Дәріс №1. Кіріспе. Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама


Дәріс  №10.  Қазақстанда  кездесетін  буынаяқтылар.  Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата18.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2172
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс  №10.  Қазақстанда  кездесетін  буынаяқтылар.  Қазақстанда 

кездесетін балықтар әлеміне саяхат 

насекомдар  (Insecta)  –  буынаяқтылар  типіне  жататын  омыртқасыз 

жануарлар 

класы. 


Қазба 

қалдықтары 

девон 

кезеңінен 



белгілі. 

Филогенетикалық  шығу  тегі  кӛп  аяқтыларға  жақын,  арғы  тегі  сақиналы 

құрттар  деп  есептелінеді.  Жер  шарында  кең  тараған  1  млн-дай  түрі 

анықталған  (барлығы  1,5  –  2  млн.  түрі  болуы  мүмкін).  Жәндіктер  екі  класс 

тармағына  бӛлінеді:  алғашқы  қанатсыз  жәндіктер  және  қанатты  жәндіктер. 


Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550-ден астам тұқымдасы 

бар. Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы – трихограмма – 0,2 

мм) – 33 см-ге дейін болады. Жәндіктердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, 

кеуде  және  құрсақ  бӛлімдерінен  тұрады.  Денесін  тығыз  кутикула  (эпителий 

клеткаларынан  бӛлінетін  тығыз  қабықша)  жапқан.  Басында  екі  күрделі 

фасеттік  кӛздері,  қарапайым  майда  кӛзшелері,  екі  мұртшасы  болады.  Ауыз 

құрылысы  қоректену  әдісіне  қарай:  инеліктер,  тарақандар,  дәуіттер, 

қоңыздардың  аузы  кеміруге;  кӛбелектер,  шыбындардың  аузы  сұйық  қоректі 

соруға;  ӛсімдіктердің  шырынымен  және  адамның,  жануарлардың  қанымен 

қоректенетін  маса,  бит,  қандала,  цикада,  т.б.  аузы  шаншып-соруға 

бейімделген.  Жәндіктердің  кейбір  түрінде  аузы  болмайды  (бӛгелек, 

біркүндіктер).  Үш  бунақты  (алдыңғы,  ортаңғы  және  артқы)  кеудесінде  (әр 

буынында  жұптан)  алты  аяғы  болады,  жәндіктердің  ежелгі  атының 

алтыаяқтылар  (Нexapoda)  деп  аталуы  осыған  байланысты.  Аяқтары 

жамбасша,  ұршықбас,  сан,  сирақ  және  табаннан  тұрады.  Жәндіктердің 

жүруге,  жүгіруге  (тарақан,  қоңыздарда,  т.б.);  секіруге  (шегіртке,  шекшек, 

бүргелер);  жүзуге  (жүзгіш  қоңыздар,  т.б.);  қазуға  (бұзаубас,  т.б.);  жемін 

ұстауға  (дәуіт,  т.б.);  гүл  тозаңын  жинауға  (бал  арасы)  бейімделген  аяқтары 

болады.  Ортаңғы  және  артқы  буынында  бір-бір  жұп  қанаттары  бар.  Тек 

қосқанаттыларда  артқы  кеуде  буынындағы  қанаттары  –  ызылдауыққа 

айналған.  Жәндіктердің  басым  бӛлігінде  ұшуға  екі  жұп  қанаттарын 

(кӛбелектер,  инеліктер,  торқанаттылар,  т.б.),  кейбір  түрі  тек  артқы  жұбын 

(қоңыздар,  т.б.)  ғана  қағады.  Құрсағы  кӛп  бунақты,  кейбір  түрінде  11 

бунақты.  Құрсағында  аяғы  болмайды,  бірақ  олардың  қалдықтары  рудимент 

(жұмыртқа  салатын  мүшесі  немесе  шаншары,  еркегінде  –  жыныс  мүшесі) 

түрінде  сақталған.  Жәндіктердің  бұлшық  еті  тек  кӛлденең  жолақты.  Ет 

талшықтарының  саны  1,5  –  2  мыңға  жетеді.  Бұлшық  еттерінің  жиырылып- 

жазылуы бас миымен тығыз байланысты және оларға бұлшық еттен бӛлінетін 

жиырылғыш белок – актомиозин әсер етеді. Жәндіктердің ас қорыту жүйесі 

алдыңғы,  ортаңғы,  артқы  ішектен  және  сілекей  бездерінен  тұрады.  Олар 

қорегіне  қарай  фитофагтар  (ӛсімдік  қоректілер),  жыртқыштар,  ӛсімдік 

шірнесімен  қоректенетіндер,  некрофагтар  (ӛлексемен  қоректенетіндер), 

сапрофагтар  (басқа  жануарлардың  ӛлексесімен  қоректенетіндер),  қан 

сорғыштар,  т.б.  болып  бӛлінеді.  Жәндіктер  атмосфералық  ауаны  –  трахея 

(кеңірдек) жүйесімен жұтады, ал суда тіршілік ететін дернәсілдерінде екінші 

реттік  трахея  не  кутикулалы  желбезек  дамиды.  Жәндіктердің  дене 

температурасы  тұрақсыз,  сондықтан  олар  салқынқанды  жануарлар  тобына 

жатады.  Қан  айналу  жүйесі нашар  дамыған.  Ол жүрек пен арқа қолқасынан 

құралған.  Бірнеше  камераларға  бӛлінген.  Осы  камералар  бір  бағытта 

жиырылып қанды (гемолимфаны) артқы жағынан қолқаға қарай сырғытады. 

Гемолимфа  қолқадан  бас  қуысына,  одан  кеуде  және  құрсақ  бӛлігіне  ағып, 

қайтадан жүрекке құйылады. Зәр шығару жүйесі – мальпиги түтікшелері. Бұл 

суды  және  организмге  қажетті  еріген  затты  гемолимфаға  ӛткізеді,  ал  сіңбей 

қалған  заттар  артқы  ішекке  түсіп,  аналь  тесігі  арқылы  сыртқа  шығарылады. 

Жүйке  жүйесі  бас  миы,  жұтыншақ  асты  ганглия  және  құрсақ  жүйке 


тізбегінен  құралған.  Жәндіктерде  сезім  мүшелері  жақсы  дамыған.  Олар  әр 

түрлі  механикалық,  химиялық,  дыбыстық,  кӛру,  есту,  терінің  сезу  қабілеті, 

т.б.  кӛптеген  тітіркенулерді  қабылдай  алады.  Жәндіктер  дара  жыныстылар 

және  жыныс  диморфизмі  айқын  байқалады.  Бұлардың  онтогенезі  екі 

кезеңнен ӛтеді: толық түрленіп дамитындар және шала түрленіп дамитындар. 

Жәндіктердің  биоценоз  тұрақтылығын  сақтауда  айрықша  маңызы  бар. 

Олардың  ішінде  кӛптеген  ауыл  шаруашығы  мен  орман  зиянкестері  де 

жеткілікті:  Қазақстанда  әр  түрлі  қоңыр  кӛбелектер,  астық  қоңыр  кӛбелегі, 

жапырақ  ширатқыштар,  мүр  кӛбелектер,  ӛсімдік  биттері,  жапырақ  жегілер, 

т.б.  –  зиянды  жәндіктер;  бит,  бүрге  маса,  шіркей,  сона,  т.б.  –  қан  сорғыш 

жәндіктер;  тарақан,  үй  қара  шыбыны,  цеце  шыбыны,  т.б.  –  аса  қауіпті  ауру 

қоздырғышын тарататын жәндіктер; бал арасы, тұт жібек кӛбелегі – пайдалы 

жәндіктер  кездеседі.  Сонымен  қатар  ара,  кӛбелек,  т.б.  жәндіктер  ӛсімдікті 

тозаңдандырады;  құмырсқа,  қоңыз  дернәсілдері  топырақты  қопсытады. 

Жәндіктердің  сирек  және  жойылып  бара  жатқан  200-дей  түрі  (Тянь-Шань 

апполоны, әсем барылдауық қоңыз, махаон, сары кӛбелектің кейбір түрлері, 

т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 

Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын 

омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%- 

ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 

180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. 

Қазіргі  кӛптеген  түрлері  500  мың  жылдан  бері  ӛзгерместен  тіршілік  етіп 

келеді.  Балықтардың  мекен  ету  аумағы  биік  тау  суқоймаларынан  мұхиттың 

терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 

50°С  (ыстық  бұлақтарда)  температура  аралығында  тіршілік  ете  алады. 

Тұздылығы  70‰  суға  тӛзетін  балықтар  да  бар.  Балықтар  дене  тұрқы,  түсі, 

құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене 

тұрқы  1  см-ден  20  м-ге  дейін  болады,  ал  салмағы  1,5  граммнан  12  –  14 

тоннаға  дейін  жетеді.  Балық  ӛсіру  –  балық  шаруашылығының  балықтарды 

жерсіндіретін,  олардың  жаңа  тұқымын  шығаратын,  қоректендіретін,  судағы 

қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар 

мен тоғандарда ӛсіріледі. Табиғи суда балық ӛсіру – ӛзен, кӛл, су қоймалары 

мен  теңіздердегі  балық  түрлерінің  сапасын  арттыруға  және  оның  қорын 

молайтуға  бағытталған.  Адамның  іс-әрекетінің  нәтижесінде  (мысалы,  су 

құрылыстарының  салынуы,  судың  ластануы,  т.б.)  табиғи  сулардағы 

балықтардың ӛсіп-ӛнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып 

соқты, сондықтан олардың ӛсіп-ӛнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін 

кӛбейту  сияқты  жұмыстардың  қажеті  туды.  Адам  әрекетінің  кері  ықпалы, 

әсіресе,  жартылай  ӛткінші  (кӛксерке,  тыран,  сазан,  торта,  т.б.)  және  ӛткінші 

балықтарға  (бекіре  тәрізділердің,  албырттардың  кӛпшілігі,  т.б.)  қатты  тиді. 

Жартылай  ӛткінші  балықтар  кӛлдерде,  ӛзендерде  және  оның  сағасында,  ал 

ӛткінші  балықтар  теңіздерде  тіршілік  етіп,  уылдырығын  шашу  үшін  ӛзен 

арнасымен  жоғары  ӛрлейді.  Балықтардың  ӛрлеу  жолында  кездесетін 

кедергілер  жойылады;  мысалы,  жыртқыш  балықтар  ауланады,  жыртқыш 

сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау 


уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың 

тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында 

сақталуы  керек.  Кӛктемгі  су  тасқынынан  ӛзен  жайылымдарында  майда 

шабақтардың  біразы  қалып  қояды  да,  су  тартылғаннан  кейін  қырылып 

қалады.  Мұны  болдырмау  үшін  арнайы  канал  қазылып,  шабақтар  ӛзен-

кӛлдерге  ағызылады  немесе  шабақтар  ауланып,  ӛзенге  қолдан  жіберіледі. 

Кәсіптік  маңызы  бар  балық  түрлерінің  әр  түрлі  себептерден  табиғи  кӛбеюі 

жоғары  деңгейде  болмаса,  олардың  шабағы  қолдан  ӛсіріліп,  есейген  соң, 

табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын 

арттыру  үшін  кәсіптік  маңызы  бар  балық  түрлерін  жерсіндіреді.  Мысалы, 

кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара 

теңізден  камбала,  Аралдан  Балқаш  кӛліне  арал  бекіресі  мен  қаязы,  т.б. 

әкелінген.  Тоғанда  балық  ӛсіру,  арнайы  қазылған  су  қоймаларында 

жүргізіледі,  сондықтан  мұндағы  балықтар  ұрықтануынан  бастап  үлкейгенге 

дейін  адамның  бақылауында  болады.  Тоған  шаруашылықтарында  ежелгі 

тұқыдан  басқа  кӛптеген  балық  түрлері  (ақ  амур,  дӛңмаңдай,  табан,  оңғақ, 

бахтах  (форель),  бестер,  т.б.)  ӛсіріледі.  Балықтарды  қоректендіру  үшін 

құрама  азық  қолданылады.  Қазақстанда  жалпы  аумағы  үш  мың  гектардай 

тоғыз  тоған  шаруашылығы  (Алматы,  Шығыс  Қазақстан,  Павлодар, 

Қызылорда  облысында),  он  үш  питомник  және  бірнеше  арнаулы 

шаруашылықтар  (Атыраудағы  бекіре  шабағын  ӛсіретін  шаруашылық,  т.б.) 

бар. 


 

Дәріс  №11.  Қазақстанда  кездесетін  қосмекенділер.  Қазақстанда 

кезесетін бауырмен жорғалаушылар 

Қосмекенділер  (Amphіbіa)  –  хордалылар  типі,  омыртқалылар  тип 

тармағының 

бір 


класы. 

Қосмекенділердің 

класс 


тармағы: 

доғаомыртқалылар  (Apsіdospondylі)  жұқаомыртқалылар  (Lepospondylі),  3 

отряды  (құйрықсыз  қосмекенділер,  құйрықты  қосмекенділер  және  аяқсыз 

қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. 

Тропиктік,  субтропиктік  және  қоңыржай  аймақтарда  таралған.  Кӛпшілік 

түрлері  сырттай  ұрықтанады,  ал  дернәсілдері  суда  тіршілік  етеді,  тек 

түрленіп  дамығаннан  кейін  оларда  ересектеріне  тән  морфология- 

физиологиялық  ерекшеліктер  қалыптасады.  Дернәсілдерінің  анатомиялық 

құрылыстары (жүрегінің  екі камералы  болуы, желбезектерімен тыныс алуы, 

т.б.)  балықтарға  ұқсас.  Ересектері  ӛкпе  және  терісі  арқылы  тыныс  алады. 

Қосмекенділер  жоғары  девонда  саусаққанатты  балықтардан  пайда  болған, 

балықтар мен ―нағыз‖ құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан 

орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше 

бӛлімдерден  тұратын,  бес  саусақты  жұп  аяқтар  тән.  Бас  қаңқасы 

аутостилиялық 

(үстіңгі 

жақсүйегі 

бассүйекке 

бітісіп 

кеткен). 

Қосмекенділерде  үлкен  қан  айналу  шеңберінен  басқа  кіші  (ӛкпелік)  қан 

айналу  шеңбері  пайда  болған.  Жүрегі  екі  жүрекше  мен  бір  қарыншадан 

тұрады.  Сол  жақ  жүрекшеде  таза  артерия  қаны,  ал  оң  жақ  жүрекшеде  вена 

қаны  мен  теріден  келетін  артерия  қаны  болады.  Қарыншада  артерия  және 



вена  қандары  араласады.  Алдыңғы  мидың  2  жарты  шар  күмбезінде  жүйке 

клеткаларының  жиынтығы  болады.  Зәр  бӛлу  жүйесі  мезонефростық  (дене 

бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. 

Терісі  жұмсақ,  жалаңаш  денесі  шырыш  бездері  бӛлетін  шырыштан 

дымқылданып  тұрады.  Тіршілігіне  қажетті  оттектің  едәуір  бӛлігін  терісі 

арқылы  сіңіреді.  Кӛпшілік  қосмекенділердің  сероз  бездері  бар,  ол  кейбір 

тропиктік  түрлерінде  ӛте  улы  келеді.  Балықтардан  айырмашылығы  тері 

бездері  ірі,  кӛп  клеткалы  болады.  Ересек  қосмекенділер  негізінен 

жәндіктермен, ал дернәсілдері су ӛсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда 

қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната 

құрбақасы,  қызылаяқ  бақа,  Қазақстанның  ―Қызыл  кітабына‖  тіркелген.  [1] 

Кейбір  түрлерінін  тіршілігі  сумен  байланысты.  Олар  ерте  девонда 

балықтардан  бӛлініп  шығып,  құрлық  жануарларымен  балықтардың 

ортасындағы  жануарлар  тобына  айналған.  Казіргі  қосмекенділердің  дене 

ұзындығы  2-3  см-ден  1,8  м  дейін.  Терісі  жұмсақ,  тықыр,  кӛптеген  кілегей 

бездерінің  сӛлімен  әрдайым  ылғалданады  және  тері  арқылы  әртүрлі  ауа 

газдарымен  су  алмасу  процестерін  жүргізеді.  Олардың  арасында  кейбір 

түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан,ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері 

жоқ,  ӛкпеге  ауа  ауыз  қуысының  түбіндегі  бұлшық  еттердің  жиырылуымен 

жеткізіледі.  Кейбір  түрлері  ӛкпесіз,  (саламандрлар).  Мишық  жетілмеген. 

Құйрықсыз  К.  ортаңғы  кұлағы  мен  дауылпаз  жарғағы  бар.  Жүрегі  үш 

камералы, ал ӛкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне 

ұқсас,  клоакаға  ашылады.  Қ.,  пойкилотермді  жануарлар.  Қазіргі  уақытта  Қ. 

25-30 тұқымдастарының 4000 дейін түрі белгілі. ТМД-да 13 тұқымдастың 34 

түрі таралған. Олардың кӛпшілігі суда кӛбейеді. Кӛпшлігі жұмыртқа салады, 

бірақ  кейбір  түрлері  тірі  туады  немесе  жұмыртқада  тірі  туады.  Дамуы 

ӛзгеріспен  ӛтеді.  Бақашабақтары  ересектеріне  ұқсамайды.  Ересектері 

омыртқасыздармен,  бақашабақтары  несекомдармен  және  ӛсімдіктермен 

қоректенеді. Қосмекенділер табиғатта ӛте маңызды экожүйе мүшесі, ӛйткені 

олар  кӛптеген  жәндіктердің  санын  реттеумен  қатар  ӛздеріде  басқа 

жануарлардың  азықтық  қоры  болып  есептеледі.  Кӛптеген  түрлер  саны  күрт 

тӛмендеуде.  Оның  басты  себебі  су  қоймаларының  ластануында.  ХТҚО-ның 

Қызыл кітабына 41 түр, КСРО Қызыл кітабына 9 түрі енгізілген. 

Бауырымен  жорғалаушылар  ,  рептилиялар  (Reptіlіa)  –  омыртқалы 

жануарлардың  бір  класы.  Ежелгі  бауырымен  жорғалаушылар  – 

котилозаврлар  орта  тас  кӛмір  кезеңінде  қарапайым,  қосмекенді 

стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді 

бауырымен  жорғалаушылар  тобы  –  сүтқоректілердің  алғашқы  түрлері 

шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. 

Бұл  кезде  ихтиозаврлар,  мозазаврлар,  птерозаврлар  (ұшқыш  кесірткелер), 

динозаврлар  тараған.  Бұлардың  бәрі  мезозойдан  кайнозойға  ӛткен  кезде 

жойылып  кетті  де,  олардың  орнына  Бауырымен  жорғалаушылардың  қазіргі 

түрлері  қалыптасты.  Қазақстанда  юра  кезеңінде  тіршілік  еткен  ұшатын 

кесірткенің, 

бор 

кезеңіндегі 



динозаврлардың, 

мезозой, 

кайнозой 

шӛгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) 



қалдықтары  табылған.  Дүние  жүзінде  8000-нан  астам  түрі  кездеседі. 

Қазақстанда  2  отряды  (тасбақалар,  қабыршақтылар),  2  отряд  тармағы 

(кесірткелер,  жыландар),  13  тұқымдасы  (тұщы  су  тасбақасы,  құрлық 

тасбақасы,  геккондар,  ешкіемер,  келес,  ұршықсап,  сцинктер,  кесірткелер, 

соқыр  жыландар,  су  жыландар,  құм  айдаһары,  сұр  жыландар,  қалқан 

тұмсықтылар),  24  туысы,  51  түрі  бар.  Бауырымен  жорғалаушылар  теңізде, 

тұщы  суда  және  құрлықта  тіршілік  етеді.  Денесінің  ұзындығы  бірнеше  см- 

ден  10  м-ге  дейін  болады.  Терісі  әдетте  безсіз,  мүйіз  қабыршақпен  не 

қалқандармен  жабылған,  бұл  олардың  денесін  құрғап  кетуден  және  түрлі 

зақымнан  қорғайды.  Қаңқасы  мен  бұлшық  еттері  жақсы  жетілген. 

Бауырымен  жорғалаушылар  ӛкпесімен  тыныс  алады.  Қан  айналу  жүйесі  2 

шеңберлі, жүрегі 3 камералы (2 жүрекше, 1 қарынша, тек қолтырауындарда 4 

камералы). Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы кӛбейеді, ірі 

жұмыртқаларын  құрлыққа  салады.  Жұмыртқалары  қоректік  сары  уызға  бай, 

ұрық  осы  уыздың  есебінен  ӛсіп  жетіледі.  Кейбір  кесірткелер  (сцинк)  мен 

жыландар  тірідей  туады.  Олардың  кейбір  түрлері  партеногенетик.  жолмен 

(еркегінсіз) кӛбейеді. Қос бүйрегі арқылы зәр шығарады (кӛпшілігінің несеп 

шығаратын қуығы болады). Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік әрекеті 

кӛбіне  күн  сәулесі  радиациясы  мен  ӛзін  қоршаған  орта  температурасына 

байланысты. Дене температурасы 6 – 8°С-қа тӛмендегенде олардың қимылы 

нашарлайды, ал температура 2 – 3°С болғанда қысқы ұйқыға кетеді. Кӛбінесе 

шӛлді  жерлерді  мекендейді.  Су  тасбақалары,  қолтырауындар  балықтармен, 

балдырмен,  кесірткелер  жәндіктермен,  құрлық  тасбақалары  ӛсімдіктермен 

қоректенеді. Ӛздері де аң-құсқа жем болады. Ірі жыландар мен қолтырауын 

терісінен  түрлі  бұйымдар  жасалады,  кейбір  елдерде  тасбақа  еті  мен 

жұмыртқасы  тағамға  пайдаланылады,  жылан  уы  медицинада  қолданылады. 

Бауырымен  жорғалаушылардың  кейбір  түрлері  (жұмырбас  шұбар  кесіртке, 

Зайсан жұмырбас кесірткесі, кесел, сары жылан, т.б.) Қазақстанның «Қызыл 

кітабына» енгізілген 

 

Дәріс №12. Қазақстанда мекендейтін құстар және сүтқоректілер 

Құстар  —  омыртқалы  жануарлардың  ішінде  Жер  шарында  кеңінен 

таралған  жануарлар.  Құстарды  дене  құрылысына,  тіршілік  әрекетіне 

байланысты  3  топқа  бӛледі.  Олар:  қыртӛссіздер  (жүгіретін  құстар);  жүзетін 

құстар  (пингвиндер);  қыртӛстілер  (ұшатын  құстар).  Құстар  (лат.  Aves)  – 

омыртқалы  жануарлар  тип  тармағының  бір  класы.  Құстардың  эволюциялық 

даму сатысы 4 кезеңге бӛлінеді: алғашқы құстар – археоптерикс; тісті құстар; 

қырсыз жалпақ тӛстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер; қырлы тӛсті құстар. 

Құстар  2  класс  тармағына:  бір  ғана  отряды  бар  кесірткеқұйрықтылар 

(жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды 

осы  кезде  де  кездеседі)  желпуішқұйрықтылар  немесе  нағыз  құстар  деп 

бӛлінеді.  Құстар  Арктикадан  Антарктика  жағалауларына  дейінгі  барлық 

табиғи  белдемдерде  таралған.  Қазақстанда  құстардың  18  отрядқа  жататын 

489  түрі  бар.  Оларды  мекен  ететін  орындарына  қарай  орман,  ашық  дала, 

батпақты-шалшықты  және  су  құстары  деп  бӛледі.  Алғашқы  құстардың  дене 



тұрқы  1,8  м-ге  дейін  жеткен,  тістері  жақсы  жетілген,  ұша  алмаған.  Тіссіз, 

жақсы  ұшатын  ихтиорнистер  қазіргі  құстарға  ӛте  жақын  болған.  Құстардың 

басқа  омыртқалы  жануарлардан  айырмашылығы  –  олардың  ауада  ұша 

алатындығы.  Атап  айтқанда,  алдыңғы  аяғы  қанатқа  айналған,  тӛс,  сан  және 

мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, кӛбінің іші ауаға толы 

қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл 

әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы 

жетілген).  Жүрегі  4  камералы.  Зат  алмасу  процесінің  тез  және  қарқынды 

жүруі  –  олардың  ұшуына  қажетті  энергия  бӛлінуін  және  дене 

температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. 

Құс  қанаты,  қауырсыны  ұшу,  қозғалу  құралы  ғана  емес,  денедегі 

жылылықтың  бірқалыпты  болуын  қамтамасыз  етеді  және  шамадан  тыс 

салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі 

кӛп  мӛлшерде  қабылдап,  тез  қорытуға  бейімделген.  Ұшу  кезінде  құстардан 

кӛп  энергия  бӛлінетіндіктен,  жоғары  калориялы  қоректі  қажет  етеді.  Тыныс 

алу  жүйесі  ұшуға  байланысты  ерекше  ӛзгеріске  ұшыраған.  Құстардың  ішкі 

органдары  мен  бұлшық  еттері  арасында  және  тері  астында  жалпы  кӛлемі 

ӛкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар ӛкпемен кеңірдек 

арқылы  байланысқан.  Сондықтан  құстар  ұшу  кезінде  қанатын  жайғанда 

кеуде  қуысы  кеңейіп,  ӛкпеге  енген  ауа  осы  ауа  қапшықтарына  ӛтеді.  Ал 

қанатын  қомдағанда  кеуде  қуысы  кішірейіп,  ауа  қапшығындағы  ауа  ӛкпе 

арқылы  сыртқа  шығады.  Құстардың  ӛкпесінде  қан  оттегімен  екі  рет  (дем 

алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу 

деп  атайды.  Бұл  тек  құстарға  ғана  тән  қасиет.  Құстардың  жүйке  жүйесі 

жақсы  дамыған,  миы  үлкен,  ми  сыңарлары,  кӛру  орталығы,  мишығы  жақсы 

жетілген.  Құстардың  сезім  органдарының  дамуы  әр  түрлі.  Тез  ұшатын  үкі, 

жапалақ,  басқа  да  жыртқыш  құстардың  кӛзі  жақсы  жетілген.  Иіс  сезу  кӛп 

құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың 

кӛру  және  есту  органдарының  жақсы  дамуы,  олардың  алыс  және  жақын 

кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық 

қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рӛл атқарады. Құстар 

1-ден  20  –  25-ке  дейін  жұмыртқа  салады.  Оны  12  күннен  80  күнге  дейін 

басады. Құстар ӛсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, 

зиянды  жәндіктер  мен  кемірушілерді  құртып,  олардың  табиғаттағы  санын 

реттеуге  қатысады.  Кейбір  түрлері  бау-бақшаға,  егістікке  зиянын  тигізіп,  әр 

түрлі  жұқпалы,  паразиттік  аурулардың  қоздырғыштарын  таратады.  1868  ж. 

Вена  қаласында  (Aвстрия)  алғаш  рет  құстарды  қорғау  туралы  ресми  шешім 

қабылданған.  1922  ж.  Құстарды  қорғаудың  Халықаралық  кеңесі  құрылды. 

Халықаралық  табиғат  қорғау  одағының  ―Қызыл  кітабына‖  құстардың  209 

түрі  мен  83  түр  тармағы,  ал  Қазақстанның  ―Қызыл  кітабына‖  56  түрі 

енгізілген. 

Қазақстан  жерінде  сүтқоректілердің  -  180,  құстың  -  500,  бауырымен 

жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі 

бар.  Омыртқасыз  жәндіктер  шаян  тәрізділер,  ұлулар,  құрттар,  т.б.)  бұдан  да 

кӛп. Тек жәндіктер түрлерінің ӛзі-ақ 30 мыңнан асады. 


Бунақденеқоректілер  отряды    Бұған  ертеден  келе  жатқан  қарапайым 

белгілері  бар  сүтқоректілер  жатады.  Миы  нашар  дамыған  әрі  ми 

сыңарларында  иірімдер  болмайды.  Дене  температурасы  онша  тұрақты  емес 

және  тістерінің  құрылымы  да  біркелкі.  Кӛзі  нашар  кӛреді,  оның  есесіне  иіс 

сезуі  жақсы  дамыған.  Тұмсығы  алға  қарай  шығыңқы.  Оған  кірпілер, 

жұпартышқан,  жертесерлер,  кӛртышқандар  жатады.  Кірпі.  Кәдімгі  кірпі. 

Кірпінің  3  түрі  -  кәдімгі,  құлақты  және  қара  кірпі  ӛлкемізде  кездеседі. 

Құлақты  кірпі  Қазақстанның  далалы,  шӛлейтті  аймақтарында  кеңінен 

таралған. Кәдімгі кірпі еліміздің солтүстік батыс, солтүстік ӛңірінде орманды 

дала  аймағында  мекендейді.  Қара  кірпі  Маңғыстау  алқабындағы  шӛлейтті, 

шӛлді  жерлерде  тіршілік  етеді.  Кірпілер  бунақденелілермен  қоректенеді. 

Олар  жылына  бір  рет  2-7  ұрпақ  береді.  Жұпартышқан  Еділ,  Жайық,  Тобыл, 

Обаған  шағын  ӛзендерінде  кездеседі.  Ол  бунақденелілермен  қоректенеді, 

үлбірі бағалы. Кемірушілер отряды Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген 

сүтқоректі  жануарлардың  2500-ге  жуық  түрі  жатады.  Олардың  ішінде 

құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар. Дене 

тұрқы 5 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Қазақстанда кемірушілердің 80-

нен  астам  түрі  таралған.  Оның  8  түрі  Қызыл  кітапқа  тіркелген.  Суыр.  Кӛк 

суыр Батыс Тянь-Шань(Тәңіртау) тау жоталарында шағын аймақта таралған. 

Саны күрт азайып келеді. Бадам, Ӛгем ӛзендерінің жоғары ағысындағы таулы 

алқаптарда  кездеседі.  Кӛк  суыр  Қазақстанның  Қызыл  кітабына  тіркелген, 

аудауға тыйым салынған. Кӛксуыр Ақсу-Жабағылы қорығында және Сайрам-

Ӛгем  ұлттық  табиғи  саябағында  қорғауға  алынған.  Үнділік  жайра 

Маңғыстаудың  оңтүстігінде,  Тәңіртау  (Тянь-Шань),  Қаратауда,  Шу,  Іле 

Алатауларының  етегінде  таралған,  саны  аз.  Алматы,  Қарағанды,  Шымкент 

хайуанаттар  бақтарында  қолдан  ӛсіріледі.  Қалқанқұлақ.  Қазақстанда  ғана 

таралған кемірушінің бір түрі - қалқанқұлақ. 1938 жылы зоолоғ-ғалым В. А. 

Селевин  Бетпақдала  шӛлінен  бұрын  ғылымға  белгісіз  кемірушіні  тапты. 

Оның  ғылыми  аты  сол  ғалымның  және  табылған  жердің  атымен  аталады. 

Дене  тұрқы  9  сантиметрдей,  құйрығы  жіңішке  әрі  ұзынша,  салмағы  30-35 

грамдау  құлағының  үлкендігіне  байланысты  жергілікті  тұрғындар 

«қалқанқұлақ»  (кейде  «жалман»)  деп  атайды.  Қазақстанда  оның  атына 

байланысты  зоологиялық  ғылыми  «Селевиния»  деген  журнал  бар. 

Бетпақдала, Балқаштың солтүстік шығысындағы шӛлейтті жерлерде, Алакӛл, 

Зайсан қазаншұңқырында таралған, бунақденелілермен қоректенеді. Ғылыми 

тұрғыдан  әлі  толық  зерттелмеген.  Соқыртышқан.  Қазақстанның  батыс 

аймағындагы  шағыл  шӛл,  шӛлейтті  жерлерде  алып  соқыртышқан  таралған. 

Жер астындағы қараңғы іннен еш уақытта жер бетіне шықпайды. Кӛзі терінің 

астында,  сондықтан  кӛрмейді.  Құлақ  қалқаны  болмайды,  алдыңғы  аяғы 

қысқа, тырнағы күрек тәрізді. Күрек тістері аузынан сыртқа шығып тұрады, 

ӛткір. Жер астындағы ӛсімдік тамырларын кертіп қоректенеді. Қазақстанның 

Қызыл  кітабына  тіркелген.  Кәмшат.  Қазақстанның  ӛзен,  кӛлдерінде  ерте 

кезде  кӛп  таралған  кеміруші  -  кәмшат.  Оның  терісі  және  жұпар  безі  ӛте 

бағалы болғандықтан, кӛп аулаған. Кәмшаттың жұпар безінен алынатын ӛнім 

кәмшат  қайыр  (бобровая  струя)  деп  аталған.  Қазіргі  кезде  кәмшат  Жайық 


ӛзенінде  ғана  кездеседі.  Құндыз.  Құндыз  да  сула  ӛмір  сүрелі.  Құндыз  - 

Қазақстанның  Қызыл  кітабына  тіркелген  бағалы  терілі  жыртқыш  аң.  Оның 

суда  ӛмір  сүретінін  халықтың  «Құндыз  -  суда,  құлан  -  қырда»  деген 

мәтелінен  білеміз.  Ол  Тянь-Шань  мен  Жоңғар  Алатауы  ӛзендерінде 

кездеседі. Іле ӛзенінің жоғарғы ағысынан да байқалған. Әсіресе балығы мол 

суды  мекен  етеді.  Негізгі  қорегі  -  балық.  Қоянтектестер  отряды. 

Байқоңырдағы  қоян.  Қазақстанда  қоянтектестер  отрядына  жататын  құм,  ор 

және ақ қоян түрлері кездеседі. Шӛлді, шӛлейтті жерлерде құм қоян кеңінен 

таралған,  оның  кәсіптік  мәні  бар.  Қолқанаттылар  отряды.  Қолқанаттылар 

отрядының  Қазақстанда  27  түрі  кездеседі.  Түнде  белсенді  тіршілік  етеді. 

Салпаңқұлақты,  ақбауыр  жарқанат,  қатпар  ерінді  жарқанат  түрлері  шағын 

аймақтарда  мекендейді.  Саны  аз  болғандықтан,  Қазақстанның  Қызыл 

кітабына  тіркелген.  Жұптұяқтылар  отряды.  Жұптұяқтылар  (ашатұяқтылар) 

отрядына  190-ға  жуық  жануар  түрлері  жатады.  Жұптұяқтылардың  үшінші 

және  тӛртінші  саусақтары  жақсы  дамыған.  Екінші  және  бесінші  саусақтары 

нашар  жетілген.  Жұптұяқтылар  күйіс  қайтармайтындар  және  күйіс 

қайтаратындар деп 2 топқа бӛлінеді. Күйіс қайтармайтындарға шошқалар мен 

бегемоттар  жатады.  Қазақстанда  жұптұяқтылардың  10  түрі  таралған. 

Кӛпшілігінің  кәсіптік мәні  бар.  Бұғы. Доңыз. Қазақстанның ірі ӛзендері  мен 

кӛлдерінің  жағалауындағы  тоғайда,  орманды  жерлерде  доңыз  (жабайы 

шошқа)  кеңінен  таралған.  Доңыз  мүшелдік  жыл  санауда  12-жыл.  Қолда 

ӛсірілетін  үй  шошқаларының  арғы  тегі  -  осы  жабайы  шошқа.  Аталығы  - 

«қабан»,  аналығы  -  «мегежін»  (кӛшіл),  телі  -  «торай»  деп  аталады. 

Қазақстанның алтай алқабындағы орманда құдыр кездеседі. Бұғы. Елік, бұғы, 

бұлан  таулы  алқаптардағы  орманды,  ӛзен,  кӛл  жағалауындағы  бұталар  мен 

ағаштар  арасын  мекендейді.  Қазақстанда  арнайы  бұғы  ӛсіретін 

шаруашылықтар  Шығыс  Қазақстан  облысы  Қатон-Қарағай  ауданында 

шоғырланған.  Бұғының  мүйізінен  қымбат  бағалы  дәрілер  дайындалады. 

«Бұғы»  -  деп  аталығын,  «марал»  -  деп  (кейде  «миғақ»)  аналығын,  ал 

«қодыға»  -  деп  тӛлін  атайды.  Еліктің  аталығы  -  «күлміз»,  аналығы  -  «сӛге», 

тӛлі  -  «еңлік»  (лағы)  деп  аталады.  Қуысмүйізділер  тұқымдасы.  Қазақстанда 

таралған  қуысмүйізділер  тұқымдасына  қарақұйрық,  ақбӛкен,  таутеке,  арқар, 

үстірттің жабайы қойы жатады. Кең-байтақ даламыздың кӛркі - ақбӛкен. Оны 

«сахараның  ботакӛзі»  деп  ерекше  дәріптейміз.  «Жезкиік»  сӛзі  оның  жазғы 

түгінің  түсіне  байланысты  айтылады.  «Киіктің  киесі  бар»  -  деп  халық 

ақбӛкенді  ерекше  қастерлейді.  «Құралайдың  салқыны»,  «текебұрқылдақ», 

«киіктің  мойынжуары»  деген  амалдар  ақбӛкен  тіршілігіндегі  ерекше 

ӛзгерістерді аңғартады. Қазір ақбӛкенді атуға мүлде тыйым салынған. Арқар. 

Қарақұйрық  -  Балқаш,  Зайсан,  Алакӛл,  Мойынқұм,  Бетпақдала,  Қызылқұм, 

Арал, Үстірт, Маңғыстау аймағында таралған. Ӛте сымбатты аң, бірақ саны 

аз,  қорғауға  алынып,  Қазақстанның  Қызыл  кітабына  тіркелген.  Алтынемел 

ұлттық  табиғи  саябағында,  Үстірт,  Барсакелмес  қорықтарында,  Андасай 

қорықшасында,  ӛзге  де  жерлерде  қорғауға  алынған.  Ӛзбекстанда  Бұқара 

маңында  арнайы  тәлімбақта  қарақұйрық  қолдан  ӛсіріледі.  Арқар  Қазақстан 

жерінде сирек кездесетін аң - арқар таулы алқаптарды мекендейді. Ерте кезде 


кеңінен таралып, кӛптеп ауланған. «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар» 

деген ұғымда терең мән бар. Арқардың қошқарын - «құлжа», тӛлін - «қозықа» 

деп  атайды.  Еліміздің  биік  таулы  алқаптарында  таутеке  де  кездеседі.  Арқар 

қойдың арғы тегі болса, таутеке  - ешкінің арғы тегі. Қазақстанда кездесетін 

арқардың  барлық  түр  тармақтары  Қызыл  кітапқа  тіркелген.  Жыртқыштар 

отрядына  235-тей  жануарлар  түрі  топтастырылған,  оның  31  түрі  елімізде 

кездеседі.  Олардың  сойдақ  және  азу  тістері  жақсы  жетілген,  сойдақ  тістері 

ӛте  ӛткір. Қазақстанда аю,  қасқыр,  мысық, сусар  тұқымдастарының ӛкілдері 

кеңінен таралған. Қоңыр аю. Аю тұқымдастары. Аю тұқымдастарына қоңыр 

аю,  ақ  аю,  ақ  кеуделі  (гималай)  аю  жатады.  Қазақстанның  биік  таулы 

алқабында аздап қоңыр аю кездеседі. Аюдың аталығы  - «матап»,  аналығы  - 

«кірекей»,  ұрпағы  -  «қонжық»,  бір  жасар  ұрпағы  -  «апанақ»  деп  аталады. 

Қоңыр  аю  Қазақстанның  Қызыл  кітабына  енген.  Қасқыр  тұқымдастары. 

Қасқыр.Қасқыр  тұқымдастарына  -  шибӛрі  (шуылдақ),  қасқыр,  қарсақ,  түлкі, 

қызыл  қасқыр  жатады.  Қасқырға  байланысты  аңыз-  әңгімелер,  мақал, 

мәтелдер  кӛптеп  кездеседі.  Оны  «бӛрі»,  «кӛкжал»  деп  атайды.  Ертеде 

қасқырша табыну дәстүрі болған. Қасқырдың аталығын - «арлан», «кӛкжал», 

«бірішек», «сырттан» деп атайды. Аналығын  - «шулан», «құртқа», күшігін - 

«бӛлтірік», ал қасқыр кӛсемін - «абадан» дейді. Ертеде Тәңіртау (Тянь-Шань), 

Алтай,  Тарбағатай  тауларында  қызыл  қасқыр  таралған.  Соңғы  20-30  жыл 

ішінде,  ол  жайлы  деректер  кездеспейді.  Қызыл  қасқыр  да  Қазақстанның 

Қызыл  кітабынан  орын  алған.  Кәдімгі  сілеусін.  Мысық  тұқымдастары. 

Мысық тұқымдастарының 8 түрі Қазақстанда таралған. Қабылан, қамыс және 

шағыл мысықтары, сабаншы, қарақұлақ шӛлейтті, шӛлді, далалы-аймақтарды 

мекендейді.  Сілеусін  таулы  алқаптардағы  орман  ішінде,  ілбіс  (қар  барыс) 

биік  таулы  алқапта  кездеседі.  Барыс  мүшелдік  жыл  санау  да  3-жыл. 

Барыстың аналығы - «таутан», күшігі - «алан» деп аталады. Қар барыс (ілбіс), 

сілеусін Қазақстанның таулы алқаптарының қорықтарында (Ақсу-Жабағылы, 

Алматы,  Марқакӛл,  Батыс  Алтай)  қорғауға  алынған.  Ертеде  Қазақстанда 

жолбарыс  кеңінен  таралған,  қазір  жойылып  кеткен.  Сусар  тұқымдастары. 

Сусар тұқымдастарынан - сусар, бұлғын, құну, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, 

итаю (балқы), құндыз Қазақстанда кездеседі. Бұлардың да үлбірінің бағалы, 

кәсіптік  мәні  бар.  Тақтұяқтылар  отряды.  Тақтұяқтылардың  үшінші  саусағы 

жақсы дамыған, қалған саусақтары нашар жетілген. Қазір үш тұқымдасының 

(тапирлер,  керіктер,  жылқылар)  ӛкілдері  кездеседі.  Қазақстан  жерінде  бұл 

отрядқа  жататын  жабайы  жылқының  түрі  -  құлан  мекендейді.  Ерте  кезде 

Қазақстанның  батыс  ӛңірінде  жабайы  жылқы  -  тарпан,  шығысында  тұзат 

(пржевальский  жылқысы)  таралған.  Құлан.  Керқұлан.  Қазіргі  жылқының 

арғы  тегі  -  тарпан,  керқұлан  (онагра).  Бұрын  керкұлан  қазақ  жерінде  үйір- 

үйірімен  әріп  жүрген,  оны  бағалы  терісі,  дәмді  еті  үшін  кӛптеп  аулаған. 

Қазіргі кезде құланға қатысты аңыз-әңгімелер, мақал, мәтелдер, теңеу сӛздер 

кӛп.  Қазақстанда  құланға  байланысты  жер-су  аттары  да  баршылық.  Талас 

Алатауында  «Құланқорық»  деген  жер  аты  құланның  арнайы  қорғауға 

алынғандығын аңғартады. Қазіргі кезде құлан Қазақстан қорықтарында ғана 

кездеседі.  Барсакелмес,  Үстірт  қорықтарында,  Алтынемел  табиғи 


саябағында,  Андасай  (Жамбыл  облысы)  қорықшасында  қорғауға  алынған. 

Ескекаяқтылар  отряды.  Ескекаяқтылар  отрядына  дене  пішіні  ұршық  тәрізді 

30-дай  астам  жануар  түрлері  жатады.  Қазақстанда  (  Каспий  теңізінде) 

каспийлік түлен деген түрі ғана кездеседі. Аяқтары ескекке айналғандықтан, 

ескекаяқтылар деп  аталған.  Тері астындағы  қалыңдығы 10 см шамасындағы 

майлы қабаты дене температурасын реттейді әрі қор заты болып есептеледі. 

Тіршілігінің  кӛп  уақыты  сула  ӛтеді,  құрлыққа  тынығу,  кӛбею,  күшіктеу 

кезінде  ғана  шығады.  Жаңа  туған  күшігінің  түгі  аппақ  болғандықтан, 

«ақүрпек» дейді. Күшіктеген кезде қатты суық түсіп, ауа райы күрт ӛзгереді. 

Мұны халқымыз «түленнің кіндік кесері» деп атайды. Күшіктері есе келе түгі 

ӛзгеріп,  сұр  түске  ауысады,  ол  кезде  «боздақ»  деп  аталады.  Терісі,  үлбірі, 

майы үшін аулайды. Теңіз суының ластануынан соңғы кезде каспий түлендер 

санының  азаюы  байқалуда.  Қазақстандағы  жануарларды  қорғау  шаралары 

Қазіргі  кезде  желілілердің  43—45  мыңдай  түрі  тіршілік  етеді.  Балықтардың 

20  мыңнан  астам,  сүтқоректілердің  5  мыңдай,  қосмекенділердің  5  мыңдай, 

жорғалаушылардың  8  мыңдай,  құстардың  9  мыңдай  түрлері  кездеседі. 

Марқакӛл.  Қазақстанда  желілі  жануарлардың  830-дан  астам  түрлері 

мекендейді.  Сирек  кездесетіндіктен,  олардың  125  түрі  Қазақстанның  соңғы 

шыққан 

Қызыл 


кітабына 

(1996) 


тіркелген. 

Кітапта 


балықтың, 

қосмекенділердің,  жорғалаушылардың,  құстардың,  сүтқоректілердің  түрлері 

атап  кӛрсетілген.  Ақсу-Жабағылы.  Қазақстанда  сирек  кездесетін  жануарлар 

10  мемлекеттік  қорықта,  9  ұлттық  табиғи  саябақта  және  60-қа  жуық 

қорықшаларда қорғалады. Қазақстан қорықтары табиғат аймақтары бойынша 

ұйымдастырылып,  сирек  кездесетін  жануарлар  қатаң  қорғауға  алынған. 

Ӛлкеміздің  таулы  алқаптарында  Ақсу-  Жабағылы  (1926),  Алматы  (1931), 

Марқакӛл  (1976),  Батыс  Алтай  (1992),Қаратау  (2004)  қорықтары  бар.  Таулы 

алқаптарда ілбіс, арқар, сілеусін, ақтӛс сусар, ұлар, қара дегелек және ӛзге де 

жануарлар  қорғалады.  Қазақстанның  далалы,  шӛлейтті  алқабында 

Барсакелмес 

(1939), 


Үстірт 

(1984), 


Наурызым(1930) 

қорықтары 

ұйымдастырылған. Сулы-батпақты ӛңірлерде Қорғалжын(1964) және Алакӛл 

(1998) қорықтары бар. Ірі қалалардағы хайуанат бақтарында сирек кездесетін 

жануарларды  қолдан  ӛсіріп  кӛбейтуге  ерекше  кӛңіл  бӛлінген.  1937  жылы 

ұйымдастырылған Алматы хайуанат бағында ілбіс, сақалтай қолдан ӛсіріліп, 

кӛбейтілуде.  Қарағанды,  Шымкент  хайуанаттар  бақтарында  да  осындай 

игілікті шаралар жүргізілуде. Сирек кездесетін жануарларды заңсыз аудауға 

тыйым  салынады.  Оларды  қорғау  мақсатында  үгіт-насихат  жұмыстары 

жергілікті тұрғындар арасында кеңінен жүргізілуі тиіс. Қазақстанның табиғат 

аумағы  сүтқоректі  жануарларға  бай.  Елімізде  сүтқоректілердің  8  отрядына 

жататын  178  түрі  ӛмір  сүреді.  Оның  сирек  кездесетіндіктен,  40  түрі 

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Қазақстанда 10 мемлекеттік қорық, 

9  ұлттық  табиғи  саябақ,  60-қа  жуық  қорықшалар  сирек  кездесетін  аңдарды 

қорғауда.  Үй  хайуанаттары  және  ауыл  шаруашылық  жануарлары  Жабайы 

жануарлар  бұдан  10—15  мың  жыл  бұрын  қолға  үйретіле  бастаған.  Оны 

жүзеге  асыру  үшін  адамдар  кӛбінесе  олардың  жас  тӛлдерін  қолға  үйретуге 

ұмтылған. Бұл іс белгілі бір мақсатқа сай жүргізіліп отырған. Ең алғаш қолға 



үйретілген жануар - ит. Оның арғы тегі - жабайы қасқыр. Итті адамдар алғаш 

аң  аулау  үшін,  ӛзіне  кӛмекші  ретінде  және  етін  пайдалану  үшін  қолға 

үйреткен.  Жабайы  жануарларды  қолға  үйрету  орталықтарын  анықтап, 

ғылыми пікір ұсынған орыстың атақты ғалымы, академик Николай Иванович 

Вавилов (1887—1943). Н. И. Вавилов еңбектерінің негізінде қолға үйретілген 

үй хайуанаттарының негізгі 6 мәдени орталықтары анықталды 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет