мен
қоғамдық
ұйымдарды
басқару
органдары
кіретін
өте
ірі
деңгей.
2. Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық
шенбердегі
жергілікті
әкімшілік
билік
кіретін
орта
деңгей.
3. Адамдар,
кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы
қоғамдық
қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси
және қоғамдық өзін-өзі
басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
Билік құрылымы дегеніміз – оның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің субъектісі,
объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету үшін
осының барлығын
қозғалысқа келтіруші процестер. Әлеуметтік немесе ұлттық қауымдастықта таптар, жеке адам
немесе топтар, мемлекет, үкімет, т.б. саяси биліктің субъектісі болып табылады.
Биліктің
объектілері – жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар мен қауымдастықтар, таптар, қоғам,
яғни жоғарыда тұрған саяси субъектінің ісәрекеті бағытталатын адамдар мен органдар. Билік
қатынасының мәні субъект нұсқау береді де объектіге билікті орындауды міндеттейді, яғни
бағынуды
талап
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: