Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Стандарт түрлері мен категориялары. Стандарттау объектілері
Стандарттаудың негізгі мақсаттары – техникалық алға дамуды тездету, қоғамдық өндірістің және еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру, соның ішінде басқару мен инженерлік жағын, өнімдердің сапасын жақсартып және оны қолайлы деңгейде ұстау. Бұл мақсаттарды ең бастысы деп белгілеуге болады. Еліміздің қорғаныс талабына сай өнімді үйлесімді ету – стандарттаудың негізгі мақсаты.
Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процестерге, қызмет көрсетулерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.
Ұйым стандарты (ҰС) – ұйым бекіткен стандарт;
Ұйымдық стандарттар мекемеде белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі, ал белгіленуі 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте – Ұйымдық стандартты белгілеу тәртібі
Белгілеу мазмұны
|
Белгілеудегі белгілер саны
|
1
|
2
|
Құжат индексі
|
ҰС
|
Қазақстан Республикасының қысқартылған атауы
|
ҚР
|
Жалпы жіктеуіш бойынша (МКЖЖ). Мекеменің коды немесе кәсіпорынның (СТН, 8 сан)
|
ХХХХХХХХ
|
Мекеменің меншік түрі (ЖСШ, АҚ, 2 немесе 5 сан)
|
ХХ немесе ХХХХХ
|
Реттік тіркеу нөмірі (3 сан)
|
ХХХ
|
Стандарттың бекітілген нөмірі (4 сан)
|
ХХХХ
|
Ұйымдық стандарттардың белгіленуінің мысалы: ҚР ҰС 20098024 ЖШС-011-2004.
Қазақстан Республикасында нормативтік-техникалық құжаттардың келесі категориясы анықталған:
мемлекеттік стандарт;
салалық стандарт;
республикалық стандарт;
техникалық шарт.
Мемлекеттік стандарт (МЕСТ) - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қолы жетімді стандарт;
Техникалық шарт (ТШ) – нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат;
Халықаралық стандарт (ИСО) – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттар жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Аймақтық стандарт (ҚР СТ) - стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын енгізу арқылы міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құжат.
Стандарттаудың объектілеріне жататындар: нақты өнімдер, нормалар, ережелер, талаптар, әдістер, терминдер, белгілеулер және өндірістік технология тағы басқа ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы, сонымен қатар халықаралық сауда-саттықта көп рет қайталанып қолданылатындар.
Кәсіпорында стандарттаудың объектісіне жататындар, мысалы:
- жасалатын бұйымның құрастырма бөлігі болатын құрастырма бірліктер және бөлшектер;
- өндірісті ұйымдастыру мен басқару саласындағы ережелер мен нормалар, сонымен қоса өнімнің сапасын басқару;
- технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар;
- технологиялық нормалар, талаптар мен типтік технологиялық сұлбалар схемы;
- кәсіпорындарды тексеру сұлбалары.
Өнімдерге атқаратын міндеттеріне сәйкес келесі стандарт түрлері тағайындалған: техникалық шарттарына (жағдайлар); жалпы техникалық талаптарына; өлшемдері мен параметрлеріне; типтеріне, негізгі параметрлері мен өлшемдеріне; құрлымы мен өлшемдеріне; маркасына; сұрыптылығына; қабылдау ережесіне; бақылау әдістеріне сынақ, талдау, өзгеру; таңбалау маркировка ережесіне, буып-түюге, тасымалдау мен сақтауға; пайдалану және жөндеу ережелеріне; типтік технологиялық үрдістеріне.
Жалпы техникалық және ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар түр-түрге бөлінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |