Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Полярлы қышқыл (гидрофильді) амин қышқылдары



бет15/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Байланысты:
Дәріс БИОХИМИЯ

Полярлы қышқыл (гидрофильді) амин қышқылдары

Мұндай қышқылдардың бүйірлік радикалында карбоксил тобы бар, сол топ бұларға қышқылдық қасиет береді:



  1. Аспарагин қышқылы (Асп), ауыс.а.қ. құрамында екінші карбоксил топ бар.

  2. Глутамин қышқылы (Глу), ауыс.а.қ. құрамында екінші карбоксил топ бар.

Полярлы негізді (гидрофильді) амин қышқылдары

Бұл қышқылдардың бүйірлік радикалдарында негіздік қасиет беретін топ бар.



  1. Лизин (Лиз), ауыс/м.а.қ., құрамында екінші амин тобы – NH2 бар.

  2. Аргинин (Арг), ауыстыруға болатын гуанидин тобы бар.

  3. Гистидин (Гис), ауыстыруға болатын, имидазол сақинасы бар.


Амин қышқылдарының физикалық қасиеттері

Амин қышқылдары – түссіз кристал зат, суда ериді. Амин қышқылының екі түрлі пішіні болады. Ол L- және D- пішіні деп аталады.


Белоктар құрамына L-а.қ. ғана кіреді.

Амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік (амфотерлік) қасиеттері

Амин қышқылдарында химиялық қасиеттері біріне-бірі қайшы, функциональдық екі топ бар. Олар сулы ортаның рН жағдайына байланысты қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсетеді.


И.Н. Бренстед теориясы бойынша, өзінің протонын (Н+) бере алатын қосылыстар қышқылдар деп ат., протон қосып алатын қосылыстар негіздер деп ат.
А.қ. қышқыл ретінде диссоциацияланған кезде протон бөліп шығарады да анион түзеді:
Негіз ретінде иондану кезінде а.қ. протон қосып алады да, катион түзеді:
Сілтілік ортада карбоксил тобы ионданады, а.қ. қышқылдық қасиет көрсетеді. Ал қышқыл ортада – керісінше, а.қ. негіздік қасиет көрсетеді, амин тобы ионданады.

Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері

А.қ. амфотерлі қасиет көрсететін болғандықтан, олар қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұз түзеді, спирттермен әрекеттесіп күрделі эфирлер түзеді және дезаминдеу, декарбоксильдену құбылыстарына ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет