Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет35/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Көмірсулардың қорытылуы
Көмірсулар жануарлар үшін негізгі қорек. Ол азық рационының 70% шамасындай. Ал адам қорегінің 50% көмірсулардың үлесіне тиеді. Қорытылу ерекшелігіне қарай көмірсулар мынадай екі топқа бөледі: 1) крахмал, гликоген, сахароза, лактоза, 2) целлюлоза, маннандар, лигнин, пектиндер, пентозандар және басқалары. Екінші топқа жататын көмірсуларды омыртқалылардың бәрі бірдей қорыта алмайды. Оларды күйіс қайыратын және кейбір жануарлар ғана микробтық ферменттің көмегімен қорыта алады (бұл мәселе жеке қарастырылады).

Көмірсулар немесе қанттар өсімдік организмінде синтезделеді. Көмірсулар – барлық тірі организмде негізгі энергия беретін зат және көміртегінің көзі . Ал көміртегі дегеніміз – бүкіл тіршіліктің негізгі элементі.


Өзінің атынан да көрініп тұрғандай «көмірсулар» деген термин көміртегі мен су деген еік сөзден құралған. Өйткені, олардың эмпириялық формуласы. Қазіргі кезде құрамына кіретін сутегі мен оттегінің ара салмағы формуладағыдан өзгеше де заттар кездеседі. Бұл процесс фотосинтез деп аталады. Фотосинтездің мәнін 19 ғасырдың соңына таман ұлы орыс ғалымы К.А.Тимирязов ашты.
Фотосинтез процесінің нәтижесінде ең қарапайым қант-глюкоза түзіледі де,молекулалық оттегі бөлініп шығады. Әрі қарай глюкоза молекулаларынан су бөлінеді де ол сахароза, крахмал, целлюлоза және т.б. күрделі қанттарға айналады. Өсімдік тіршілігі үшін глюкоза негізгі материал болып табылады.
Сонымен фотосинтез дегеніміз - бүкіл жер бетінде органикалық қосылыстар түзілетін жалғыз ғана процесс және біздің әлемдегі молекулалық оттегінің бірден, бір қайнар көзі.
Фотосинтез реакциясының мәні мынадай: хлорофилге сіңген жарық энергиясы оның молекуласынан электронды қуып шығады. Және мұндай шығынның орнын толтыру үшін су молекуласы оттегіне, электрондарға және протондарға ыдырайды.
Мұндай реакция нәтижесінде бөлініп шыққан молекулалық оттегі атмосфера ауасына қосылады. Сөйтіп жасыл өсімдік ауаға оттегін береді, ал электрондар хлорофилл молекуласын қалпына келтіруге жұмсалады, протондар болса, жасыл өсімдіктің ауадан өзіне сіңірген СО молекулаларымен қосылысып, глюкоза түзеді.
Есептеулерге қарағанда бүкіл жер шарында өсетін өсімдіктер бір жыл ішінде атмосферадан 550 млрд. тонна шамасындай СО сіңіріп, 400 млрд. тонна шамасындай оттегін қайтарып береді. Өсімдіктер дүниесі мұнымен қатар минералдық элементтерден органикалық заттарды жасап шығарушы , сөйтіп жануарлар дүниесін жасап шығарушы, сөйтіп жануарлар дүниесін дайын органикалық заттарды жасап шығарушы, сөйтіп жануарлар дүниесін дайын органикалық заттармен қамтамасыз етеді.
Жануарлар организмі өзінің тіршілігі үшін қажетті органикалық қосылыстарды элементтерден синтездей алмайды, олар өсімдіктер дайындаған органикалық заттармен қоректенеді, өзінің денесін құрайды, қуат энергия алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет