Дәріс №13. Жануарлар дүниесін қорғау және ӛндіру
Адам баласы жануарлар мен ӛсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-
фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы
тоқтамға келді. Кейбір ӛркениетті елдерде жануарларды, ӛсімдіктерді,
ормандарды, ӛзен-кӛлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар
қабылдана бастады. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау
ұйымы (ХТҚҰ) еді. Ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты – дүние
жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және
ӛсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін
халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола
құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді. «Қызыл кітап» туралы пікірді
ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы
халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975
жылдар аралығында 5 томы жарық кӛрді. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің
236 түрі, құстардың 287 түрі, қосмекенділердің 36 және бауырымен
жорғалашылардың 119 түрі, балықтар мен жоғары сатыдағы ӛсмідіктердің
тізімдері кірді. 1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-
ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бӛлігі 1978 жылы,
ал 1981 жылы ӛсімдіктерге арналған бӛлігі жарық кӛрді. Қазақстанның
«Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары ӛңделіп, қайта басылып,
кӛпшілікке ұсынылды. «Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан
Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми-зерттеу
институттарының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми-
практикалық конференциялар ұйымдастырды. «Қызыл кітапқа» енетін әрбір
түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды. «Қызыл кітапқа»
белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың не ӛсімдіктің 5
санатын (категориясын) анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана
ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар тӛмендегідей: І санат –
жойылып бара жатқандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер
жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр
т.б. ІІ санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі
мүмкін. Мысалы, балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т.б. ІІІ санат –
сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ ӛте сирек кездесетіндер.
Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара
ләйлек, т.б. IV санат – белгісіздер, толық зерттелмеген түрлер. Мысалы,
шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т.б. V санат- қалпына келгендер, қорғау
жұмыстары нәтижесінде қайта кӛбейген түрлер. Бұл санат 1972 жылдан
бастап жасыл бетте басылып шыға бастады. Мысалы, кіші аққу, кӛкқұс, т.б.
«Қызыл кітап» - мемлекеттік құжат. «Қызыл кітапқа» енгізілген
жануарларды аулауға, ӛсімдіктерді жоюға тиым салынған. Қазақ ССР-нің
Қызыл кітабының бірінші томына сүтқоректілердің 24 түрі түрі мен 7 түр
тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі,
қосмекенділердің 1 түрі және балықтардың 4 түрі енгізіліп, толық
сипатталған. 1984 жылдың соңына қарай омыртқалы жануарлардың тағы 13
түрі қосылды. Республикамыздың Қызыл кітабына жыртқыш жануарлардың
15 түрі енген (қызыл қасқыр, европа құндызы, қар барысы, гепард, түркістан
сілеусіні, қарақал, бархан мысығы және т.б.) Құстардың қызғылт және бұйра
бірқазан, ақ және қара дегелек, фламинго, шиқылдақ аққу, дуадақ ,
қырандарды атауға болады. Қазақстанның Қызыл кітабына бауырымен
жорғалаушылардың кесірткелердің үш түрі және жыландардың 5 түрі
енгізілген. Бұлардың ішіндегі ең ірі және сирек кездесетіні - сұр варан. Оның
ұзындығы бір жарым метрге жетеді. Республикада тек Сырдарияның
солтүстік
жағалауында
ғана
кездеседі.
Қазақстанда
мекендейтін
қосмекенділердің 11 түрінің біреуі – жетісу тритоны Қызыл кітапқа
енгізілген. Сырдария Қаратауын іс жүзінде реликттер мұражайы десе де
болады. Мұнда Қызыл кітапқа енген 40 түр ӛседі. Батыс Тянь-Шанның сирек
эндемиктерінің 50 түрі Қызыл кітапқа кірген: Грейг қызғалдағы, Кауфман
қызғалдағы, Талас қайыңы, жабайы жүзім, зеравшан аршасы және т.б.
Қазақстандағы жойылу қаупі тӛніп тұрған түрлердің басым кӛпшілігі
ареалының шағын болуымен сипатталады. Сирек және жойылып бара жатқан
түрлерді сақтап қалу үшін оларды қорықтарда, корықшаларда қорғауға
алынады. Егер жануар немесе ӛсімдіктің саны популяцияның минимальды
мӛлшерінен тӛмен болса (мысалы, гепард, берқара терегі) онда оларды сақтап
қалу үшін қолдан кӛбейтіп, ӛсіреді. Бұл жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның
ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді. - - - Облыста 3
республикалық және 5 облыстық қорықшалар, 1 қорықты аймақ, 2 табиғат
ескеркіші бар. Қазір облыстың барлық қорғалатын аумағы 450 мың гектар
жерді алып жатыр, шамамен облыс жерінің 3% -ын қамтиды. Облыс
аумағында орналасқан республикалық маңызы бар қорықшалар: 1. Кирсанов.
2. Бударин. 3. Жалтыркӛл. Бұлардың үшеуі де зоологиялық. Сонымен қатар
бұл қорықшалар облыстағы алғашқы қорықшалар болып табылады. 1967
жылы ұйымдастырылған. Жергілікті маңызы бар 5 қорықша: 1. Ақ құм
жерінің қорықшасы. 2. Орда геоботаникалық қорықшасы. 3. Шалқар
биогидрологиялық қорықшасы. 4. Емендер алаңы ботаникалық қорықшасы.
5.Селекциондық ботаникалық қорықшасы. Қорықшалар Қызыл кітапқа енген
ӛсімдіктер мен жануарлар кездесетін жерлерде құрылған. Жайық ӛзені
республика кӛлеміндегі маңызы бар қорықты аймақ болып табылады.
Сонымен бірге облыста табиғат мұрасы болып табылатын Үлкен Ешкі (Ичка)
тауы мен Садовое кӛлі бар. Бүгінгі күні облыс аумағында бірнеше он
мыңдаған омыртқасыздармен қатар 460-тан астам омыртқалы жануарлар түрі
белгілі. Табиғи факторлардың және адам іс-әрекетінің әсерінен облыс
аумағында сары тоқалтіс, құндыз, және бұлан құрып кетсе, қоқиқаз ұялауын
тоқтатып, ал оншақты түрдің сан мӛлшері қысқарып, кейбіреулерінің
жойылып кету қаупі тұр. Соңғы жылдары олар тіршілік ортасының
ластануымен
ареалдарының
қысқаруынан
зардап
шегуде.
Облыс
фаунасының Республика Қызыл кітабына енген түрлер саны кӛбейді:
омыртқалылар 53 (оның ішінде сүтқоректілердің 5 түрі, құстардың 41 түрі,
жорғалаушылардың 2 түрі, балықтардың 4 түрі, дӛңгелек ауыздылардың 1
түрі ) мысалы: алып соқыр тышқан, сұңқылдақ аққу, сарыбауыр қара шұбар
жылан, ақ балық, каспий миногасы және т.б., бунақты денелілер -27 мысалы:
әдемі инелік, бұғы қоңыз, екінүктелі қанқызы, махаон кӛбелегі және т.б. Осы
ҚР-ның Қызыл кітабына енген бунақ денелілерге қосымша Батыс Қазақстан
аймағына тән сирек кездесетін 8 түр анықталды. БҚО В.В.Иванов және
О.Т.Кольченконың деректеріне сай, ӛсімдіктің 1256 түрі кездеседі. Олар 117
тұқысмдас. Пен 487 туысқа біріктірілген. Сирек кездесетін және жойылып
бара жатқан 14 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген,
мысалы:
кӛктемгі
жанаргүл,
ақтұңғиық,
мамыр
інжуі,
Шренка
қызғалдағыжәне т.б., 10 түр – СССР-дың Қызыл кітабына енген: ақ селеу,
Еділ майқарағаны, Карпух-Троцкий ӛгіз кӛзі және т.б. Тек мемлекеттің
қолдауымен, ғалымдар мен кӛпшілік халықтың бірлескен қызметі
нәтижесінде ғана флора мен фаунаны қалпына келтіруге болады.
Дәріс №14. Өсімдіктер мен жануарлардың акклиматизациясы
Су қоймадағы су мӛлшерінің тұрақсыз жағалау белдеуінде кӛктем мерзімінде
жасақталатын тоғандар түрі. Бұл тоғандардың құрастырылымы ӛсірілетін
балық түрі мен олардың ӛсіріп бапталу жағдайын тікелей байланысты
құрастырылады. Фитофильді балықтар уылдырықтарын жасанды ортада
ӛсіру үшін мемелекеттік ғылыми-зерттеу институтының кӛл және ӛзен
шаруашылығы ұсынған әдістемелік нұсқау пайдаланылады. Мұндай жасанды
тоғандардың кең таралған түрлеріне тыран, торта, кӛксерке және т.б.
фитофильді балықтың түрлері жүзуіне арналған. Жиекті тоғандар, ұялы
тоғандар жасанды фитофильді балықтарды жасанды ортада ӛсірумен
айналысады. Жасанды тоғандарды құрастыру кезінде кӛп жағдайда ӛсімдік
субстраты-қарағай бұтағы, шырша, қылқан жапырақтылар жапырағы, ескі
сабан, қырық жапырақ пайдаланылады. Бірақ ӛсімдік субстраты тек бір
арнайы мерзімге ғана тоғандарды жасауға жарайды. Сондықтан қазіргі таңда
ӛсімдік субстратын алмастыратын ӛте тиімді синтетикалық материалдардан
құрастырылатын жасанды тоғандарды жасау жолдары қарастырылуда.
Нәтижесінде синтетикалық картонды материал таңдап алынды. Ол ӛте
шыдамды, шірімейді, жоғары деңгейлі тығыздыққа ие, бірнеше мерзімді
тоғандарға пайдаланады. Сондай-ақ картонды анилинді бояумен оңай бояуға
болады. Кӛксерке балығы үшін мысалы, субстрат қоңыр немесе қызғылт
түске, ал тыран балықты ӛсіру ортасы жасыл немесе жасыл-сары түске
боялуы қажет. Жасанды фитофильді балық уылдырығын ӛсіру ортасын
құрастыру үшін ең қолайлы орын табиғи тоғанның акваториялық орны
болып саналады. Су биоценоздарындағы балықтардың орыны. Су
айдындарында балық барлық оның мекендеушілерімен қарым-қатынаста
болады. Бұл қарым –қатынастар бір (түрішілік байланыстар) және әр түрлі
(түраралық байланыстар) балықтар арасында және балықтар мен басқа
жүйелік топтар ӛкілдері арасында пайда болады. Қоректену (пайдаланушы
мен қоректің, жыртқыш пен құрбанның, паразит пен қожайынның және т.б.)
жаудан қорғану (үйірдің пайда болуы, ұямен,шабақтарды қорғау,
қамқоршылық рең) кӛбею (әр түрлі жыныс ӛкілдерінің,ата-анамен ұрпақтың,
территорияны қорғау, уылдырық шашу кезеңінде субстратты таңдау
байланыстары) кезінде алуан түрлі байланыстар пайда болады. Су
айдынында мекендеушілердің биотикалық және абиотикалық байланыстары
бір-бірімен араласып жатады. Осы бір ӛте күрделі процестің нәтижесінде
ағзаның ӛмір сүру ортасымен біртұтастығы пайда болады. Эволюция
барысында қалыптасқан балықтардың түр іші қатынастары түрдің ӛмір
сүруін қамтамасыз етеді. Бір түрдегі балықтардың маңызы мінез-құлықтың
элементі болып ,олардың әр түрлі топтастықтар құруы табылады. Олардың
негізгілері - ұйір ,топтасу (шоғырлану) және шабын үйір–балықтардың мінез-
құлқының ұқсастықтарымен сипатталатын топтастық. Оны биологиялық
жағдаймен жасы жақын особтар құрайды (қорек іздеу барысында, ӛрістеуде,
қыстауды). Үйірді түрлердің барлығы бірдей құрай бермейді. Үйірлі ӛмір
сүру ең алдымен планктонмен қоректенуші балықтарға, мысалы, май
шабақтарға тән. Кейбір түрлер үйірге ӛз ӛмірінің тек бастапқы кезеңінде ғана
бірігеді, жасы ұлғайғасын олар тек белгілі бір мезгілде ғана жиналады
(тұқытұқымдастар,кӛпшілік жыртқыштар және т.б.). Үйірдің құрылуының
үлкен бейімделінушілік мәні бар. Ол қауіпті басқалардан бұрын байқайды
және жыртқыш жақындаған жағдайда олардың бір-біріне ӛте тығыз жайғасуы
соншалықты, жыртқыш олардың ішінен бір балықты ұстай ала алмайды,
жыртқыш жеке тұрған балықты тезірек ұстай алады. Үйір аулау
құралдарынан да оңай құтылады. Ол қоректік ағзалардың шоғырын тезірек
табады. Ӛрістеу кезінде жақсырақ бағдарлануды және жолды тезірек табады.
Топтасу-ӛмірдің әр түрлі кезеңдерінде бірнеше үйірден құралған уақытша
топтастық. Ӛрістеу топтасуы ұзақ сапарға шыққан ,мысалы уылдырық шашу
мекеніне (қиыр шығыс албырттарының теңізден ӛзенге немесе Европаның
жылан балықтың ӛзеннен теңізге ӛрлеуі),қыстау мекендеріне (тұқы
тұқымдастардың,жайын тұқымдастардың және басқа балықтардың күзде
Еділ Атырауына ӛрлеу), қоректенуге (ӛндірушілермен шабақтардың
уылдырық шашу мекенінен қайтуы) балықтардан құралады. Уылдырық
шашатын топтасулар кәмелетке жеткен особтардан уылдырық шашу кезінде
құралады. Мысалы, Еділ, Дон ӛзендерінде орналасқан уылдырық шашу
мекеніндегі сазанның топтасуы. Қоңдану (семіру) топтасуы азықтық
аудандарда жиналған балықтардан тұрады. Қыстау топтасуы қыстау
мекендерінде, мысалы, Еділ Атырау шұңқырларында жиналған балықтардан
тұрады. Табын (популяция)-су айдынының белгілі бір бӛлігін тұрақты
мекендейтін,бір түрдің әр түрлі жастағы балықтарының ӛзін -ӛзі қайта
ӛндіретін жергілікті топтануы. Табынның кӛбейетін, қоңданаты және
қыстайтын белгілі мекендері болады. Әр түрлі жергілікті табындардың
балықтарында кейбір морфологиялық ерекшеліктер болады. Балықтардың
түр іші аралық қарым –қатынастарының алуан түрлілігі-үйірлік мінез-
құлықта және қоректік қатынастарда кӛбеюі кезіндегі неке ойындарымен ұя
құру кезінде пайда болатын әр түрлі жыныста балықтар арасындағы
қатынасты, ұрпағын қорғайтын түрлердің шабақтарымен ата-аналарының
қатынасында және олардың абиотикалық ортаны метаболизм ӛнімдері мен
ӛзгерту арқылы бір-біріне етер ықпалында кӛрініс табады. Балықтардың түр
аралық байланысының да түрі аз емес. Әр түрдің балықтарында,ӛздері
қалыптасатын ортаның жағдайларына жақсырақ бейімделуге жәрдем
беретін,олардың ӛздеріне ғана тән ерекшеліктері пайда болады. Қоректену
аясының
айырмашылықтары-қоректік
қатынастардың
шиеленісуін
бәсеңдетеді. Үйірдің құрылуы, ӛсімталдықтың жоғарылауы, ұрпаққа
қамқорлық жасау, бездерінің у шығаруы (теңіз таутаны,немесе теңіз
алабұғасы) немесе улы уылдырық (шырмайларда,қаязда,кӛкбаста) әр түрлі
тікенектердің болуы-жаудан қорғануды жеңілдетеді. Ал жыртқыштардың
құралдары құрбанын ұстауға жәрдемдеседі. Балықтардың биотикалық
байланыстарыда алуан түрлі. Ӛсімдіктердің балықтардың ӛміріндегі маңызы
ӛте үлкен. Су айдындарының гидрохимиялық тәртібін ӛзгертудегі
ӛсімдіктердің ролі кӛпшілікке мәлім, жарықта фотосинтез процесі кезінде
кӛміртегі диоксидінің кӛміртегі сіңіріледі де оттегі ажыратылып
шығарылады, ӛсімдіктердің жаппай дамуымен ӛлуі су айдындарының
органикалық заттармен шектен тыс жүктелуінің себебі болып табылады.
Осының есебінен су айдындарында оттегімен кӛмір қышқылы мӛлшерінің
тәуліктік, маусымдық және тағы да басқа едәуір ауытқулары жұз береді.
Ӛсімдіктер, фитофильді балықтар уылдырық шашатын субстрат болып
табылады және жыртқыштардын жасырынуға қолайлы. Соның ішінде, шӛп
ортасында тұрақты мекендейтін балықтарда ӛздеріне тән дене пішімі пайда
болады, ол балықтарды осы ортада сыртқы кӛзге белгісіз етеді. Кӛпшілік
балықтар ӛсімдіктерді қорек үшін пайдаланады. Тӛменгі ӛсімдіктермен
кӛпшілік тұқы тұқымдастар( ақ дӛңмаңдай, торта, күміс мӛңке, қызыл қанат)
кейбір
цихлидтер
қоректенеді.
Жоғарғы
ӛсімдіктерді
ақ
амур,қызылқанат,мӛңке пайдаланады.Бірақ тұщы суларда балықтар үшін
зиянды ӛсімдіктерде болады. Бір ӛсімдікте 3570 данаға дейін ұсталған
планктон ағзасы болуы мұмкін. Кӛк-жасыл балдырлар уыт шығарады. Ол В
дәруменін ыдырататын ферменттің белсенділігін күшейтеді, осының
салдарынан балықтарда дәрумен тапшылығы ауруы дамиды. Осы топтағы
балдырлардың жаппай дамуы нәтижесінде су айдындарында гүлденуі
гидрохимиялық тәртіптің нашарлауына алып келеді, ал олардың шіруі ,
балықтардың улануына себеп болуы мүмкін. Кейбір саңырауқұлақтар әр
түрлі аурулардың қоздырушылары болып табылады.Сапролегия және охлия
тұқымының
кең
тараған
саңырауқұлақтары
ересек
балықтармен
уылдырықтарды зақымдайды. Бранхиомицес саңырауқұлағы желбезек шіруі
немесе бранхиоминоз ауруының қоздырушысы болып табылады.
Балықтардың тіршілік әрекеті бактериалдық флорамен тығыз байланысты.
Бактериалардың бір қатары пайдалы болады.Олардың кейбірулері
балықтардың зиянкестері болып табылатын саңырауқұлақтарды ерітуге
қабілетті, басқалары ас қорытуға қатынасады, үшіншілері балықтардың
шабақтарымен планктондық ағзаларға тікелей қорек болып саналады.
Тұқылардың қызамығын, бахтақтардың панкреанекрозын, албырттардың
фурункулезын қоздыратын бактериалармен вирустар балықтар үшін қауіпті
деп саналады. Бұл аурулар балықтардың жаппай қырылуына алып
келеді.Омыртқасыздар балықтар ӛмірінде орасан зор роль атқарады. Ең
алдымен олардың қоректік маңызы үлкен. Балықтардың дамуының алғашқы
личинкалық кезеңі кезінде сыртқы қоректенуге ӛту барысында олар
қарапайымдар және коловороткалармен қоректенеді. Бұдан кейін олардың
қоректерінің негізін шаянтәріздестер, құрттар, моллюсктер, насекомдар
(шыбын-шіркейлер) құрайды. Сонымен бірге осы топтың кейбір ӛкілдері жас
шабақтардың жауыда болуы мүмкін. Жыртқыш коловороткалар, циклоптар,
жүзгіш қоңыздар, шаяндар, қоңыздармен инеліктердің личинкалары жас
шабақтарды жейді. Омыртқасыздардың ең үлкен теріс мағынасы –бұлардың
барлық топтарында да балық ауыруларын тікелей қоздырушылар немесе олар
үшін
қатерлі
қоздырушылардың
аралық
қожайындары
кездеседі.
Хилодонеллез, ихтиофтироз, триходинноз сияқты қатерлі ауруларды
хилоденелла, ихтиофтириус, триходин инфузориялары, костиозды кости
шыбыртқысы , албырт тұқымдастардың айналмасын- миксозом спораларын
қоздырады, ал қара-теңбіл ауыруы моллюска арқылы жұғады. Сорғыштар
балықтардың желбезегінде ( дактилогирус және гиродактилюс) қан
тамырларында (сангвиникола), кӛздерінде (диплостома) паразиттік ӛмір
сүреді. Таспа құрттары гвоздичниктер және ботрицефалюс ішекте
мекендейді, ал домалақ құрт филанетра бұлшық еттерге орналасады.
Циклоптар таспа құрт ботрицеалюстің, олигохиттер гвоздичниктің тоғандық
моллюска диплостомның, ал моллюска биттиния сібір қос мұрттыларының
аралық қожайындары болып есептеледі. Балықтардың омыртқалы жануарлар
мен байланысыды әр түрлі. Қосмекенділерді жыртқыш балықтар қорекке
пайдаланады. Мысалы, жайындар бақалармен қоректенеді, ал шӛміш
бақаларды бахтақ, шортан және жыланбас балықтар сүйсіне жейді. Бақалар
судағы жыртқыш шыбын-шіркейлерді жояды, соның арқасында су
айдынындағы балықтарға үлкен пайда келтіреді. Дегенменде кӛл
бақаларымен тритондар балықтардың уылдырықтарымен жас шабақтарын
жейді, ал олардың кәсіптік мәні бар балықтарға келтірер зияны кей
жағдайларда тіпті едәуір болады. Уылдырық шашылған тоғандардағы
тритондардың ішегі балық уылдырығына толы болады. Еділ ӛзенінің
алаңдарында жас шабақтардың 2-3 ай болу кезінде, бақалар 1 га су
айдынынан 110 мың данаға дейін жас шабақты жойып жібереді, соның
ішінде кӛпшілігі, ӛндірістік құнды, тұқы, табан сияқты балықтардың
уылдырықтары болып табылады. Шӛміш балықтар жас шабақтардың
қорегіне бәсекелес боуыда мүмкін, себебі олар балық ӛсірушілік
тоғандардағы құрама жемді жақсы жейді. Бауырмен жорғалаушылардың
маңызы олардың балық жеушілік ролімен ғана шектеледі, су жыланы,
тасбақа шамалы мӛлшерде қолтырауын балықтармен қоректенеді. Суда
жүзуші құстардың балапандарын шортан, жайын сияқты ірі жыртқыштар
қорек ретінде пайдаланады. Құс базарлары орналасқан жерлерде, теңіз
жағалауының құс кӛңімен тыңайттырылуы нәтижесінде қоректік ағзалардың
биомассасы едәуір кӛтеріледі. Құс саңғырығын тыңайтқыш ретінде
қолдануды, балық ӛсіруші тоғандарда балықпен үйректерді бірге ӛсіру
назарда тұтылады. Құстар уылдырықпен жас шабақтардың жауы болып
есептелінетін шыбын-шіркейлерді жояды. Ал ӛз кезегінде, балықшы құс,
кейбір бұркіттер, гагаралар, дауылпаздар, құтандар, шағалалар, бақландар,
бірқазандар, үйректер сияқты балықпен қоректенетін құстар қоректену үшін
балықты кӛп мӛлшерде талап етеді. Мысалы, бір күн ішінде жас баклан-500 г,
ал ересек баклан- 700 г жуық балық жейді. Балықпен қоректенуші құстардың
кӛпшілігі қауіпті ауруларды тасымалдаушылар болып табылады. Майда
сүтқоректілер (мысалы, жертесер тышқандар), жайын, шортан, майқан,
таймень, хариус сияқты жыртқыш балықтарға олжа болып та кетулері
мүмкін. Сонымен бірге кӛпшілік сүтқоректілер балықпен қоректенеді,
кәмшат , қара күзен, су тышқандары , жұпар тышқан , тұлкілер , аюлар. Суда
ӛмір сүретін сұтқоректілер, ескек аяқтылар балықты кӛп пайдаланушылар
болып табылады. Уылдырықты ӛсіруге арналған тоғандарды тиімді
пайдалану үшін арал арасынан ағатын ӛзен салаларына, 2-5 метр тереңдікті
қамтушы ӛзге де орындарда, желдің кӛмегімен толқын тудыратын әлсіз
ағыстар қозғалысы аясында орналастырылған ӛте ыңғайлы. Мұндай
жерлерде су ӛте қолайлы температураларға дейін жылиды, сондықтан ӛсімдік
текті субстрат жылдам ірімейді. Бұл жағдайда балық уылдырығы жылдам
дамиды. Бұл тоғандарды терең сулы аймақтармен ӛзеннің қуатты
толқындары кӛмкеретін ортада жасақтауға болады. Cондай-ақ тоғандарды
саяз суда, қозғалыссыз ағында орналастыруға болмайды, себебі, бұл
жағдайда ӛсімдік текті субстрат іріп, онда салынған уылдырық тіршілігін
жалғастыруға мүмкіндік алмайды. Уылдырық шашуға және ӛсіруге арналған
тоғандардағы балықтардың жаппай ӛрістеу және уылдырық шашу кезеңінен
1-2 күн бұрын жасақтау қажет. Егер ерте құрастырылса, су түбіндегі субстрат
құрылысы бұзылып, су құрамы ӛзгеріске ұшырайды. Жасанды ӛрістеуші
тоғанды үнемі бақылау қажет, себебі, уақыт ӛте келе субстраттың ӛзі мен
ондағы уылдырық лайланып, уылдырық бетін сапролегния қаптады. Бұл
жағдайды болдырмас үшін әр 3-4 күн сайын тоғанды қадағалап, субстратты
абайлап сумен шайып отырады. Кей жағдайда мысалы, ГЭС жұмыс
жағдайында су мӛлшері күрт тӛмендеп, немесе су толқындарын күшейтетін
желдің үдей түсуіне байланысты тоғандардың орнын ауыстырады. Жүзбелі
ӛрістер уылдырықтан шабақтар шыққаннан 3-4 күн ӛткенге дейін суда
болады. Бұл кезеңде майшабақтарға ӛріс қалқан болып тұрады.
Уылдырықтан шыққан 3-4 күндік майшабақтар ӛрісті тастап, саяз сулы
жағалауға жол түзейді. Жүзбелі ӛрісті судан сүзіп алып, кептіріп келесі
жылға сақтап қояды. Жасанды ӛрістердің әртүрлі субстартты түрлері, әсіресе,
қарағай, шырша бұтағы фитофильді балықтың уылдырығын шашуына
ыңғайлы орын болып саналады. Бір қалыпты жүзбелі ӛрістерде тыран мен
торта балық орта есеппен 2 млн. Уылдырық салады. Сонымен қатар салынған
уылдырықтың толықтай бӛлігі ұрықтанған және келешекте қалыпты
жағдайда даму мүмкіндігіне ие болады. Инкубация кезеңіндегі уылдырық
шығынының 10-15℅ ғана түзеді. Бұл кӛрсеткіш табиғи тоғандардың
кӛрсеткіштерімен салыстырғанда тӛмен болып келеді. Соңғы жылдары
табиғи жолмен қалыптасатын балықтардың мелиорациялық жұмыстарына
қолайлы жағдай жасау қолға алынған. Бұл жұмыстар ҚР ауыл шаруашылық
Министрлігінің 2010 жылғы 26 сәуірінде бекітілген №290 бұйрығындағы
«Балық шаруашылығындағы су обьектілерінің мелиорациясы, жаңа құнды
балықтардың акклиматизациясы, су қоймалардың балықтану жұмыстарының
жүргізілуі, жануарлар интродкуциясы» ережесіне сәйкес басшылыққа алына
отырып жүзеге асырылады. Аталған іс-шараларға сәйкес табиғи жағдайдағы
балықшалардың қайта қалыптасуы үшін ӛзен түбіне қайықтың қос тісті
металл ескегінің кӛмегімен тас және уақ тасты субстрат тӛселеді.
Дәріс №15. Ерекше қорғалатын территориялар
Халық санының ӛсуіне байланысты барлық негізгі табиғи
бірлестіктердің бӛліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып
отыр. Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға
алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері кӛп: қорықтар,
қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары,
ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар – табиғатты
қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының
шамамен 1,6-2,0% -ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ
Гренландияда. Оның ауданы 7 млн. га. Қорықтар – толық қорғаудың
жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат
ресурстарын пайдалануға рұқсат берілмейді. Қазіргі заманда «қорық -
ӛзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр.
Атмосфераның ӛндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану,
олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез келген бӛлігіне міндетті
түрде әсер етеді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып,
табиғаттың ерекше обьектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі
– қорғалымдар болып табылады. Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын
категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі
міндеті - халықты рекреациялық қамтамассыз ету. Мемлекеттік табиғат
ескеркіштеріне айрақша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-
танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат обьектілері
кіреді. Оларға: ормандар, кӛлдер, жазықтар мен жағалаулардың бӛліктері,
тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар
және т.б. жатады. Табиғат ескеркіштеріне, сонымен қатар жасанды шығу тегі
бар табиғат обьектілері – ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды
және т.б. жатқызуға болады. Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ
ӛмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық
сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы
ауа райының ӛзгерулерін, астрофизиктер – жаңа жұлдыздардың пайда болу
уақытын, физиктер – жердің магнит ӛрісінің ӛзгерістерін анықтайды. Алып
ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м,
диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Оңтүстік Қазақстан облысының
территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен
неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері – үңгірлер.
Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы
үңгірлердің біріне Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан.
Соынмен, қатар «Қараүңгір», «Кӛкбұлақ», «Жылауықата» және т.б.
үңгірлерді атауға болады. Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік
қорғалымдар табиғаттың жекеленген немесе бірнеше компоненттерін сақтау,
қалпына келтіру, кӛбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру
мақстаныдағы
құрылады.
Қорғалымдар
ландшафттық,
биолгиялық,
гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |