Дәріс 1 Дүниетануды оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері. Мазмұны



бет3/28
Дата09.05.2023
өлшемі136,83 Kb.
#91298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Д ріс 1 Д ниетануды о ыту дістемесіні ма саты, міндеттері. Маз

Философия. Бұған диалектикалық материализм теориясы мен таным концепциясы жатады. Бұл әдістеменің оқу процесі таным түрі ретінде қарастырылады, яғни қоршаған әлем, табиғат пен қоғам нысандарын нақты қабылдау арқылы санада бейнелеу, содан соң алған білімін практика арқылы жүзеге асыру. Бұл әдістеме дүниенің материалдылығына негізделген, яғни бала объективті және материалдық дүние туралы теориялық білімді меңгереді, сондықтан қоршаған дүние туралы ақпарат та объективті болып табылады. Сонымен қатар әдістеме диалектикаға негізделеді, ал оқыту үдерісі үнемі өзгеріп, дамып отыратын динамикалық жүйеден; ұйымдастыру формаларынан, әдіс-тәсілдерден, құралдар жиынтығынан тұрады.
Психология. Дүниетануды оқыту әдістемесін құрастыру кезінде міндетті түрде балалар психологиясының теориялары қолданылады. Осыған байланысты оқыту үдерісі балалардың жас ерекшеліктерін, олардың танымдық қабілеттерін және эмоционалдық қабылдауын міндетті түрде ескеруді талап етеді.
Дидактика. Әдістеме оқытудың тұлғалық-бағдарлы және жүйелік-белсенділік тәсілін ескереді. Сондай-ақ студент өз білімінің субъектісі болып табылатын тұлға ретінде қарастырылады. Мұнда теория мен практиканың бірлігі де ескерілген. Оқыту процесі ғылыми әдістерге, әдістемелерге және оқыту әдістеріне, сондай-ақ жеке оқу орнының практикалық жұмысына, мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіне, олардың оқыту процесінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді, шығармашылық идеяларды пайдалануына негізделеді.
Жаңартылған мазмұндағы «Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі курсы болашақ мамандарға балаларды қоршаған ортамен таныстырудың теориялық және әдістемелік мәселелерінен білім беруге арналған. Бұл курсты меңгерген мамандар мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әртүрлі жастағы топ балаларымен жұмыс істеуді үйренеді. Оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын меңгереді. Осы жастағы балаларға қоршаған ортадан беретін білім негізінде олардың ойлау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу шеберліктерін дамыта отырып, тіл дамыту, шығармашылыққа жетелеу талаптарын орындау да қамтамасыз етіледі.
Бұл курсты нәтижелі меңгеру үшін студенттердің мектептегі базалық пәндерден (өсімдіктану, жануартану, география, экология, химия, физика, астрономия т.б.) ұғымы болу керек. Курстың мазмұны философиямен, басқа да дүниені тану ғылымдарымен тығыз байланыста жүзеге асады.
ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
І Жалпы мәлімет
1. Пәннің маңыздылығы
2. Оқу бағдарламасының мақсаты
3. Үштілділік саясатын жүзеге асыру
4. Оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
5. Педагогикалық әдіс-тәсілдер
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін
қалыптастыру
7. АКТ қолдану құзыреттілігі
8. Коммуникативті дағдыларды дамыту
9. Оқу жетістігін бағалау
ІІ Оқу мақсаттарының жүйесі
1. Пәннің мазмұны
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
3. Ұзақ мерзімді жоспар
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
• пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» (спиральды) принципі, яғни білім мен біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
• пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша иерархиясы;
• білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;
• білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы;
• бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
• оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады. Революцияға дейін қазақ мектептеріне арналған арнайы оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығы айқын. Бірақ осыған қарап революцияға дейінгі қазақ балаларының өздерін коршаған дүниеден ешбір хабары, яғни ұғымы мен түсінігі болмады деп айта алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет