Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Дезоксирибонуклеин қышкылы



бет18/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Байланысты:
Дәріс БИОХИМИЯ

Дезоксирибонуклеин қышкылы

Әр клетканың екі боліктен – цитоплазма мен ядродан түратыны белгілі. Клетка ядросының ішінде ұзын да жіп-жіңішке, тыныштык күйде әрең-әрең көрінетін заттар – хроматин жіпшелері кішкентай таяқшаларға - хромосомаларға айналады. Хромосомалардың саны, пішіні және мөлшері организмнің әр түрі үшін тұрақты.


Хромосома – ДНҚ мен белоктан кұралған күрделі жүйе, хромосома белоктары гистондар және гистон емес қышкыл белок болып келеді. Бұл белоктар хромосома құрылымын қалыпта ұстап тұру үшін қажет.
Хромосомаларда, дәлірек айтқанда, ДНҚ құрамында гендер бар. Гендер организмнің өзіне ғана тән қуалайтын белгілерін анықтайды.

Химиялық құрамы

ДНҚ кұрамына азоттық негіздер аденин, гуанин, цитозин және тимин кіреді. Булардан өзге ДНҚ құрамында шағын мөлшерде 5-метилцитозин және т.б. минорлық негіздер бар. Азоттық негіздер, дезоксирибоза және фосфор қышқылы үшеуі 4 дезоксирибонуклеотид тузеді, бұлар ДНҚ – ның мономерлі тізбегі болып табылады. Жануарлар мен микроорганизмдердің әр түрінің ДНҚ кұрамындағы пурин негіздері мен пиримидин негіздерінің саны әр түрлі екен.



Молекулалық массасы

Бактериялар, фагтар жәәне вирустардың ДНҚ-сынын м.м. 106-109 дальтон аралығында. Жануарлар мен жоғары сатыдағы өсімдіктер ядросындағы ДНҚ м.м. анағұрлым көп, 1010-1011. Клеткадағы ДНҚ саны үнемі тұрақты, сүтқоректі жануарлар клеткасындағы ДНҚ массасы 6 пг.



ДНҚ молекуласының кұрылымы

ДНҚ курамына негізінен 6 түрлі зат қана кіргенімен (4 азоттық негіз, дезоксирибоза және фосфор қышкылы), оның молекулалық құрылымы өте күрделі. Бір нуклеотидтің дезоксирибозасы және екінші нуклеотидтің фосфаты көмегімен нуклеотидтер озара байланысып жалғасады да, үзын полинуклеотидтік тізбек түзеді. Осындай тизбектегі нуклеотидтердің орналасу тартібін ДНҚ-нын бірінші реттік кұрылымы деп атайды. Нуклеотидтер арасында фосфодиэфирлік байланыстар түзілуге 3 жане 5 жағдайдағы пентоза қалдығының гидроксил топтары қатысады.


ДНК молекуласы кеңістікте параллель орналасқан қос қабат спиральға ұқсайды. Бұл ДНӨ молекуласының екінші реттік күрылымы. Екі полинуклеотид тізбек озара бұранда сияқты жалғасып, азотты негіз арқылы байланысқан. Азотты негіздер спиральдың ішіне орналасқан, ал пентозды-фосфорлы қалдыктар ДНҚ молекуласының сыртқы жагына қарай бағытталган.
Хромосомдагы ДНҚ-нын қосқабат спиралі белоктармен көбінесе иондық байланыс арқылы жалғасқан. Мұндай комплекстің үшінші реттік қүрылымы бар. Хромосомдағы гистондар аргинин мен лизинге бай келеді. Гистондардың сілтілік қасиеті бар. Гистондарды бес түрге бөледі, ондай түрлердің озара айырмашылығы аталған амин кышкылдары молшеріне байланысты. Гистондар мынадай белгілермен беріледі: Н1, Н2, Н3, т.с.с.
Хромосомолардың гистон емес белоктарының қышкылдық қасиеті бар. Ондай белоктар өте көп, жүзден асады. Хромосоманың кұрылысын басқаратын актин мен миозин, РНҚ, ДНҚ синтезі үшін кажетті әртүрлі ферментер осындай белоктарға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет