үйретеді. Оқушы дыбыстарды айту үшін, қандай сөйлеу мүшесі қалай
қозғалатынын білуі керек.
Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктер фонациялық
ауаның қозғалысына қарай танылады. Дыбыстарды айту, сөздерді дауыстап
жеткізу фонациялық ауаның жиілігін, ықпалын, әуезін ескеруді талап етеді.
Фонетикалық
тұлғалардың
естілуі
дыбыс
ырғағы,
күші,
созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар
лингвистикалық әдебиеттерде талданып көрсетілген. Қазақ тілінің жалғамалы
тіл ретіндегі заңдылықтарын түбір мен қосымшаны қандай дыбыс, фонема,
буындар арқылы жалғануына байланысты екенін мұғалімдер білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: