Балдыркөк. Балдыркөк қоректі татымды (белогы көп) көкке жатады. өсімдік
бойындағы өзіндік иіс пен дәм эфир майларынан тарайды, оларға
балдыркөктің мәуелері аса бай келеді (2-6%). Эфир майларының негізгі
компоненті лимонен (мәуелерде 60%-ке дейін болады) болып табылады.
Балдыркөк екі жылдық өсімдік, бірінші жылы тамырланады, дегелек
құрайды, екінші жылы – гүлді сабақ пен мәуе түзейді. Жапырақтары
қауырсынды-тілік келеді. Балдыркөктің бірнеше түрлері өсіріледі; тамырлы,
жапырақты, сағақты. Тамырларының – тамыржемісі (диаметрі 8-12 см) етті,
ірі, шар тәріздес дерлік, жапырақтынікі – тамыр жүйесі түкті тілікті.
Балдыркөк суыққа төзімді. Тұқымдары 4-6
0
С-де көктейді, көктері 2-3
0
С аязға
төзеді. Балдыркөкті өсірудің үш әдісі бар: тұқым себеді, көшеттерді алдын-
ала парниктерде өсіріп отырғызады және көктетеді (парниктерде). Оңтүстік
аудандарда тұқымды жерге себеді (оны топыраққа сіңірмей үстіне құм
төккен жақсы), ал солтүстіктеу аудандарда көшет өсіреді (ақпанда – жәшікке,
мамырда – егістікте). Көктің екі жапырағы шыққан кезде, сеппе көшетті
қазып алып, көшіріп отырғызады. 55-60 тәулік шамасында көшетті тұрақты
жерге кең қатарлы немесе суыртпақты әдіспен қайта отырғызады.
Қазақстанда тез өсетін баддыркөктің тез пісетін тамырлы сорты – Яблочный
аудандастырылған. Тамыржемісі жұмыр, біршама жапырылған, жұмсағы ақ,
тамыржемісінің ұзындығы 4-7 см, диаметрі 4-8 см. Көктеп шыққаннан өнім
алғанға дейін 82-100 тәулік өтеді.
Дәріс №4. Қазақстанның техникалық өсімдіктері
Техникалық дақылдар дегеніміз – кез келген мүшелерінен өндіріске қажетті
шикізат алуға болатын өсімдіктер. Талшықты өсімдіктер де техникалық
дақылға жатады. Техникалық дақылдардан қант, крахмал, май, илік заттар,
өзге де қажетті заттар алынады. Үпілмәлік(клещевина) – көпжылдық сүттіген
тұқымдас техникалық дақыл. Ол – биіктігі 10 метрге дейін жететін бірүйлі
өсімдік. Бірінші жылы сабағының биіктігі 60–500 сантиметрге жетеді де күзгі
салқында тіршілігін тоқтатады. Сабағының іші қуыс, буын-буынды, көп
бұтақты болып келеді. Жапырақтары үлкен, ұзын сағақты. Гүлшоғыры –
бұтақтар ұшында болатын шашақгүл. Оның астыңғы бөлігінде аталық
гүлдер, үстіңгі бөлігінде аналық гүлдер орналасады. Жемісі –қауашақ.
Қауашағы домаланған немесе сопақтау, үш ұялы болады. Әрбір ұяда бір-
бірден тұқымы бар. Қауашақ сыртын тікенектер қаптайды.
Үпілмәліктің тұқымында 40–58%-ға дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май
болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар
ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металлургияда,
тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы
жеуге жарамсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Үндістанда, басқа да
елдерде түтіндемейтін болғандықтан, майшам ретінде пайдаланылады.
Сабағының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқылады. Оның отаны – Шығыс
Африка. Қазақстанда бір түрі – кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында,
Батыс Тәңіртауда таралған біржылдық өсімдік. Оның биіктігі 60–400
сантиметрге дейін жетеді. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара
топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12–14°С-де өнеді. Өсімді кезеңі 110–150
күн. Үпілмәлікті екпе дақылдар тәрізді жыртылған жерге кең қатарлап себеді.
Себу нормасы 1 гектарға 25–30 килограмм тұқым шашылады.
Тұқымның сіңірілу тереңдігі 8–10 см. Суарылмаған жағдайда гектарынан 7–
12 ц, суармалы егістіктен 16–20 ц түсім алынады.
1. Техникалық өсімдіктер: 1 – қызғылт қазтамақ; 2 – қанқызыл
үпілмәлік; 3 – персиялық үпілмәлік
2. Талшықты өсімдіктер: 1 – кенеп; 2 – бұйдакендір; 3 – бамия
Бұйдакендір – құлқайыр тұқымдасқа жататын біржылдық, шөптекті өсімдік.
Оның жапырағы, гүлдері ірі болады. Күлтесі – сары түсті. Жемісі – 11–30
ұялы қауашақ. Қауашақтың әр ұясында 3–5 ұсақ тұқымдары болады.
Бұйдакендірдің сабақтарында 17–27% талшық бар, одан арқан есетін, қап
тоқитын жіп алынады. Тұқымында тек техникалық мақсатқа пайдаланылатын
18–20% май болады. Отаны – Қытай деп есептеледі. Қазақстанда Каспий
теңізінің маңында, Мұғалжарда өседі. Торғай қолтығында, Балқаш-Алакөл
ойысында, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі.
Бұйдакендір жарық сүйеді, ыстыққа төзімді. Ол топырақта ылғалдықтың
жетімсіздігіне төзе алмайды. Топырақ жылылығы 10–12°С болғанда кең
қатарлы әдіспен бұйдакендір тұқымын егуге болады. Тұқым себу нормасы –
гектарына 12–20 килограмм, сіңіру тереңдігі 3–6 см. Тұқымы пісіп жетіле
бастағанда бұйдакендірді талшығы үшін жинап алады.
Адам өмірінде дәрілік өсімдіктердің маңызы зор. Қазақстанда өсетін 6
мыңнан астам өсімдіктердің 500-дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Айыр,
долана, рауғаш, қарғакөз, жүзжылдық (алоэ) және өзге де дәрілік өсімдіктер
бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент фармакологиялық
зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана дәрі алу мақсатында
өсіріледі.
1. Жалбызтікен 2. Бақбақ
Дәрілік қасқыржем (1) және ағаш тәрізді жүзжылдық (2)
Жалбызтікен – құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150 сантиметрге дейін
бойлап өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тік орналасқан жуан әрі қысқа
тамырынан көптеген жанама тамырлар тарайды. Сабақтары тамырдан
тікелей өсіп шығатындықтан, жуан тамырдың жоғары жағы тармақталып,
әрбір сабақтың түбінде жұлым-жұлым ұйысқан түктер болады. Ұзындығы әр
түрлі (2,5–15 см) сағақты, ара тісті жапырақтары сабаққа кезектесіп
орналасады. Жапырақтарының екі жағын біркелкі қысқа түк қаптайды.
Дәрілік жалбызтікен маусым – қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа
сағақты, әрбір жапырақтың қолтығында топтасып орналасады, 15–20
жемісшеден құралған жемістері болады. Бұл өсімдікті Қазақстанның барлық
аумағынан: ылғалды, батпақты жерлерден, көл маңынан, тау етектері мен
өзен жағалауынан, егістік жерлерден кездестіре аламыз.
Жалбызтікеннің тамыры – дәрілік шикізат, оның құрамында 37%-ға дейін
крахмал, 10,2%-ға дейін қант, сондай-ақ пектин, май, витаминдер бар.
Тамырдың 35%-ға жуығы сілемейлі-шырышты заттан құралатындықтан,
емдік қасиеті соған негізделеді. Сілемейлі-шырышты зат жалпы қабынуларға
қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді, жүйке жүйесін тыныштандырады,
жөтелді бәсеңдетіп, асқазан мен ішектің түйіндеп ауруынан құтқарады, қуық
жолдары мен бүйректің қабынуын басады. Халықтық медицинада іш жүргізу,
дизентерия, асқазан жарасын емдеуге, тіс түбінін еттері босап, алқым бездері
ауырғанда, ауызды, тамақты шаюға қолданылады.
Қант қызылшасы- тамыры кӛмірсуға бай қант ӛндіруде маңызды техникалық
дақылдардың ең бастысы. Тамырында 13-22% сахароза болады. Азыққа қант
ретінде қолданылады. Қант қызылшасының ӛнімдерінен спирт, глицирин,
пектинді желім, дрожж т.б. ӛндіріледі. Қызылшаның жапырағында 12 %
құрғақ заттар болады және аздап 3% ақуыз кездеседі. Оны зеленый корм
ретінде қолданылады. Қант қызылшасыбүкіл жер шарында, әсіресі, Европа,
Азия елдерінде ӛсіріледі. Оның жемі-жидектік және медициналық маңызы
зор. Қызылшаның ботаникалық атауы- тұқымдасына жатады. Қолдану
қасиетіне қарай: қанттық, азықтық және столовая деп бӛлінеді. Қант
қызылшасы-екі жылдық даму циклі бар шӛптесін ӛсімдік. Бірінші жылы
шырынды, қантқа бай, ірі тамыр тұқымы, ал екінші жылы, гүлді сабақ ӛсіп
шығып одан тұқым пайда болады. Биологиялық ерекшелігі қант қызылшасы
ӛте құнарлы, ылғалды топырақта жақсы ӛседі. Күн энергиясын кӛмірсу жинау
кезінде пайдаланады. Негізінен тұздылыққа қарсы тұратын ӛсімдік,
сондықтан топырақтың тұздылығын азайтуға болады. Мақта-текстильді
ӛндірісте маңызды. әртүрлі маталар (батист, жібек, маркизет, трикотаж,
жіптер) техникалық маталар электрлік, автомобиль, әуе ӛндірісі үшін жасап
шығарады. Линтер мақта дайындауға, яғни тұрмыстық және медициналық,
сонымен қатар пластмасс, целлофан, қағаздар үшін қолданылады.
Тұқымыннда 18 ден 27% май болады. Ол консервілік ӛнімдерінде, маргарин
ӛндіруде пайдаланады. Мақтаны 60-тан артық ел ӛндіреді. Әлемдік егу алаңы
(1960-1961) 33,6 млн га жерді қамтиды. Ботаникалық сипаттамасы:
Gossupium L- Мольвовые (Malvacie) тұқымдасына жататын кӛпжылдық
ӛсімдік. Сабағы 1,5-3м, тамыры жақсы жетілген. Тұқымы-3-5 ұялы қорапша,
дӛңгеленген жұмыртқа тәрізді пішіндес. Түрлері: кәдімгі мақта (G hitsutumh),
Египеттік, Перуандық мақта (G. barbadenseh L), шӛптесін мақта, гуза (G
herbaceum L). Nicotana tabacum L Ауыл шаруашылығында люцернадан 2-3
жыл кейін отырғызады, онда органикалық, минералды тыңайтқыштар кӛп
болады.Сондықтан мақта жақсы ӛседі. Сонымен қатар азот, фосфор, калий
элементтерініңде маңаза зор. Бутонизация фазасына дейін азот және фосфор
3-5%, калий 2-3% кейінгі фазасында азот 25-30% қажет болады. Темекі-
алкалоидты техникалық дақыл. Кәдімгі темекі- Nicotana tabacum L паслен
тұқымдасына жатады. Жапырағы үшін ӛндіреді. Папирос, темекі, түтікті
табак үшін ұнтақ ретінде қолданылады. Темекінің жапырағында никотин
алколоидты, кӛмірсу, азот, эфир майлары болады. Табиғатта бір жылдық
ӛсімдік салқын емес аудандарда екі одан да кӛп жыл ӛсе алады. Сабағы тік,
жапырақтары кезектесе орналасады. Күлтесі 5 типті, тостағаншасы
жұмыртқа пішіндес. Ең алдымен Үндістанда пайда болған. Кейін Бразилия,
Перу, Аргентина елднріне тарады. Ауыл шаруашылығында темекіні еккен
соң оны сулы, ауалы қорктік режимде болуы керек, таза арамшӛптері
тазартылған болуы тиіс. Минералды, органикалық тыңайтқыштар ӛсуін
жеңілдетеді.
Дәріс №5. Қазақстан флорасындағы витаминді өсімдіктері
Томат пен баклажан бойында минералдық тұздар, органикалық қышқылдар,
витамидер, ферменттер болуы себепті – олардың тағамдық, дәмділік және
диеталық қасиеттері өте жоғары болып келеді, сондықтан оларды көп
пайдаланады.
Томат мәуелерінен томат-паста, томат шырынын, көкөніс салатын
дайындайды, оларды консервілейді, тұздайды, сондай-ақ жас күйінде де
пайдаланады. Айта кету керек, томаттарды теплицаларда өсіріп, жыл бойына
жас өнім алып тұруға болады.
Баклажанның әлі пісіп болмаған, 30-40 тәулік мәуесін, олардың дәні әлі ашық
қоңыр түске еніп бола қоймаған күйінде пайдаланылады. Баклажанның
қоректік бағалығымен қатар өсімдік қасиеттері де бар. Баклажан жегенде
қандағы
холестерин
азаяды.
Томат (қызанақ) – қазір ең көп таралған, сүйкімді көкөніс (алқа тқұымдасы),
бұл дақыл Европаға XVI ғасырда ғана әкелінді.
Шыққан жері – Оңтүстік және Орталық Американың тропиктік аудандары,
онда бұл өсімдік біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда белгілі болған. Томат
дақылын бірінші болып испандықтар әкеліпті, ал итальяндықтар оған
“помидор” – “алтын алма” деп екінші ат беріпті және де Европада оны ұзақ
уақыт экзотикалық әсемдік өсімдіктер ретінде (гүлдерінің әдемілігі мен
мәуесінің ашық түсінен) бағалаған немесе дәрі-дәрмек ретінде пайдаланған.
Томат мәуелерінің витаминдерге (С витамині лимон мен апельсиндегімен
бірдей деуге болады) байлығымен ерекше бағалы. Оның үстіне томатта В
1
,
В
2
, РР витаминдері, темір, фосфор тұздары бар, әсіресе калий көп. Қант 1,6%-
6,4% дейін, органикалық қышқылдардан – лимон қышқылы (0,3-1,7%), сүт
және алма қышқылдары бар, ал қымыздық қышқылы картоптегіден,
қызылшадағыдан, капустадағыдан аз. Органикалық қышқылдардың болуы
арқасында қанның сілтілік резерві көбейеді. Томат мәуесінде калий тұзы мен
биязы клетчатка көп болғандықтан, оны жұрттың бәріне, әсіресе зат
алмасудың бұзылуына байланысты жүрек-тамыр жүйесі ауруларына
шалдыққандарға ем ретінде ұсынады.
Витаминдердің көптігіне байланысты томатты бағалы диетикалық азық
қатарына жатқызуға болады. Томат шырыны өте пайдалы – 1 стакан шырын
А және С витаминдеріне деген тәуліктік қажеттіліктің жартысын қамтамасыз
етеді. Жас томат шырынында ішектегі ашу, шіріту процестерін басатын
күшті фитонцидтер сақталады, шырын асқазан сөлінің секрециясына әсер
етеді, жүрек қызметін жақсартады, әсіресе, арықтау қажет болған кезде,
қоспа шырындары: алма, асқабақ, лимон (арақатысы 2:4:2) шырындарына
араластырып ішеді.
Томат өз елінде – көп жылдық мәңгі жасыл өсімдік, әрбір жапырақтың
қойнында сабақ-бұтақшалар қалыптасады, олар ылғалды топыраққа тисе
болды, тамырланып, қалың көп сабақты бұта түзейді. Егілгенде бір жылдық
дақыл ретінде өсіріледі. Сабақтары тоқтаусыз жоғары ұзара өседі.
Томат температураны өте қатты таңдайды. Температура 15
0
С-ден төмен
болса, өсімдік гүлдемейді, ал температура 8
0
С-ден төмен болса, өсуін
тоқтатады. Томат әсіресе, топырақтың ылғалдылығын өте қажет етеді,
өйткені қуатты тамып және жер үстіндегі жүйелері мен көптеген мәуелерін
тез қалыптайды. Жерде ылғал аз болса, тоиат өсуін тоқтатып, гүл шанақтары
мен мәуесін тастайды. Ал мәуелері пісіп келе жатқан кезде топырақтың
ылғалдылығы тез өзгерсе, онда олар жарыла бастайды. Ауаның ең қолайлы
ылғалдылығы 45-65%. Ылғалдылық тым жоғары болса, гүлдер нашар
тозаңдайды, жапырақтар құба дақты, бактериялық дақты және басқа да
ауруларға, ал мәуелері фитофтораға шалдығады. Ауа ылғалдығының тез
өзгеріп тұруы мәуелер төбесінің шіруін күшейтеді.
Томат күн сәулесінің күшті болуын қажет етеді, томат үшін ең қолайлы жер –
жеңіл, жақсы жылынған және шіріндіге бай қаратопырақ. Томат өсімдігі
топырақтан көптеген қоректі элементтерді сіңіреді. Ең алдымен калийді,
содан соң азотты қабылдайды.
Көшетті отырғызар алдында 0,5-1% бордос ерітіндісімен бүркиді, сонда
ашық жерде өсімдіктің жапырақтар мен мәуелер ауруларына төзімділігі
күшейеді.
Томатты бұрын капуста, қияр және бақша өсімдіктері, пияз егілген жерлерге
еккен жақсы. Томатты бұрыш, баклажан, темекі, картоп еккен жерге егуге
болмайды, өйткені оларда, томат сияқты алқа тұқымдас өсімдіктерге жатады,
солардың ауруларына, солардың зиянкестері арқылы ауруларға шалдығады.
Солтүстікте олар қышқылдау, оңтүстікте тәттілеу болып келеді. Томатты
гүлдеп тұрған кезде 20 мг 1 литрге қойылтылған янтарь қышқылымен бүрку
оның бойындағы құрғақ заттар мен қантты көбейтеді.
Көк, әлі пісіп жетпеген томат мәуесінде улы алколоид соланин болады, бірақ
мәуелер пісіп жетілген кезде олар түгелге дерлік жойылып кетеді.
Томаттың сорттары өте көп, олар ерте (көктеуден өнім жинауға дейін 95-120
тәулік), орта мерзімде пісетіндер (110-130 тәулік) және кеш пісетіндер (120-
150 тәулік) болып бөлінеді.
Баклажан -жаздың аяқ кезінде әр алуан көкөністердің ішінде нәрлігі және
шипалылығы жағынан басқалардан кем түспейтін өсімдіктердің бірі
баклажан, оның шыққан жері Үндістанның тропик аудандары, оны сол
жерлерде біздің дәуірімізге дейінгі уақыттан көп бұрын дақылға
айналдырылған. Европаға орта ғасырда әкелінді.
Мәуелерінің басты қасиеті-калии тұздары көп;оларда,
сондай-ақ,
3℅шамасында қант, клетчатка, пектин заттары, В
1
витамин топтары,С
витамині (15мг℅дейін), каротин, кальци мен фосфор тұздары бар.
Баклыжандарды атеросклероздың сақтандыру және оны емдеу ушін
пайдаланады, өйткеніол холестринді азайтуға әсер етеді. Ал мәуелерінде
калии тұздарының көп болуы жүрек жұмысын күшейтеді, организімнен
сұйықтықты шығаруға мүмкіндік береді.
Баклажан томат жататын тұқымдасқа жатады, бұл да бір жылдық дақыл.
Сабағы тікенекті ағаштанған. Жапырақтары үлпілдек-қалақша немесе
тұтас,жасыл немесе күлгін түсті. Тамыр жүесі онша тереңде емес.Мәуелері-
2-11 ұялы жидек, шар тәрізді, алмұрт тәрізді, немесе целиндр тәрізді, көбіне
ақ болады, піскен кезде қоңырқай сарғыш немесе қызғылт түске енеді.
Жұмсағы ақ немесе жсылдау.
Баклажандар томаттанда гөрі жылыны көбірек қажет етеді. Тұқымдары 13
о
-
14
о
С-де көктейді, ал ертерек көктету үшін температураны 20-25
о
С көтеру
керек. Көшет еккенде қоректі құмыраларды пайдаланған жөн, өйткені
көшіріп тігуді, қайта отырғызуды көтермейді, тамырлары зақымдалса,
қалпына тез келмейді.
Жеміс салу кезеңінде температура 20
о
С-ден төмендесе, жемістің бітуі мен
өсуі тоқтайды, 15
о
С-де гүлдер мен жатынедар түседі. Жоғары температура да
қолайлды емес, өйткені 34
о
С және ауа құрғақ не ылғалдылығы 35℅-тен
төмен болса, жатындар түсіп, өсімдік ауруларға шалдығады. Баклажандар
топырақтың, ауаның ылғалдылығын қажет етеді. Ауаның арақатысты
ылғалдылығы 60-70℅болуы керек, топырақ ылғалдылығы жеткіліесіз болса,
гүл шанақтары түсіп қалады. Помидорлар сияқты, баклажан да салқын сумен
суаруды қаламайды. Баклажандар жарықты әсіресе гүлдей бастаған кезде өте
қажет етеді, жарық жеткіліксіз болса, гүл шанақтары түсіп қалады. Көшетті
қысқа, 10-12 сағыттық жарықта өсіру қажет, бұл өсімдікдің өсуін 10-35
тәулікте тездетеді.
Картоп сияқты, баклажандарды да колорад қоңызы зақымдайды. Онымен
күресу жолы – хлорофосты немесе қоңыздың келер алдында хлорлы калииді,
суперфосфатты 10-15 тәулік аралатып, екі рет бүріккен жөн болар. Бұлай
бүрку өсімдікті фосфорлы калиймен тамырдан тыс үстеп қоректеудің орнына
жүреді. Ал жеміс салу кезінде азотты көбірек кекрек етеді.
Деликатес – жемісі тез піседі, қысқарған алмұрт тәрізді қарақоңыр- күлгін
түсті.
Қарбыз – Көптеген халықтың сүйікті тамағы. Шыққан жері- Оңтүстік
Африкадағы Судан,Калахари және Намибия шөл даласы, ол жерлерде қарбыз
қопалары кездеседі
Қарбыз суреттері Көне Египет перғауындарының мазарларынан табылған.
Х ғасырда Қытайда және Азия елдеріне, кейінірек Европаға әкелінген.
Қарбызда организмдегі көптеген фзиологиялық процестерді реттеп отыратын
заттар бар. Қаннтың мөлшері жағынан қарбыз анананастан, жүзімнен,
алмұрттан кем түспейді. Онда клетчатка мен гемицеллюлоза, пектин заттары,
қант, Свитамині, каротин, В
1
,В
2
,РР витаминдері, фолии қышқылы, калии,
натрий,кальций тұздары, сондай-ақ магний темір, күкірт және аса құнды
амин қышқылы бар.
Қарбызда темірдің мол болуы оны қант аздықты емдеуге болады. Фолий
қышқылы қан жасауға араласып, рак ауруының басталуына кедергі болады.
Қарбыз – Құрқұүлақ, бүйрек, бауыр ауруына қарсы, жүрек қызмктін
жақсарту, организм тонусын көтеру үшін профилактикалыфқ жіне емдік
дәру. Бүйрек, бауыр ауруларына, семіздікке қасиеті бар. Халық
медицинасында қарбызды сары ауруды емдеуге қолданылады. Қеарбыз
дәндерінен жоғары сапалы май алады;дәндерінле 14-19℅ қант болады.
Қарбыз дәндері қан тоқтатуға және ішек құртына қарсы әсер етеді.
Қарбыз – асқабақ тұқымдас бір жылдық шөп тектес өсімдік, сабағы көлбей
өседі.
Тамыр
жүйесі
тарамдалып,
топырақтың
терең
қабатына
кетеді;жапырақтары мен сабағы мықтап түктенген, бозарған дағы болады.
Жапырақ қолтығынан мұртшалар, ал жоғарғы бөлігінен – гүлдер шығады.
Аналық гүлдер басты өркеннің ұшына және бірінші реттегі өркендерде
орналасады.
Қарбыз – жылыны сүйгіш өсімдік. 15-16
0
С-де тұқымдары өне бастайды.
Сепкеннен кейін 8-9 тәулікте көктейді.
Қарбыз күн сәулесін талғайды, күншуақты күндер көп жерде өнімді де көп
береді. Қуаңшылыққа аса төзімді. Тек оңтүстік аудандарда ғана оны суарып
өсіреді, бірақ онда да жемістері сол сорттың әдеттегі көлемінің жартысындай
болғанда, суаруды тоқтатады.
Қарбызды бұрын көп жылдық шөптер, дәнді дақылдар, ал көкөністерден –
пияз, капуста, тамыр жемістілер егілген жерге еккен жөн. Жақсы
жылынатын, жеңіл, құнарлы қаратопырақты және қызыл-қоңыр топырақты
жерлерде қарбыз жоғары өнім береді. Аңызақ соғатын аудандарда қарбызды
биік сабақты өсімдіктер (жүгері, күнбағыс, ақжүгері) ықтырмалары арасына
егеді, олардың бір-бірінен қашықтығы 16-20 см болу керек. Фосфор-калий
тыңайтқыштарын енгізу жемістердің пісуін тездетеді және олардың
қанттылығын арттырады.
Тұқым топырақ 10 см тереңдікте 12
0
С-дейін жылынған кезде себіледі.
Тегінде, 3-4 жыл бойы сақталған тұқымды сепкен жөн. Себер алдында
тұқымды екі сағат бойы 40-50
0
С-де қыздырады.
Қарбыз жер үстінде үлкен болып өседі, оны 70X140 см, 140X140 см, 140X210
см және 210X280 см схемасымен егеді. Оны 3-5 см тереңдікке егу керек.
Зиянкестермен және аурулармен күресу маңызды орын алады. Сымқұртқа
қарсы дәндерге ГХЦГ дусты себеді. Ал, әсіресе оңтүстік аудандарда
анағұрлым қауіпті бақша биттеріне қарсы өсімдікке 40%-ті фосфамид (Би-58)
немесе 30%-ті карбофос бүркеді. өрмекші кенесіне қарсы өсімдікті 20%-ті
кельтанмен өңдейді. Қарбыз жапырақтарын сақа құрт-құмырсқалар мен
шыбын-шіркейлер жіне бақша қызыл қоңыздарының балапан-құрттары
зақымдап тастауы мүмкін. Ондай зиянкестерге қарсы 80%-ті хлорофоспен не
20%-ті метафоспен өсімдікті өңдейді.
Жемістің піскендегін жеміс сабағы мұртшаларының қурағанынан, қарбыздың
ерекше жылтырауынан, шерткенде не сәл қысқанда қатаң дыбысына қарап
анықтайды. Қарбызды жинап алғаннан кейін 2-3 ай сақтауға болады.
Қарбыздың
Қазақстанда
аудандастырылған
сорттары: Багаевский
Достарыңызбен бөлісу: |