Шартты-рефлекстік кезең. Сілекей бөліну ауыз қуысына тағам түспей тұра, тағамды көргенде, иісін сезгенде, тағамды еске түсіргенде т.б. басталады. Ол ми қыртысы мен сілекей бөлу орталығының көмегімен іске асырылады.
2. Шартсыз-рефлекстік кезең. Сілекей бөлу ауыз қуысына ас келіп иүскен кезде басталады. Ауыз қуысының рецепторлары тітіркеніп афференттік жүйке бойымен импульстер сілекей бөлу орталығына жетіп, одан секреторлық жүйкелермен сілекей бездеріне келеді.