Дәріс 1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата12.02.2023
өлшемі480,04 Kb.
#67287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
дәрістер жинағы (1)

Дәріс 2 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні 
 
Әдістеме пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. 
1. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаттары мен 
міндеттері. 
2. 
Қазақ тілін оқыту жүйесі. 
3. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері. 
Қазақ тілін мектепте оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты келешек қазақ тілі 
мамандарына тілді оқытудың сапасын жақсартудың, жақсы нәтижелерге 
жетудің ең ұтымды жолдарын көрсету, тілді оқытудың өзіндік ерекшеліктерін 
меңгерту, қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жетудің ұтымды жолдары 
мен әдіс-тәсілдерін, түрлі амалдарн үйрету, оларды қазақша сөйлетуге 
дағдыландыруда қолдана білуге жаттықтыру. Өйткені қазақ тілі мұғалімі 
үшін, тіл білімі мен ғана қарулану тіл білімін меңгеру жеткіліксіз, мұғалім 
білімін басқаға үйрете білуі керек, оны әдістеме ілімі ғана үйрететіні. 
Сондықтан тілді оқытудың ең тиімді жолдарын, әдістерін, оның түрлі қыры 
мен сырын студентке үйрету, меңгерту қазақ тілі әдістемесінің міндетіне 


жататыны туралы. Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мына 
міндеттерді атқару қажет: 
1. 
Болашақ қазақ тілі мамандарын тілді оқытудың қазақ 
мектептерінде оқыту әдістемесінің теориялық негіздерімен қаруландыру. 
2. 
Әдістеме ілімінде болып жатқан жаңалықтарды ұқыпты 
қадағалап, оны өздігінен тәжірибеде қолдануға бағыттау. 
3. 
Мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің барлық әдіс, тәсіл, 
амалдарымен студенттерді таныстырып, олардың жолдарын меңгерту. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бірнеше ғылымның тоғысуы арқылы 
дамиды. Осыған орай әдістеме пәні дидактика, тіл білімі, психология, 
философиямен тығыз байланысқа түседі. 
Философиямен байланысы 
Философиялық таным теориясы бойынша шындыққа жол сезім және 
логикалық таным кезеңдерінен өтіп, практикада тексерілумен аяқталады. 
Логикалық таным тіл арқылы іске асады. Адамзат қоғамының тарихи-мәдени 
мұралары, барлық информация тілдік единицалар - сөз, сөз тіркесі, сөйлем, 
текст арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Тілді меңгеру – уақытпен 
байланыс жасау, қаншама ұрпақтың рухани мұрасын иелену. Тілді оқу арқылы 
дүниетаным қалыптасады, қоғамдық өмірге араласады, қоғамның даму, 
қалыптасу заңдылықтарын таниды. Тілді игеру арқылы адамның интеллектісі 
дамиды, ойы байиды, сөз байлығы артады. Яғни тілдің басқа пәндерге 
қарағанда мүмкіншілігі мол. 
Тіл және сана, тіл және ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Ойдың 
жарыққа шығып, өмір сүруі үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз 
тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. Демек, тіл – пікір алысу 
құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Әдістеме ғылымы 
философиямен тоғыса отырып, өзінің методологиялық позициясын оқытудың 
мақсаты мен принципін айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет