Моносахаридтер
Моносахаридтер- ең қарапайым көмірсулар. Олар-құрамына бірнеше гидроксил топтары бар альдетидтер немесе кетондар,сондықтан альдозалар,не кетозалар деп аталады. Өзінің құрамына кіретін көміртегі атомдарының санына және гидроксильдік топтар санына қарамай , альдозаларда альдегидтік топ. Ал кетозаларда карбонильдік топфункцияналдық топтар болып табылады.Бұл топтардың реакцияласу қабілеті өте жоғары болады.Моносахаридтердің эмпириялық формуласы мұндағы n бүтін сан және 3-9 шамасындай.
Ең қарапайым моносахаридтерге триозалар ( n= 3), глицериндік альдегид (альдоза), дигидроксиацетон (кетоза) жатады.
Моносахаридтердің ішінде әсіресе көбірек таралғаны гексозалар (n= 6) мен пнетозалар (n= 5)
Гексозалар
Гексозалардың негізгі өкілдері: глюкоза (жүзім қанты), фруктоза (жеміс қанты), галактоза және манноза. Бұлардың ішінде тек фруктоза ғана кетозаға жатады, басқалары альиозалар.
Формуладан көрініп тұр, мальтоза-гектозада көміртегінің асимметриялық немесе хиралдық 4 атомы бар екен, олар жұлдызшамен белгіленіп көрсетіледі.
Ал кетоза-гексозада нодай атомдар саны-3. Демек, гексоза-альдозаның 2n =24=16, гексоза-кетозаның 2n=23=8 стереоизомерлері болады (мұнда) n көміртегінің асимметриялық атомдары санын көрсетеді.) Стереоизомерлер оптаикалық активті заттар - олар жарықтың поляризацияланған сәуле жазығын оңға немесе солға қарай айналдыратын изомерлер түрінде кездесуі мүмкін.
Әр стереоизомерлердің кеңістіктік құрылысын D және L әрпімен белгілейді. Стереоизомерлердің пішін үйлесімін салыстыру үшін бастапқы зат ретінде глицерин альдегиді қабылданған, ол екі антипод ретінде кездеседі.
Мұнда формуладан байқалғандай, С асимметриялық атомының –OH тобы оң жағындағысын D стереоизомер, OH тобы сол жағына орналасқанын L-стереоизомер атаған.
Гексоза-альдозалардың 16 стереоизомерлерінен табиғатта D глюкоза, D –галактоза, D-манноза кездеседі. Ал гексоза-кетозалардың 8 стереоизомерлерінде таралған D -фруктоза. Осы аталған стереоизомерлердің төменде формулалары берілген. Олармен салыстыру үшін төменде L-глюкозаның формуласы келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |