Дәріс №1. Кіріспе. Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама


Аласа құртқашаш (құртқашаштар тұқымдасы) –



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата18.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2172
1   2   3   4   5   6   7

Аласа құртқашаш (құртқашаштар тұқымдасы) – Қазақстанның солтүстік 

шығыс  аймақтарында  (Батыс  Қазақстан,  Ақтөбе  және  Қостанай  облысының 

бөлігінде) кездеседі.Ол астық- тұқымдастар өсетін шым жерлерде, жусанды- 

қаулы  далада,  кейде  ұсақ  тасты  және  сортаң  топырақта  өседі.Жуан 

бұтақтанған  тамырсабағымен  1  –1,5  см  -ге  дейін  ерекшеленеді.  Жыл  өткен 

сайын  жеке  құртқашаштардың  тамырсабағы  қаулай  өсіп,  үлкен 

(көлденеңінен  70  см  –ге  дейін)  үйме  құрайды.  Аракідік  тамырсабақтың 

ортаңғы  бөлігі  тіршілігін  жояды  және  иірім  ортасындаөркендердің  тығыз 

сақинасымен қоршалған тақыр (жылтыр) дақ пайда болады. Вегетативті және 

генеративті сабақтың төменгі жағындағы жапырақ таспа тәрізді. Ені 1 см-ге 

жуық, ұзындығы сабағымен бірдей 10-15 см-ден аспайды, гүлдері дара, үлкен 

(көлденеңі  7  см-дің  айналасында)  ұзын  түтікті.  Түрі  үлкен  өзгергіштігімен, 

әсіресе  гүлінің  түрін  өзгертумен  ерекшеленеді.  Қою-көк,  қызғылт  сия  түсті, 

тжасылдау,  сары,  кейде  тіпті  ақ  түсті  де  болады.  Құртқашаш  көктемде 

сәуәрдің соңы-мамырда гүлдейді, жемісі (үлкен ұшталған үш түрлі қауашақ), 

маусым-шілде айдарында піседі. Тұқымы үлкен, қыртыстанған, қара-қошқыл, 

қауашақтан жерге түсе сала домалай жөнеледі. 

Құртқашаштың  бұл  түрі  мәдени  жағдайда  көптеген  елдерде  танымал. 

Мысалы  Батыс  Европада  оны  1588  жылдан  өсіреді.  әсіресе,  тамыр 

сабақтарының  бөлігі  ретінде  және  тұқымымен  жеңіл  көбейетіндігі  жоғары 

бағаланады (себілгендері мәдени түрде екі жыл гүлдейді). Аласа құртқашаш 

басқа түрлермен және мәдени сорттармен жылдам тұқымдасады. Ол көптеген 



сорттардың,  туыстасы  болып  табылады.  Қысқа  сабақты,  құртқа  тобына 

кіретін  бұл  түрдің  жер  үсті  бөлігі  және  тамырсабағында  күрделі  заттар 

құралады,  олардың  қатарында  улы  заттар  да  бар.  Бұл  улар  малдың  кейбір 

түрлеріне  әсер  етеді.  Мысалы:  шошқалар  үшін  өсімдік  улы,  қойлар  үшін 

жақсы азық болып есептелінеді. 

 

Ашық  құндызшөп  (Сарғалдақтар  тұқымдасы)-Қазақстанда  кездесетін  6 

түрлің ішіндігі ең солтүстікте кездесетіні –орманды дала, және зонасына тән. 

Құрғақ  далада,  сирек  қарғайлы  ормандарда  және  орман  алаңқайларында 

республиканың  батыс  шекарасынан  бастап  Шығыстың  аласа  тауларында, 

Алтай  және  Тарбағатайда  кездеседі.  Шөптесін  көпжылдық,  көп  бұтақталған 

тамырсабақты, сабағы онша биік емес (15 см-ге дейін). Ол жеміс бергеннен 

соң үш есене дейін үлкейеді. Төменгі жапырақтары ұзын қалемшелі, күрделі 

саусақ-салалы,  гүлдеген  соң  түгелдей  бұрылып  кетеді.  Одан  кейінгі 

жапырақтар  (сабақтағы)  көп  мөлшерде  кішірейген,  және  орамдалған 

(тысталған),  иілген  ұзын  түкті  жіңішке  бөліктерге  бөлінген.  Гүлдері 

жалғыздан  ашылған  кезде  қоңырауға  ұқсас,  кейін  барын,ша  ашыла  түседі. 

Гүл  серігінің  жапырықшалары  үлкен,  ұзындығы  4см-ге  дейін,  сыттқы  жағы 

түкті ашық көкшіл түсті. Аталықтары мен аналықтарының саны көп, жемісі 

жіңішке ұзын (5см-ге дейін) бағаналы, иілген, қою жібек тәрізді түкті, ашық 

құндыз  шөп  ерте  көктемде  гүлдейді,  наурыздың  аяғынан  амаырға  дейін. 

Жемісі мамыр-маусым айларында пісіп жетіледі. 

Құндызшөп  өсіп  тұрған  ортасында  гүлдегенде  де,  жеміс  берген  кезінде  де 

ерекшк көзге түседі, әсіресе жібектей жұмсақ, иілген күйінде қалғып тұрған 

тәрізді болып көрінеді. Осыған байланысты халық арасындағы (“сон- трава”) 

атауы шыққанға ұқсайды. Кейбір авторлар мұндай атау өсімдікке оның улы 

болуына  байланысты  берілген  деген  пікірде.  өсімдіктің  құрамындағы  улы 

заттар  адам  организмін  сал  ауруына  әкеліп,  кейде  өлімге  әкеліп  соқтырған. 

Осыған  қарамастан  ашық  құндыз  шөп  өкпе,  аяқ-қол,  ревматизм,  бел 

ауруларына  және  басқа  да  ауруларды  емдеуде  кеңінен  қолднылады. 

Жапырақтан  алынған  шырынмен  күйікті  емдейді,  тамырын  кесіп  алынған 

бөлігін,  түрлі  ісіктерді  емдеуге  пайдаланылады.  Сәндік  мақсатта  бұл  түр 

негізінен тастақты бақтарды безендіру үшін қолайлы. 

 

Ақезу мәрпі (Сарғалдақтар туысы)-Қазақстандық 11 түрдің ішіндегі ең кең 

таралғаны.  Шығыс  ұсақшоқыларында,  Алтай,  Тарбағатай,  Жоңғар  Алатауы 

және  Тянь-Шань  (Қарағанды,  Шығыс  Қазақстан,  АКлматы,  Жамбыл 

облыстары) тауларында кездеседі. Орман және субальпі шалғындықтарында, 

қылқанжапырақты  және  аралас  ормандарда,  өзен  аңғарларында  өседі.  Жиі 

қалың  шілік  құрады,  сабағы  биік  (2  м-ге  дейін)  қабырғалы,  жай  және  безді 

түк  басқан.  Жапырағы  өте  ірі,  төменгілері  қзын  свғақты  ірі  тісшелі,  саусақ 

салалы  бөліктерге  бөлінген.  Гүлшоғыры  қалың,  көп  гүлді,  бұтақтанған. 

Гүлдері  сұрғылт-күлгін,  симметриясыз,  иілген  гүлтабанына  отырған. 

Тостағаншаның  түсі  күлтеге  ұқсас,  бес  жапырақшадан  тұрады,  жоғарғы 

дулыға тік қалпақтың пішініне келеді. 


Ол  басқа  жапырақшалардан  едәуір  ірілеу  (ұзындығы  2  см-ге  дейін). 

Желектері  барлығы  екеу,  олар  дулығаның  ішіне  орналасқан  шірнелікке 

айналып  кеткен.  Мәрпі  маусым-тамызда  гүлдейді,  шілдеден  бастап  жеміс 

береді.  Өсімдік  толығымен  улы,  әрі  түрлі  алкалоидтар  бөледі,  кейінгі  кезде 

прпараттар  ғылыми-медицинада  нерв  жүйесі  ауруларын  емдеуге  қолданып 

жүр. 


 

Күмән тегеурінгүл (Сарғалдақ тұқымдасы-бүкіл Тянь-Шань, әсіресе батыс 

Тянь-Шаньда  көптеп  кездеседі.  Әр  түрлі  шөпті  және  субальпілік 

шалғындықта, шыршалы, аршалы ормандарда, кейде аласа таулардан бастап, 

таулардың жоғарғы белдеуіне дейінгі тастақты беткейлерде өседі. Биік (90 см 

дейін)  көпжылдық,  сабағын  түк  басқан,  жапырақтары  ұзын  сағақты,  тісті 

бөліктерге  тарамдалған.  Гүлдері  күлгін,  күңгірт  түсті,  саны  көп,  қысқа 

гүлсағақты  бас  жағындағы  қалығ  шашаққа  жиналған.  Тостағаншалары 

боялған, ұзындығы 1,5 см, жоғарылары көлденең, ұзын шақшамен аяқталады. 

Шақшаның  ұшы  сәл  төмен  иілген.  Желектер  мен  шірнеліктерінің  саны 

төрттен.  Қап-қара  түсті,  жоғарғылары  екіге  бөлінген  шақшалы, 

тостағаншалар шақшаға салынған. 

Тиімді  декоративтік  өсімдік.  Маусым-мамырда  гүлдейді,  жемістері  (үш 

қабатты  көптұқымды  топтамалар  )  тамыз-  қыркүйекте  піседі.  Өсімдік  улы, 

құрамындағы  заттар  (алкалоидтар)  демалыс  органдарын  және  бұлшық 

еттерін  сал  ауруына  ұшыратады.  Тегеурін  гүлі  көп  өсетін  жерге  ірі  қара 

малды  жаюға  болмайды.  Гүлдерін  күнделікті  тұрмыста  жүнді  жасыл  және 

қоңыр түстерге бояу үшін пайдаланады. 

 

 



Ұзын  желайдар  (Сарғалдақтар  тұқымдасы)-Қазақстандық  11  түрдің  ең 

көп кездесетіні, кейде көлемді алқап құрайды. Шалғындықта Солтүстік және 

Батыс Тянь-Шаньның тастақты беткейлерінде өседі. Ортаңғы  және жоғарғы 

тау  беткейлерінде,  еріп  жатқан  қарлардың  маңында  кездеседі.  Шөптесін 

көпжылдық,  қиғаш  тамыр  сабақты,  биіктігі  60  см  болатын  жапырақсыз 

сабақтарымен.  Сабақ  түбіндегі  жапырақтар  ұзын  сағақты,  үш  бұрышты 

тақталы, үш қайтара тісті бөліктерге тілімденген. Шатыр тәрізді гүлшоғыры 

2-6  гүлден  тұрады.  Гүлдері  ірі,  диаметрі  4см-ге  дейін.  Гүлсерігінің 

жапырақшаларының  саны  5-8,  аппақ  астыңғы  жағы  түкті,  аталықтары  мен 

аналықтары  көп.  Мамырдың  ортасынан  тамызға  дейін  гүлдейді,  шілде-

тамызда жеміс салады. Әдетте жайылымда желінбейді, себебі мал үшін улы, 

тамаша декоративті өсімдік, әсіресе гүлдеген мезгілінде.  

 

Дәріс  №8.  Астық  тұқымдастары  мен  ірі  дақылдар.Крахмал 

өсімдіктер 

Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер Бүкіл ғаламшарға 

таралған  маңызды  дақылдар  -  даражарнақтылар  класына  жататын  астық 

тұқымдас өсімдіктер(10-сызбанұсқа).  Олардың  10  000-ға  жуық  түрі 

бар. Қазақстанда астық 

тұқымдастардың 

418 


түрі 

өседі. 


Астық 

тұқымдастардың  басым  бөлігі  шөптектіөсімдіктер.  Сүректі бамбуктар астық 

тұқымдастар 

тобына 

жатады. 


Астық 

тұқымдастардың 

сабағы 

бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші 



өзекке  толады).  Астық  тұқымдас  өсімдіктердің  сабағын  сабансабақ  дейді. 

Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі 

өсімдік  сабағын  қармал,  қынап  түзеді.  Жапырақ  алақаны  мен  қынап 

аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар 

жинақталып,  күрделі  гүлшоғыр  түзеді.  Гүлшоғыры  -  сыпыртқыгұл, 

күрделі масақ,собық, шашақ және  т.  б.  Гүлдері  көбінесе  қосжынысты.  Дара 

жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа 

қабыршақ  және  2  гүл  үлпегі  орналасады.  Оны  гүлсерік  нышаны  десе  де 

болады.  Аталығы  -  3.  Аналығы  -  1.  Жемісжапырақшасы  3-еу  болып  келеді. 

Аналық  аузы  қауырсын  тәрізді  -  екі  телімді.  Жатыны  жоғары  орналасады. 

Жемісі  -  дәнек.  Тамыр  жүйесі  -  шашақ  тамырлы.  Гж2А3Ж(3) (Гж  - 

гүлжарғақ). Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. 

Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, 

қант  қамысы,  өзге  де  өздеріңе  таныс өсімдіктерді адам  тағамға 

пайдаланады. Қарабас, 

бидайық, 

атқонақ, 

бетеге, 

тарбақ, 

арпабастардың мал- 

азықтық 


өсімдіктер 

екені 


мәлім.Бамбук, 

қамыс қағаз өндіруге  шикізат  ретінде  пайдаланылады.  Сүректі  астық 

тұқымдастар  (бамбук,  алып  сұрекқамыс)  құрылыс  материалы  ретінде 

жүмсалады 

Қара 

сұлы, 

жатаған 

бидайық, 

арпабас, 

қонақ, 

итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.  

Астық 


тұқымдастарының 

ауыл 


шаруашылығындағы, 

халық 


шаруашылығындағы маңызы, таралу аймағы, ботаникалық сипаттамасы мен 

түрлеріне, ерекшеліктеріне, биологиясына, жылуды, ылғалды қажет етуі, ӛсу 

және даму фазасы туралы кейбір түрлерін сипаттау. Соның ішінде Бидай-кең 

таралған  ертеден  келе  жатқан  ауылшаруашылық  мәдениетінің  бірі.  Азық 

ретінде  аса  дәмді  және  сапалы  болып  келеді.  Бидай  нанының  құрамында  В 

тобындағы  витаминдер,  кӛмірсу,  май,  ақуыз  болады.  Сонымен  қатар  адам 

ағзасына  пайдалы  элементтер:  кальций,  фосфор,  темір  және  т.б.  кездеседі. 

Наннан басқа макарон, кондитерлік ӛнімдер, крахмал, спирт, декстрин, желім 

заттары  алынады.  Бидайды  б.з.б.  6,5  мың  жыл  бұрын  Иракта,  Египетте  5-6 

мың  жыл,  Қытайда  5  мың  жыл  бұрын  пайда  болған  дейді.  Тарихи 

археологтардың  материалдарында  Бидай-Triticum  L  астық  тұқымдастары 

қатарына  жатады.  Тамыры  шашақты,  сабағы  шӛптесін  0,5-2  м  биіктікте, 

цилиндр  тәрізді.  Бидайдың  колос  негізгі  ӛсінен,  стержень  ол  мүшелерден 

тұрады.  Гүлдері  дара  жынысты.  Тұқымы  ӛсінді  және  эндоспермнен  тұрады. 

Бидайдың бірнеше  түрлері бар, ең  кең  таралғаны  жұмсақ бидай  және  қатты 

бидай.  Барлық  түрлері  бір  жылдық  ӛсімдіктер  болып  саналады.  Ӛсуі  үшін 

оттегі  бар  сулы,  жылу,  ауаны  қажет  етеді.  Жылуды  кӛп  қажет  етеді.  Қара 

топырақ  және  ылғал  мӛлшері  әсер  етеді.  Қолайлы  ортада  еккенне  соң  5-  8 

күннен кейін ӛсіп шығады. 

Крахмал - өсімдіктерде дән түрінде кездесетін құрамы күрделі көміртегі, ол 

тамырларды,  түйннектер  мен  тұқымдарда  жиналады.  Крахмалды  дәндерде 



полисахаридтерден  басқа  су,  май  қышқылдары,  липидтер,  шағын  мөлшерде 

минералдық  заттар,  негізінен  фосфор  тұздары  мен  кремний  қышқылдары 

және басқалары бар. 

Крахмалды  өсімдіктер  көп.  Олар  бидай,  арпа,  күріш,  ақ  жүгері,  қарабидай, 

т.б. Біз жүйекшелерде өсіруге болатын өсімдіктер – картоп пен жүгері. 

Тағамға  картоптың  крахмалға,  минералдық  заттарға,  қантқа,  белоктарға, 

майларға,  клетчаткаға,  витаминдерге  бай  түйнектері  қолданылады. 

Калориялығы  жағынан  картоп  басқа  көкөністердің  бәрінен  асып  түседі. 

Картоптың белогы бидайдың белогынан анағұрлым бағалы. Оның құрамына 

организмге аса қажет аланин, аргинин, аспарагин мен глутамин сияқты амин 

қышқылдары  кіреді.  Тағамдық  сорттарының  түйнектерінде  13-16%  крахмал 

болады. 


Картоп. Картоптың шыққан жері – Оңтүстік Америка , ал Россияға таралуы 

Петрдің  есімімен  байланысты.  ХVIII  ғасырдың  екінші  жартысында  кеңінен 

өсіріле бастады. 

Картоп түйнектерінде  көміртегі,  моноолигосахаридтер  (глюкоза,  фруктоза, 

сахароза),  клетчатка,  пектин  заттары,  одан  басқа  әртүрлі  аса  бағалы  амин 

қышқылдары,  өсімдік  белоктарының  ішіндегі  ең  құндысы  –  белок-туберин 

бар.  Картоп  бағалы  витаминді  азық,  онда  С  витамині,  витаминдер  жинағы 

В(тимин, рибофлавин, пипдоксин, фолий қышқылы), РР, U витамині және А 

провитамині  топтадған.  Картоп  органикалық  қышқылдардың  (лимон, 

қымыздық,  алма)  және  минералдық  тұздардың  қайнар  көзі.  Минералдық 

заттардан мұнда калий тұзы басым; фосфор, магний, кальций, темір тұздары 

бар. 

Картопта  калийдің  едәуір  мөлшерде  болуы  несеп  жүргізуге  әсер  етеді. 



Сондықтан  жүрек-тамыр  және  бүйрек  ауруларынан  зардап  шегіп,  сарысып 

ісінген  адамдарға  диета  белгіленгенде  дәрі-дәрмекпен  қатар  мұны  да 

қолданалы. 

Жаңа  жайындалған  картоп  шырыны  қыжылдағанға,  қышқылы  басым 

гастритке, асқазан мен ұлтабар жара ауруларын емдегенде жақсы әсер етеді. 

Шырынды  ас  ішерден  20-30  минут  бұрын  ½  стаканнан  тәулігіне  3-4  рет 

ішеді. 

Картоп – алқа тұқымдас түйнекті өсімдік. Картоптың бірқатар сорттары дән 



береді.  Дән  арқылы  өскенде  картоп  көптеген  бүйір  тармақтары  бар  басты 

тамыр түзейді, ал түйнектеніп өскенде қосалқы шашақты тамыр жүйесі ғана 

қалыптасады.  Көп  соттары  нашар  гүлдейді,  қала  берді  гүлдегенде  көбіне 

тозаң түземейді және жеміс бітпейді. Мәуесі – көп дәнді екі-үш ұялы жидек. 

Топырақтың  ішкі  қабатындағы  сабақтың  төменгі  жағындағы  жапырақ 

қойнынан  жіңішке  бүйір  сабақ-бұтақшалар  –  жылан  бұтақтар  өнеді.  әрбір 

сабақ  4-8  жылдан  бұтақтар  түзейді.  Жылан  бұтақтардың  мықтап  жуандаған 

жоғары  бөлігі  түйнек  деп  аталады.  Түйнектердің  формалары  сопақша, 

дөңгелектеу,  ұзынша  болып  келеді.  Сыртында  қабығы  бар.  Ал  түсі  ақ, 

қызғылт, алқызыл, сары, көк болады. 

Картоп  –  16

+

-



7

0

С-де  жақсы  өседі,  түйнектері  қалыптасады.  Температураның 



төмен болуы да картопқа қолайлы емес. Картоптың суыққа төзімділігін калий 

тыңайтқышын  енгізіп  қана  көтеруге  болады.  Түйнектерді  тыңайтқыш 

ерітінділерменөңдеудің әсері бар. Оларды егуден екі және алты тәулік бұрын 

тыңайтқыш ерітінділермен (6-7 кг картопқа 1 л) өңдейді. Тыңайтқыштар (1 л 

суға  1г):  аммиак  селитрасы  4,  суперфосфат  6,  хлорлы  калий  4,  оларға 

микротыңайтқыштарды  (бор,  кобальт,  марганец)  0,01-0,05%  ерітінділер 

қосады. 


Отырғызуға ең қолацлы түйнек – 45-120 г. тым ірі түйнектерді отырғызудың 

қажеті  жоқ,  өйткені  отырғызатын  материалдар  едәуір  көбейген  кезде,  өнім 

айтарлықтай өспейді. Картопты жердің 10 см тереңдікте 7-8

0

С –дейін қызған 



кезде отырғызады. 

Қазақстанның  солтүстік  облысында  түйнектер  4-6  см  тереңдікте,  оңтүстік 

облыстарда  8-10  см  тереңдікке  отырғызылады.  Ал  қуаңшылық  аудандарда 

отырғызу тереңдігін 12-15 см етеді, кейде одан да тереңдетеді. 

Баптау жағдайы мынадай: ылғалды сақтайды, отап отырады, 2-3 рет түптейді. 

Топырақта  ылғал  жеткіліксіз  болса,  жапырақ-сабақтар  түйнектердің  өсуі 

тоқталады. Сондықтан түйнек құрала бастаған кезде топырақ үнемі ылғалды 

болуы  керек.  Бірақ  ылғалдың  тым  көп  болуы  тамырларды  оттекпен 

қоректендіруді  нашарлатады,  жапырақ-сабақтардың  өсуін  күшейтіп, 

түйнектердің  шіруін  тездетеді,  өнімді  азайтады.түйнектердің  пісіп  жетілуін 

тездету  үшін  түптеудің  алдында  фосфор  және  калий  тыңайтқыштарын 

енгізген немесе ағаш күлін төккен жөн. 

Картопты  құмдақ  жерде  өсірген  жөн.  Картоп  тыңайтқыштарды  өте  қажет 

етеді,  шірінді,  сондай-ақ  азот,  фосфор  және  калий  тыңайтқыштарын 

енгізгенде оның өнімі шұғыл артады. 

Жинау мерзімін жапырақ-сабақтарының кебуіне қарай белгілейді. Бұл кезде 

түйнектердің қабығы жұмсағынан сыдырылып түспейтін болады. 

Біздің  елде  картоптың  110  сортын  өсіреді.  Орташа  ерте  пісетіндер  –  60 

тәулік, орташа пісетін 90-120 тәулік. 

 

Дәріс  №9.  Жануалар  әлемінің  ресурстары.  Қауымдастықтың 



тіршілік қабілеттілігің негізгі қағидалары 

Биологиялық  ресурстар  —  тірі  табиғат  объектілерінде  жинақталған 

(қорланған)  адамға қажетті  материалдық және  рухани байлықты  (ӛсімдіктер 

мен 


жануарлар 

дүниесі, 

табиғаттың 

таңғажайып 

ландшафтары, 

микроорганизмдер)  алудың  кӛздері  мен  алғы  шарты.  Жалпы  Биологиялық 

ресурстар  —  биосфераның  орта  түзуші  барлық  тірі  рауыштары 

ӛндірушілерден,  тұтынушылардан  және  ыдыраушылардан  түзіліп,  олар  сан, 

мӛлшер  жағынан,  жыл  сайын  ӛніп-ӛсіп  қайталанып  отырады.  Дегенмен 

Биологиялық  ресурстар  сан  жағынан  қалпына  келгенмен,  сапа  жағынан 

қалпына  келе  қоймайды,  оған  себеп:  тірі  түрдің,  оның  ішінде  ірі  жүйелі 

топтың  немесе  экожүйенің  жойылып  кетуі.  Биологиялық  ресурстар 

ӛсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары және т.б. болып 

бӛлінеді.  Генетикалық  ресурстардың  маңызы  ерекше.  Қазақстан  жерiнде 

сүтқоректiлердiң  180,  құстың  500,  бауырымен  жорғалаушылардың  52,  қос 

мекендiлердiң  12,  балықтың  104-ке  жуық  түрi  бар.  Омыртқасыз  жәндiктер 



шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да кӛп. Тек жәндiктер түрлерiнiң 

ӛзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солт- ндегi орманды дала белдемiнде 

бұлан,  елiк,  ақ  қоян,  сұр  тышқан,  су  егеуқұйрығы,  орман  тышқаны, 

бұлдырық, ақ кекiлiк, кӛл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, 

тарғақ,  қасқалдақ  мекендеген.  Едiл  ӛз.  жағалауынан  Алтай  тауы  бӛктерiне 

дейiнгi астық тұқымдас шӛп пен жусан, бетеге ӛскен далалық белдемде суыр, 

дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, 

саршұнақ,  ал  құстан  —  дуадақ,  безгелдек,  жылқышы,  сұңқар,  бозторғайлар, 

қыранқара, дала құладыны кездеседi. Кӛктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ 

бӛкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шӛлдi аймаққа ығысады. Едәуiр 

бӛлiгiн  Жайық  ӛз-нiң  аңғарындағы  орман  алып  жатқан  далалық  белдемнiң 

батыс  бӛлiгiн  бұлан,  елiк  жайлаған,  мұнда  еур.  қара  күзен,  жұпартышқан, 

орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын 

қалған  құндыз  қайта  пайда  бола  бастады.  Қосмекендiлерден  Жайық,  т.б. 

ӛзендердiң  аңғарында  тарбақа,  орман  бақасы,  т.б.  кездеседi.  Мұнда 

бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай кӛп. Далалық белдемнiң шығысында 

суыр,  дала  тышқаны,  дала  шақылдағы,  ақ  қоян,  сiлеусiн,  елiк,  арқар 

мекендеген. Ӛсiмдiк жамылғысы әркелкi шӛлейт белдемде саршұнақтар мен 

қосаяқтың,  құм  тышқаны  мен  қоянның  бiрнеше  түрi  кездеседi.  Мұнда  ақ 

бӛкен  де,  сондай-ақ  20  ғ-дың  40  —  50  жылдарында  қарақұйрық  та  кӛптеп 

кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. 

Қыста  қар  тоқтап,  кӛктемде  қар  суы  жиналатын  Үстiрт  пен  Маңғыстау 

жартастарының  арасында  кездесетiн  үстiрт  арқары  жұтаң  ӛсiмдiктермен 

қоректенiп, ащы  суды қанағат етедi.  Үстiртте ұзын  инелi кiрпi, қарақұйрық, 

шӛл  сiлеусiнi  —  қарақал  кездеседi.  Сазды  және  қиыршық  тасты  шӛл  дала 

жануарларынан  Қазақстаннан  басқа  жерде  кездеспейтiн  ерекше  тұқымдас 

ӛкiлi — жалманды атап ӛткен жӛн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нiң солт. 

жағалауындағы  кейбiр  аудандарда,  Алакӛл  және  Зайсан  қазаншұңқырында 

ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бiрнеше жерден ғана тiршiлiк ететiн бес 

башайлы ергежейлi қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шiл, қылқұйрық, 

тырна,  жек  дуадақ  кездеседi.  Оңт.  Балқаш  құмында  осы  араға  ғана  тән 

сексеуiл жорға торғайы, шӛл дала жапалағы тiршiлiк етедi. Құмайтты шӛлде 

бiрқатар  кесiртке  (жұмырбас,  ешкiемер),  жылан  (оқ  жылан,  айдаһар,  қара 

шұбар  жылан,  т.б.)  түрлерi,  дала  тасбақасы  тараған.  Республиканың  қиыр 

оңт-ндегi кейбiр жерлерде келес сақталып қалған. Ӛзен-кӛл аңғарларындағы 

орман- тоғайларда елiк, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседi. 

Балқаш,  Сасықкӛл,  т.б.  кӛлдердiң  жағалауындағы  қалың  қамыс  арасында 

бiрқазан, жалбағай, ақ құтан, кӛк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакӛл айдынын 

ӛте  сирек  кездесетiн,  Қазақстанның  ―Қызыл  кiтабына‖  енгiзiлген  реликт 

шағала  қоныстайды.  Қазақстанның  шығысы  мен  оңт-н  қоршап  жатқан 

таулардың  жануарлар  дүниесi  де  сан  алуан.  Қылқан  жапырақты  Алтай 

ормандарында  бұлан,  марал,  құдыр,  сiбiр  таутекесi,  арқар,  алтай 

кӛртышқаны,  қоңыр  аю,  бұлғын,  құну,  күзен,  барыс,  тиiн,  борша  тышқан, 

алтай суыры, құр, шiл, т.б. кездеседi. Зайсан қазаншұңқырынан оңт-ке қарай 

созылып  жатқан  тауларда  [Сауыр,  Тарбағатай,  Жетiсу  (Жоңғар)  Алатауы] 


марал,  елiк,  арқар,  сiбiр  таутекесi,  қоңыр  аю,  сiлеусiн,  барыс,  ұзынқұйрық 

саршұнақ мекендейдi. Жетiсу (Жоңғар), Iле Алатауы мен Талас Алатауында 

кӛкшiл  суырдың  орнына  қызыл  суыр  және  ӛте  сирек  кездесетiн  Мензбир 

суыры  жерсiндiрiле  бастады.  Қазақстанның  оңт.-шығыс  тауларында 

жыртқыш  құстардан  қозықұмай,  тазқара,  бүркiт  тiршiлiк  етедi.  Кең  байтақ 

Қазақстан жерiн мекендеген жабайы жануарлардың тәжiрибелiк маңызы бар: 

олардың  кейбiреулерi  (ақ  бӛкен,  марал,  жабайы  шошқа,  ондатр,  суыр) 

ауланады,  екiншi  бiреулерi  —  ӛсiмдiк  пен  жануар  зиянкестерi  (саршұнақ, 

тышқан,  т.б.)  мал  мен  адам  ауруларын  таратады.  Кемiрушiлер  жазық  және 

таулы  жерлерде  оба  ауруын,  тышқан  тәрiздi,  кемiрушiлер  туляремия, 

лептоспироз,  қуқызба  ауруларын  таратады.  Қансорғыш  кенелер  аталған 

аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бiрқатар қан-паразиттiк 

аурулар  жұқтырады.  Жануарлар  түрлерiнiң  қазiргi  сипаты  бiрқатар 

жағдайларға байланысты,  олардың  аралығында, ең  алдымен, жердiң  аса кең 

аумақта  игерiлуi,  осыған  орай  жер  суару,  не  керiсiнше,  кӛптеген  жайма  су 

аңғарларын  құрғатып,  тех.  дақылдар  егу  нәтижесiнде  жер  бедерiнiң  ӛзгеруi 

сияқты  жағдайларды  атап  кӛрсету  керек.  Мұның  нәтижесiнде  соңғы  150  — 

200  жыл  iшiнде  республика  бойынша  керқұлан  (Пржевальский  жылқысы), 

қабылан,  тұран  жолбарысы,  тоғай  бұғысы  сияқты  түрлерi  жойылып  кеттi. 

Кӛптеген  аса  бағалы  аң  түрлерiнiң  азайғандығы  соншалық,  тiптi  оларға 

жойылу қаупi тӛнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстiрт арқары, арқар, 

Мензбир суыры, ортаазия ӛзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың iшiнде 

дуадақ,  безгелдек,  жорға  дуадақ,  қоқиқаз,  орақтұмсық,  жылан  жегiш  қыран, 

бүркiт,  балықшы,  кезқұйрықты  субүркiт  саны  тым  азайып  кеттi.  Олардың 

бәрi  Қазақстанның  ―Қызыл  кiтабына‖  енгiзiлдi.  Сондай-ақ,  Қазақстанның 

―Қызыл  кiтабының‖  3-басылымына  қорғауға  алынған  аңдардың  40  түрi, 

құстың 56 түрi, бауырымен  жорғалаушылардың  10 түрi, қосмекендiлердiң  3 

түрi,  балықтың  16  түрi  енгiзiлдi.  Қорықтарда  кӛптеген  сирек  кездесетiн 

жануар  түрлерi  мемл.  қорғауға  алынды  (қ.  Ақсу-Жабағылы  қорығы, 

Барсакелмес  қорығы,  Қорғалжын  қорығы,  Наурызым  қорығы,  Марқакӛл 

қорығы, Үстiрт қорығы). Республикамыздың қазiргi жануарлар дүниесi алуан 

түрлi, ал оның кең байтақ жерiнде бұрын да кӛптеген жануарлар мекендеген. 

Мұнда  бiр  кезде  құрып  кеткен  омыртқалылардың  200-ден  астам  түрi,  кӛне 

дәуiрдегi 

теңiз 

жайылмасында 



тiршiлiк 

еткен 


бауырымен 

жорғалаушылардың,  балықтардың,  омыртқасыз  жәндiктердiң,  мәселен, 

ұлулардың бiрнеше жүздеген түрi табылды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет