Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет32/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Қоғамның саяси жүйесі деп нені айтады?
2.Саяси жүйенің қызметін көрсетіңіз.
З.Саяси жүйеге не жатады?
4. Г. Алмонд пен Д. Истонның саяси жүйе теорияларындағы айырмашылықтар қандай? 
5. Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі қандай түрге жатады? 
Әдебиетгер:
1. Фоменко С.А. Политология. М., 2000
2. Денисюк Н.П. Политология. Минск, 1997
3. Гаджиев К.С. Введение в политическую науку, М., 1997
4. Қуандық Е. Саясаттану негіздері Астана, «Елорда», 2001 
7 дәріс. Мемлекет және азаматтық қоғам қарау 
Сабақтың мақсаты: Студенттерге мемлекеттің пайда болуы дамуы жайлы, оның негізгі 
белгілері және азаматтың қоғам туралы түсінік беру. 
Жоспар: 
1. Мемлекет: ұғымы, тарихы және оны зерттеу әдістері. 
2. Мемлекет функциясы, белгілері мен типтері. 
3. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет 
1. Мемлекет: ұғымы, тарихы және оны зерттеу әдістері. Мемлекет адамзат дамуының 
бір кезеңінде саяси ұйым, билік пен қоғамды басқару институты ретінде пайда болды. Саяси 
ғылымда мемлекет деген ұғым кең және тар мағынада қолданылады. 1) кең мағынасында 
үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға 
сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың 
жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді, яғни қоғамда 
жоғары билікке ие саяси жүйенің бір институты ретінде қарастырылады. Саясаттануда 
көбінесе екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты 
ұстанамыз. 
Мемлекет – бұл саяси жүйенің басты элементі, және оның негізгі ұйымы болып 
табылады. Ол – қажет болған жағдайда арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз 
аумағында тұратың адамдардың мүддесін қорғауға тиіс, сонымен бірге олардың 
арасындағы арақатыңастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм 
ролін атқарады. 
Жалпы мемлекеттің шығуын, ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи 
кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік 
теңсіздіктердің қалыптасуымен байланыстырады. Өткенде мемлекет дәулетті таптың саяси, 
экономикалық үстемдігін нығайту құралы болып келгені де белгілі. Ал, "мемлекет" деген 
атау термин ретінде жаңа заманда - итальяндық қайта өрлеу кезеңінде шықты. Мемлекет 
ұғымын ғылыми айналымға Н. Макиавелли енгізді. Ол алдымен Испанияда орнығып одан 
Франция мен Германияға, артынша XIX ғасырга дейін бүкіл Европа елдеріне тарап үлгерді. 
Испаниядағы "мемлекет" ұғымы латынның "состояние" - "қалыпты жағдай" деген созінен 


шыққан. Алғашында ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып, бертін келе ол 
үкімет функциясы ретінде қаралды да ақырында мемлекет ұғымына ауысты. ХҮІІ ғасырдан 
бастап "мемлекет" деген атау мемлекеттік мекемелер, бір салаға үстемдік ету, мемлекеттік 
халық деген түсінікпен де сипатталып қабысып жатты. Жаңа заман жағдайында да 
"мемлекет" ұғымын қоғамда болып жатқан өзгерістер арасында, соларга байланысты қарау 
қажет. Оған ұғым ретінде ғана қарамай, мемлекеттік құрылымдардың уақыт пен кеңістікке 
қарай өзгеріп отыратынын, оның көп түрлі болатынын, соған қарай ұғымның да тұрақты 
болмайтынын ескерген жөн. Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады.
Геродот пен Платонды үлгі ете отырып, мемлекетті монархияға (бір адамның 
үстемдігі), аристократияға (элитаның үстемдігі), және политейге (тіке демократия 
мағынасында халықтық үстемдік) болді. Оның ойынша бұл үш түрі де халыққа 
мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса занды болып танылды. 
1. Теологиялық теорияның негізін салушы Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын 
құдайдың құдіреті арқылы деп түсіндірді. 
2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ХҮІІІ ғасырда өмір сүруші ағылшын 
ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан 
үлкен қауымдастықтарға бірігуінен әкеліп шығарады. 
3. Қоғамдық келісім тсориясы бойынша (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) Мемлекет 
бір әміршіге бағынған адамдардың келісімінің арқасында пайда болады дейді. Т. Гоббс 
адамдардың мемлекетті құрудағы басты себебі өзге адамдардың шабуылынан өмірлерін 
қорғау, бостандықтары мен мүліктерінен айрылып қалу қаупінен туған сақтану қажеттілігі 
деп біледі. Ал ағылшын ойшылы Д. Локк мемлекеттің пайда болуын адамдардың табиғи 
құқын қамтамасыз ету үшін, арнайы құрылған ұйым, адамзаттың ақыл-ойының жемісі деп 
қарайды. 
4. "Зорлық жасау" теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумпилович, К. Каутский) бір елді екінші 
елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда 
болады дегенді айтады. 
5. Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, В. Чичерин) мемлекеттің пайда 
болуын географиялық ортаға (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктермен 
түсіндіріледі. 
6. Маркстік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың 
шығуымен байланыстырады. 
Ал саясаттанушы Макс Вебер "мемлекет күш қолдаудың заңды құралына сүйенген 
адамдардың бір бөлігінің екінші бөлігіне үстемдік ету қатынасы" - дейді. Мемлекеттің 
анықтамасы өз міндетін атқару барысындағы құралдардың өзгешеліктеріне байланысты 
белгіленеді. 
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың 
маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, 
олардың арасындағы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын 
қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс жүзіне асырушы орталық институт. Ол 
адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет