Дәріс 1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата12.02.2023
өлшемі480,04 Kb.
#67287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
дәрістер жинағы (1)

 
Дәріс 6 
Қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру 


 
1. 
Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. 
2. 
Сабаққа қойылатын талаптар. 
3. 
Сабақ түрлері. 
Сабақ-оқытудың сыныптық жүйесіне жататын, оқыту үрдісін 
ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Мектептерде қазақ тілінен 
сабақ беру психологиялық және дидактикалық жағынан күрделі мәселелер 
қатарына жатады. Бұл бастапқы кезде мұғалімнен көп еңбек етуді, сабақтың 
сапалы өтумен байланысты өзіне ерекше талап қоюды қажет етеді. Мұғалім өз 
саласында үздік жетістіктерді, озық тәжірибелерді меңгерген, теориялық және 
практикалық біліммен жеткілікті деңгейде қарулануы қажет. Ол шәкіртіне 
білім беруші ғана емес, ол – солардың адал тәрбиешісі, моральдық демеушісі.
Сабақтың сапасын арттыру оқушылардың танымдық әрекетінің белсенді 
түрде қызмет етуімен тікелей байланысты. Оқытудың жағымды мотивін 
тудыру, оқыту әдістерін тиімді қолданып, түрлендіріп жүргізе білу, 
оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз ету – оқытуда нәтижеге 
жетудің алғы шарттары болып табылады.
Әдіс – «метод» деген гректің сөзбе- сөз аударғандағы « бір нәрсеге жету 
жолы» немесе «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. 
Оқыту әдісі дегеніміз не? Дидактада кең тараған тұжырымдама 
төмендегідей: «белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс- 
әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен
қаруландыратын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы».
Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің 
бірі – оқытудың әдістерін айқындау, топтау, жіктеу, жүйелеу. 
Оқу әдістерін жүйеге түсіріп топтап-жіктеудің оқыту процесінде алатын 
орны маңызды . Оны жіктеудің мұғалім үшін де білімді қабылдап отырған
оқушы үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор. 
Ең бірінші шарт: тақырып әр түрлі көзқараста, пікірталас туғызатындай 
болу керек. Егер оқушыларда білім қоры болмаса, жүргізудің ешқандай 
дидактикалық мәні болмайды. Эмоцияналды атмосфералық фон жасайды. 
Білімді бекіту кезеңінде қолданған тиімді. Мысалы, сөйлем құрауда ойдың 
негізгі діңгегі бастауыш па, баяндауыш па деген сұрақ қоя отырып, пікірталас 
тудыруға болады. 
Сөз (сөздік) әдісінің бір түрі дәріс (лекция) әдісі. Бұл әдіс жоғары 
сыныптарда жүргізілетін материалды мазмұндаудың монологті түрі. 30-40 
минутқа созылуы мүмкін.
Лекция мұғалімнің белгілі тақырып бойынша жан-жақты даярлығын қажет 
етеді. Оқу материалы іріктеліп алынып, түсінікті, анық оқылуы керек (қазақша 
немесе орысша) . Мұғалім оқушыларды белсенді түрде тыңдауға қатыстыру 
үшін оны жүзеге асырудың тәсілдерін білуі керек. Осымен байланысты 
қызықты 
мысалдар 
келтіріп, 
көрнекілік, 
техникалық 
оқу 
құралдарынқолдануға болады. Лекция соңында қойылатын тексеру сұрақтары 
алдын-ала даярлануы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет