Дәріс 2
Аминқышқылдары.
Белок құрамына кіретін амин қышқылдары. Қышқылдың немесе ферментің көмегімен гидролиз жасаған кезде белоктардың амин қышқылдарына ажырап, бөлшектенетіні анықталған. Амин қышқылдары дегеніміз әр түрлі белоктардың молекулаларын түзетін мономерлі жеке заттар. Табиғатта 400-ден астам амин қышқылдары белгілі. Олардың 20-сы ғана белок құрамына кіреді.
А.қ. – бұлар органикалық қышқылдар. Олардың молекуласында карбоксильдік (-СООН) топ та, аминдік (-NH2) топ та бар. Амин қышқылдары молекуласында α-, β-, γ-жағдайында да басқа жағдайда да болады. Табиғи белоктардан тек α-амин қышқылы ған табылған. Ол қышқылда карбоксильдік топтан кейін бірінші көміртегі атомы (-NH2) тобымен байланысады.
Мұндағы: R – радикал, бүйірдегі топтарды көрсетеді. Амн қышқылдарының физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің ерекшелігі бүйірлік топтардың құрылымына тәуелді.
Химиялық құрамына және бүйірдегі топтардың құрылымына байланысты амин қышқылдары полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі. Қоректік бағалығына қарай ауыстырылатын және ауыстырылмайтын (адамның және жануарлардың организмінде түзілмейтін) а.қ. деп жіктеледі.
Полярсыз бейтарап амин қышқылдары
Бұл қышқылдарда органикалық радикалдар бар, ондай радикалдар протондарды қабылдай да, бере де алмайды және сумен әрекеттесе де алмайды (олар – гидрофобтар, суды кері тебеді).
Мұндай қышқылдарға жатады:
Глицин (Гли), ауыстырылатын а.қ.
Аланин (Ала), ауыстырылатын а.қ.
Валин (Вал), ауыс/м. а.қ.
Лейцин (Лей), ауыс/м.а.қ.
Изолейцин (Иле), ауыс/м.а.қ.
Метионин (Мет), ауыс/м. а.қ.
Фенилаланин (Фен), ауыс/м. а.қ.
Пролин (Про), ауыс. а.қ.
Полярлы бейтарап амин қышқылдары
Бұл қышқылдардың тобында С-О, О-Н, S-H, C-N сияқты полярлы байланыстары бар, олар сумен әрекеттесе алады (гидрофильдер – су сүйерлер):
Серин (Сер), ауыс. а.қ., құрамында ОН-тобы бар;
Треонин (Тре), ауыс/м. а.қ., құрамында ОН-тобы бар;
Цистеин (Цис), ауыс.а.қ., құрамында сульфгидрилдік – SH тобы бар;
Тирозин (Тир), ауыс.а.қ., фенолдық радикал бар;
Триптофан (Три), ауыс/м.а.қ. индол сақинасы бар;
Аспарагин (Асн), ауыс.а.қ., амидтік топ (СONH2) бар;
Глутамин (Гли), ауыс.а.қ., амидтік топ (СONH2) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |