлінеді. 
Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нақтылы ғылымдардағы сияқты 
тәжірибе жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен қарайды. Әрине, 
“еркіндік”, “теңдік”, “достық”, “егемендік”, “демократия”, “адам құқығы”, “азаматтық қоғам”, 
“құқықтық мемлекет” сияқты категорияларды мінеки деп тап басып корсетуге келмейді. 
Дегенмен, идеология қоғамдық-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды. 
Сондыктан К. Маркс идеялар халық санасына сіңгенде материалдық күшке айналады деп тегін 
айтпаған. Ол жоқ жерден бостан-бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи 
міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана қояды. Себебі, 
міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе 
болуға таянған кезде туады. 
XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) 
“Идеологияның ақыры” деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми-
техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте-бірте өшеді-міс деп пайымдады. Бұл 
тезис 60 жылдары кең тараған 
студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен Американың атақты 
әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (1916) дүниетаным, көзқарасты қоғамды дамытатын 
қозғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. 
Сондықтан ескірген “идеологиясыздандыру” (деидеологизация) тұжырымдамасының орнына 
“қайтадан идеологиялану” (реидеологизация) ой-тұжырымы алға тартылды. Оның мағынасы 
саяси және әлеуметпк өмірдің идеологиядан тәуелділігі артып келе жатқандығын білдіреді. Тіпті, 
«идеологиясыздандыру» теориясының негізін қалаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары 
қоғамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындығын, оның қозғаушы күш екенін 
мойыңдады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаңасын қажет етеді деген тоқтамға келді. 
Бүгінгі таңда идеологияны тудыратын объективті себептер жойылған жоқ. Керісінше, 
қазіргідей өтпелі заманда оның маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологияның деңгейі 
неғұрлым жоғары болса, солғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдығы азаяды. 
Идеологияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, 
жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, солғұрлым өмір 
шындығын толығырақ бейнелейді, тарихи процестің заңдылықтарын дұрысырақ көрсетеді, 
ғылымға жақын келеді. 
Саяси идеология бұқаралық ақпарат құраддарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Оған баспасөз, 
радио, теледидар, бейнежазу, дыбыс-жазу кіреді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы 
қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Американың саясатшысы 
Г. Лассуэлл (1902-1978) БАҚ-тың мынандай негізгі төрт қызметін атап көрсетті: 1) әлемдегі 
болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату; 2) хабарларды “редакциялау”, таңдау және 
түсінік беру; 3) қоғамдық пікір қалыптастыру; 4) мәдениетті тарату. Жоғарыда айтылғандардың 
қатарына бесінші етіп оның коғамды саясаттандыруы мен бұқара халыкты саяси ағартушылығын 
қосуға болар еді. 
БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, 
таратады, оларға баға береді. Солардың негізінде тыңдаушыларды Үкіметтің, Парламенттің, 
партиялар мен қозғалыстардың іс-әрекеттері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірі 
туралы пікірлері, көзқарастары қалыптасады. 
Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға сүйенеді. Олар өздері 
журналистік тергеу жүргізе алады. Тергеу қорытындылары жарық көргеннен кейін кейде 


арнаулы парламенттік комиссиялар құрылады, қылмыстық істер ашылады немесе маңызды саяси 
шешімдер қабылданады. 
Қазіргі дүниеде БАҚ-қа жол ашу – ықпалды оппозиция қалыптастырудың қажетті шарты. 
Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Алайда, 
мұндай бостандық ауызға не келсе соны айту деген сөз емес. Мысалы, аумақтық тұтастықты, 
халық топтары арасыңда алауыздықты тұтандыруға жол берілмеуі керек. Саяси оқиғаларды 
шынайы бейнелеу, тарату мемлекеттің тұрақтылығын арттырады, қоғамды тиімді басқаруға 
мүмкіндік береді. 
Бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Олар азаматтардың 
саяси сауатын көтеруі, өзінің адамгершілігін сезінуі, абыройын жоғары ұстау, еркіндікке, 
әлеуметтік әділеттікке ұмтылыс, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік 
жасайды. Сонымен қатар жалған хабарлар таратуы, үрей-қорқыныш, сенімсіздік тудыруы 
мүмкін. Біраз жағдайда саясаткерлер БАҚ-ты халық санасын күңгірттендіріп, өздерінің айла-
шарғыларьш асырып, қулықтарын білдірмей, жасырын жүргізіп, дегендеріне жетудің құралы 
етеді. Оның тәсілдері сан алуан: деректерді бұрмалау, өзіне тиімсіз хабарларды айтпау, өтірік-
өсек, лақаптарды тарату, шындықгы толық жеткізбеу, т. т. 
БАҚ-тың рөлі, әсіресе Президент, Парламент сайлаулары кезінде артады. Олар үгіт-насихат, 
жарнама, т. т. арқылы саяси серкелер туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін 
(имидж) жасайды. Мұнда да саяси басшыны қай қырынан көрсетіп, оған қаншалықты уақыт 
бөлудің де маңызы зор. Сондықтан демократиялық қоғамда мұндай келеңсіз жағдайларды 
болдырмаудың өз жолдарын іздейді.
Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, 
консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар жатады. Енді 
соларға келейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет